АСТАНАДА «АРАЛ ДОСТАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Астана қаласында Арал өңірін жаңғыртуға бағытталған халықаралық симпозиум басталды. Симпозиум аясында «Аралдан Астанаға сәлем» атты бейнероик көрсетілді. Онда теңіздің бұрынғы күйі мен қазіргі келбеті көрініс тапқан.
Айта кетейік, симпозиум Қызылорда облысы әкімдігі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасының ұйымдастыруымен өтуде. Айтулы шараға дүниежүзілік қаржы ұйымдары мен қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ, Арал өңірі тұрғындарының проблемасынан хабардар және осы мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында мемлекеттік сектор мен халықаралық қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр.
Онда Арал теңізін бұрынғы қалпына келтіру және экологиялық мәселелерін жою, әлеуметтік-экономикалық көмекті арттыру мәселелері талқыланатын болады.  
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика