ҰОС АРДАГЕРІ ТӘНЕШ ОРАЗОВ 95 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Облыс әкімі Қ.Көшербаев құрметті зейнеткер, соғыс және еңбек ардагері Тәнеш Оразовты мерейтойымен құттықтады.
Ұлы Отан соғысы ардагері Тәнеш Оразов 1923 ж. 23 ақпан күні Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында туған. 1941 ж. 16 желтоқсанында әскерге шақырылып, Ашхабад жаяу әскер училищесінде 6 ай оқып, лейтенант әскери шенін алып, майданға аттанады. 
«Тәнеш Оразұлы – бүгінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. 1942 жылы Сталинградты жаудан  қорғауға қатысып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Соғыстан кейінгі жылдары облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлесін қосты. Мәскеу жоғары сауда мектебін бітіріп, сауда, құрылыс саласында лауазымды қызметтерін абыроймен атқарып, нәтижелі қызметтің арқасында көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталды», - деді аймақ басшысы.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Тәнеш Оразулына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, мерейтой иесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов бастаған бір топ ардагерлер құттықтады.
Өз кезегінде, Тәнеш Оразұлы ізгі тілектер үшін ризашылығын білдіріп, елге бейбітшілік тілеп, ақ батасын берді.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика