СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесуді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Ізкенов жүргізді.
Тыңдауда Ұлттық баяндаманың: Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, ұлттық және халықаралық деңгейдегі жемқорлықтың тарау жағдайы мен үрдісі; Қазақстандағы жемқорлықтың алдын алу шаралары жөнінде; жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қазақстандық қоғамның рөлі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңның даму үрдісі мен келешегі туралы ережелері талқыланды.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика