ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ
Облыс орталығындағы "Евразия" спорт кешенінде  ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймақтарынан 16 команда келді. Бүгінде 250 жас атлет 16 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасуда. Жарыстың салтатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы және ҚР ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұрәлиев келіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша сәуір айында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Әлем чемпионатына қатысатын құрама команда жасақталатын болады. Жалпыкомандалық есеп бойынша нәтиже 20 ақпан күні белгілі болады. Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша жекелей сында шеберлік байқасқан жеңімпаздар мен жүлдегелер тізімі төмендегідей:
48 келі, қыздар:
I орын Наталья Бедрик (Алматы обл.) – 148 (68+80)
II орын Айнұр Абдықалықова (Жамбыл) – 127 (58+69)
III орын Диана Абдуллаева (ШҚО) – 121 (54+67)
53 келі, қыздар:
I орын Юлия Потасова (Алматы обл.) – 155 (70+85)
II орын Диана Жүсіпбекова (Ақмола) – 142 (62+80)
III орын Мария Иванько (Қостанай) – 125 (55+70)
56 келі, ұлдар:
I орын Сайрамкез Ақмолда (Алматы обл.) – 225 (98+127)
II орын Виктор Надворный (Ақмола) – 224 (103+121)
III орын Еркебұлан Айдынұлы (Алматы обл.) – 202 (92+110)
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика