«ӨНЕРЛІ ӨРКЕНИЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ
Алматы қаласында «Өнерлі өркениет» республикалық балалар байқауы өтті.
Үш күнге созылған дәстүрлі байқауда еліміздің әр өңірінен келген бүлдіршіндер ұлттық билерді орындап, өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, сурет салды, ән айтып, М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Байқауға Қызылорда қаласынан «Алпамыс» балабақшасының 14 бүлдіршіні қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар,қызылордалық балғындардың тәрбиешілері – Индира Боранқұлова, Гүлсезім Серікова және Есенкүл Абжалиева «Үздік ұстаз» төсбелгісі және арнайы дипломдармен марапатталды.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика