ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Жастар Отанға!» партиялық жоба аясында студент жастардың кәсіпкерлермен еркін форматта кездесуін ұйымдастырды.
Кездесуді ашқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдаудын барын айтып, Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
- «Нұр Отан» партиясының «Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей 5 институционалдық реформа, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау, кең ауқымды жекекшелендіру орта тапты нығайтуға жаңа серпін береді. Елбасы – Партия Көшбасшысы 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің үлесін ЖІӨ 50 пайызға жеткізу міндетін қойып отыр, - деді ол.  
Сондай-ақ, Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары биылғы Жолдауында да Елбасы кәсіпкерлік саласына ерекше тоқталып, шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы өнім дайындау қажеттігіне назар аударып отырғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында кәсіпкерлер жастарға өз кеңестерін беріп қана қоймай, өздерінің бизнесін қалай бастағаны туралы тарихымен бөлісті. Жаһандану заманында бизнестің жаңа түрлерімен шұғылдануға кеңес берді.
Мәселен, кәсіпкер Мұса Әбдіқалықов жастарға кәсіпкерлік істі бастап, бәсекеге лайықты бизнестің өркен жаюы үшін өзіңнің күшіңе деген сенімділік пен ерік-жігер қажет және сол бастаған істі аяғына апарып, табысқа қол жеткізу жолында барлық кедергілер мен тосқауылдарға шыдайтын сабырлық қажет екенін ескертті.
Кездесу соңында кәсіпкерлер жастардың айтқан ұсыныстары мен сауалдарын негізге ала отырып, алдағы уақытта Елбасымыздың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін қаламыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларын айтып өтіп, өз бизнестерін ашып, жаңа жобаларды іске асырамын деген жастарға қолдау көрсететіндіктерін айтты.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика