ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА  5 ЖЫЛДА 2 МИЛЛИОН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Облыста соңғы 5 жыл ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2 есеге артты. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
«Егер бізде 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асып түсті. Яғни, екі есе көп берілуде! Нәтижесінде, облыс орталығының өзінде ғана соңғы жылдары 14 жаңа шағын аудан пайда болды. Облыста 5 жыл ішінде 2 млн.шаршы метр тұрғын үй берілді», - деп хабарлады облыс әкімі халықпен кездесуінде. 
Өткен жылы облыстағы апатты тұрғын үйлер мәселесі толығымен шешілді.Тек соңғы жылдың өзінде 309 отбасы апатты үйдің орнына жаңа жайлы пәтерге ие болды.
«Соңғы 3 жылда жеке тұрғын үй құрылысы үшін 20 мыңнан аса жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілді», - деді облыс әкімі. 
Бүгін, 2018 жылдың 14 ақпан күні, Н. Бекежанов атындағы облыстық драма  театрында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті. Кездесуге ҚР Президент Әкімшілігінің өкілі Н.Тлешов,ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілі-С.Қизат,ҚР Ішкі істер министрі-Қ.Қасымов,«Нұр Отан» партиясының хатшысы- Ғ.Әбдірахымов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, 264 елді мекеннің өкілдері және саяси партиялар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
Есепті кездесудің тікелей трансляциясы «Facebook» және «Youtube» желілеріндегі «Қызылорда облысының әкімдігі» ресми парақшалары арқылы таратылды.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика