ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАДА
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қызылорда облыстық денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге облыс əкімінің орынбасары Р.Рүстемов, министрліктің аймақтық департамент басшылары, басқарма қызметкерлері, емдеу ұйымдарының бас дəрігерлері жəне дəрігерлер қатысты.
Кездесуде Елбасының "Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауда көрсетілген нақты тапсырмалар түсіндіріліп, алдағы жоспарларға тоқталды.
Вице-министр өз сөзінде, "ақпаратты біріктіру, электронды денсаулық паспорты, "қағазсыз аурухана" көшуге байланысты жұмыстарға тоқталды. Қазіргі уақытта республиканың 4 өңірінде электронды құжат айналымы енгізілген. Ал Қызылорда облысында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу көрсеткіші 95% құрап отыр.
Ляззат Мирашқызы облыстың денсаулық сақтау саласы жұмысына оң бағасын берді. Вице-министр одан əрі, облыстық медицина орталығының қабылдау бөлімінің, облыстық жедел - жəрдем жұмысымен танысты. "Нұр Отан" облыстық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізіп, тұрғындарды қабылдады.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика