Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2018 жылға міндеттер

1.   Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін заңдастыру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасын қабылдауды қамтамасыз ету;

2.   2018 жылға арналған Халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспардың қабылдауды қамтамасыз ету;

3.   10 мыңнан кем емес жаңа жұмыс орындарын құру;

4.   2018 жылға арналған Халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары аясында 40 мыңнан жуық жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен камту;

5.   Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу;

6.   Жобалық басқару аясында 30 мыңнан кем емес бейресми жұмыспен қамтылғандарды аймақтың экономикасына тарту арқылы заңдастыру;

7.   Облыс бойынша болжамды қызметкерлер санының өзгеруіне байланысты ірі кәсіпорындарымен қызметкерлердің ағынын басқару Жол Картасын қабылдау;

8.   Халықты жұмыспен қамту орталықтарын  трансформациялау, жаңа жұмыс форматына ауыстыру;

9.   Жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде ұстап тұру;

10.  2018 жылдың 1 қаңтарынан енетін жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектің уақытылы төленуін қамтамасыз ету;

11. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуды әрі қарай жетілдіру Тұжырымдамасына сәйкес жұмыстарды жүргізу.

 


ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ  2017 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың 3 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 349,3 мың адам (3 тоқсан 2016 ж. – 343,4 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 332,5 мың адам (3 тоқсан 2016 ж. – 327,0 мың адам). Жұмыссыздар саны – 16,8 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2016 ж – 4,8 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,5% құрады (2016 ж. – 4,9 пайыз).Тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 1,0%.

2017 жылы 9875 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, жылдың қорытындысымен 13105 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 11561 - тұрақты орындар, 117%.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 32210 адам хабарласты, соның ішінен жұмыспен қамтылғаны 17034 адам (соның ішінде жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындары 3047 адам), немесе жалпы хабарласқандарға шаққандағы үлесі 52,9%.

Нысаналы топтарға жататын 922 адамның (соның ішінде: мүгедектер –694, жазасын өтеп келгендер – 226, оралмандар - 2) 482-і немесе 52,3% жұмыспен қамтылды (соның ішінде: мүгедектер - 343, жазасын өтеп келгендер -137, оралман -2).

Облыста 114 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1283 жұмыс беруші 5169 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 7981-ден астам жұмыс іздеушілер қатысып, оның 7071-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

 «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 2017 жылға 4,1  млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 30155 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар - 92,2% (27810 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары –3,3% (1002 адам), студенттерт - 4,5% (1341 адам). Жалпы хабарласқандардың 13499-ы жастар (44,8%).

Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға  –  1515 адам жолданды (жоспар 1515 адам).

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 3625 адам жолданды  (жоспар 3518 адам)

Сонымен қатар, біздің облыста республикада бірінші болып тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту  және бизнеспен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмысберушілердің оқу орталықтарында азаматтарды оқыту оларға әрі қарай жұмысқа орналасуға кепілдік беру мүмкіндігімен,  жаңаша оқыту басталды.

2017 жылы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының іріктелген тізілімінде 6  кәсіпорындармен 8 оқу орталықтары енгізіліп, олардың базасында қызмет көрсету саласының мамандары даярлануда, 954 адам, аспаз, кондитер, тігінші, шаштараз, визажист мамандықтары бойынша жолданды, бүгінгі күнге 954–і оқуды аяқтап, 685–сі оқытылуда.

Жалпы қысқа мерзімдік оқу курстарын 3486 адам аяқтап, 759-сы жұмыспен қамтылды. 

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жүргізілді. Оқуға 1011 адам жолданып, 949 адам оқуды аяқтап, 872–сі сертификат алып, оның 10-ы тұрақты жұмысқа орналасты, 249–ы шағын несие алған.

Жалпы шағын несие 556 адамға 2,0 млрд.теңге көлемінде берілді, соның ішінде: республикалық бюджеттен 2017 жылғы қаржы есебінен – 437 адам, қайтарылған қаржы есебінен – 119 адам.

Шағын несие «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры»  АҚ және Агрокредиттік корпорация АҚ арқылы берілді. Қосымша 635 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Халықты жұмыспен қамту шараларымен 23 357 адам қамтылды, соның ішінде 13 987 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 729 адамды жолдау жоспарланса, нақты 337 мекеме, кәсіпорындарға 1231 адам жолданды, соның ішінде мерзімі аяқталған 1231 адамның 537-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Орташа жалақысы - айына 65,0 мың теңге. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне 1483 адамды жолдау жоспарланса, нақты 694 мекеме, кәсіпорындарға 1763 адам жолданды, соның ішінде мерзімі аяқталған 1763 жастардың 253–і тұрақты жұмысқа орналасты. Орташа жалақысы айына 56,7 мың теңге. Соның ішінде жергілікті бюджет есебінен жастар тәжірибесіне 40 адам жолданды (жоспар 20 адам), мерзімі аяқталғандардың 7-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Қоғамдық жұмыстармен 6323 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), 729-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында солтүстік өңірлерге 32 отбасы құрамында 132 адамымен қоныс аударды (еңбекке жарамды 64 адам).

2017 жылы облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі Кешенді жоспар қабылданды.

Есепті кезеңге мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 37486 адам қамтылды (жоспар 32884 адам), соның ішінде:

- мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай  жұмысқа орналасқандар – 11761 адам (жоспар 11387 адам), 103,3%;

- жаңа жобаларда 7320 адам жұмысқа орналасты (жоспар 6650 адам) 110% орындалды (Нұрлы жол – 207 адам, ҮИДБ -225, Агробизнес 2020 -283 адам, БЖК 2020 – 255 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 15 адам, аумақтарды дамыту бағдарламасы – 4780 адам, басқа да бағдарламалар  бойынша – 847 адам, жеке бастамалар бойынша – 708  адам);

-әлеуметтік жұмыс орындарына 1244 адам орналасты (жоспар – 562 жергілікті бюджетті қоса есептегенде);

-жастар тәжірибесіне 1803 адам жолданды (жоспар – 925 жергілікті бюджетті қоса есептегенде);

- қоғамдық жұмыстармен 6323 жұмыссыздар қамтылды (жоспар – 5806);

- кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына 6151 адам жолданды (жоспар – 5033 адам) кәсіптік оқу – 1515 адам, қысқа мерзімдік – 3625 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары – 1011 адам;

- шағын несие берілгендер – 556 адам;

-өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2594 адам (жоспар – 3279 адам);

Қысқарту жөнінде. Ағымдағы жылдың мамыр айында облысымыздағы 18 ірі және орта кәсіпорындармен облыс әкімдігі «Жұмыстан қысқартылатын азаматтардың қайта даярлануын және басқа салаларға жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету Жол картасы» қабылданған болатын.

Сонымен қатар, облыс көлемінде орналасқан барлық жұмыс атқарып тұрған кәсіпорын мен шаруашылық субъектілерінің жұмыс берушілері және кәсіподағымен немесе жұмысшылардың өкілдерімен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын-алу және штат санын қысқартпау, жұмыс орнын сақтау мақсатында тиісті  жұмыстар жүргізілуде.

Сондай ақ, «Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін  заңдастыру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы» 

Жыл басынан 545 адам 26 мекеме, кәсіпорындардан жұмыстан қысқартылды, соның ішінде Байқоныр қаласы бойынша 306 адам. Жалпы қысқартылғандардың ішінен 28 адам жұмыспен қамтылды, 83 адам  жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген, олардың  13-не жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төленуде, 32 отбасы құрамында 132 адамы бар солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

Сонымен қатар, ақысыз еңбек демалыста - 30 адам, жұмыстың уақытша тоқтауына байланысты 14 адам, толық емес жұмыс уақытымен қамтылған - 6 адам, өз еркімен жұмыстан босаған- 948 адам.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ

ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарына 29272 мүгедектер, оның ішінде  I топтағы - 2830, II топтағы - 11130, III топтағы - 10437, 18 жасқа дейінгі - 4875 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 860 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1299 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2018 жылдың 1 қаңтарына 13472 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 16986 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2018 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 631 мүгедек, оның ішінде 343 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 41 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 38 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 209 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

 

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджеттен 69525 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1645,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 17,2 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 574 адамға (138 отбасы) 17,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 330 адамға азайған, төленген қаражат көлемі 1,2 млн. теңгеге азайды.

Тұрғын үй көмегі: 2017 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 388,1 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 8979 отбасына 388,0 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 295 отбасына көбейді, төленген қаражат көлемі 35,1 млн. теңгеге көбейді.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1240,3 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 59972 балаға (18262 отбасы) 1240,2 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны 1666 балаға азайды, төленген қаражат көлемі 104,1 млн. теңгеге көбейді.

 

«ӨРЛЕУ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге нақтыланған бюджетте 159,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 100,1 млн.теңге қаралған.

Есепті кезеңге 5165 адамға (877 отбасы) 180,2 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 5165 адамға 150,9 млн. теңгеге көмек төленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5815 теңгені құрады.

Шартты ақшалай көмек алып отырғандардың 64,5%-ын 18 жасқа дейінгі балалар, 0,3% зейнеткерлер, 0,7% барлық топтағы мүгедектер,  2,6% күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер, 9,4% бала күтімімен отырғандар, 22,5% еңбекке жарамды жастарғылар құрайды.

Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 1167 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 671 адам тұрақты жұмысқа, 304 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 7 адам жастар тәжірбиесінен өтеуге, 5 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 55 адам қайта даярдау курстарына жіберілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде пилоттық жобаға қатысқан аз қамтылған отбасылардың жан басына шаққандағы табыстары пилоттық жобаға қатысуға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2,1 есеге өсті.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2017 жылға облыстық бюджеттен 42,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 908 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 34,1 млн. теңгеге 46864 түскі ыстық тамақпен қамтылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2018 жылдың 1 қаңтарына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 34597 адамға 1242,8 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 5882 адамға 410,3 млн.теңгеге;

- Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған азаматтарға, Совет Армиясының мүгедектеріне, Вьетнам соғысының мүгедегіне, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған 1516 адамға 103,3 млн.теңгеге;

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 48 азаматқа 2,1 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1487 адамға қосымша тамақтануға 183,9 млн. теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 35 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 6,2 млн. теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 1064 мүгедек балаларға 52,4 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 12 отбасына 3,1 млн.теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 171 адамға 1,2 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді;

- Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде білім алатын халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 552 студентке білім беру қызметіне ақы төлеу үшін 264,0 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

-ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ветеринария салаларының  23830 мамандарына отын сатып алуға 216,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

ОРАЛМАНДАР

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 24 отбасы/құрамында 47 адам, Өзбекстан Республикасынан – 18 отбасы/38 адам, Қытай Халық Республикасынан – 5 отбасы/8 адам, Монғолиядан 1 адам қоныс аударған. Олардың еңбекке жарамды  жастағысы-31 (соның ішінде мүгедек - 1 адам), білімі бойынша жоғары - 6 (құрылысшы, технолог, 2 аудармашы, мұғалім), арнаулы орта - 13, жалпы орта -12, мектеп жасындағылар - 8, мектепке дейінгі - 8 бала. Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелген - 2 оралман, жұмысқа орналасқаны - 2.

     

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

Есептік кезеңге, 2018 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 224 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 153 (68%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 71 (32%)жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 139 (62%) адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 27 (12%) адам - қоғамдық жұмысқа жолданған, 7 (3,1%)  адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 44 (19,6%) адам кәсіби оқыту және қайта даярлауға жіберілсе, 1 адам несие алды (Қармақшы ауданы-1), жастар тәжірибесіне 1 адам жіберілді.

 

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Қызылорда облысына экономикалық қызмет түрлері бойынша 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 1337 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 36 бірлік,  2-ші санат бойынша 361, 3-ші санат бойынша 858, 4-санат бойынша 82 бірлік.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 246 бұйрығына сәйкес,

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста «Қуаттылығы жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент зауыты» жобасын іске асыру мақсатында 2016 жылмен салыстырғанда квота 795 бірлікке көбейді.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 22 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6161 адамды құрайды.

2017 жылы «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мелекеттік қызмет көрсетулер бойынша шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға заңды тұлғалардан 151 өтініш түсіп 677 бірлік рұқсат берілген, 246,3 млн теңге көлемінде салық алымы төленген. 

Есепті кезеңге рұқсатпен 652 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 22 адам, 2-санат бойынша - 218 адам, 3-санат бойынша – 412 адам.

 


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

 

2017 жылдың III тоқсанына атқарылған жұмыс есебі

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша  2017 жылдың 2 тоқсанына  жұмыс күшінің саны – 348,0 мың адам (2016 ж. 2 тоқ.– 340,7 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 331,2 мың адам (2016 ж. 2 тоқ. – 323,7 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2016 ж. - 5,0%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,2% құрады (2016 ж. – 5,0%).

2017 жылы 9875 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,   ағымдағы жылдың 1 қазанына 10997 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 9587 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 22543 адам хабарласты, соның ішінен 10767 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 47,8%) жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жататын 745 адамның (мүгедектер –561, жазасын өтеп келгендер – 182, оралмандар - 2) 305-і (40,9%) жұмыспен қамтылды (мүгедектер - 202, жазасын өтеп келгендер - 101, оралман -2).

Облыста 91 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп,  944 жұмыс беруші 4069 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 6392-ден астам жұмыс іздеушілер қатысып, оның 5734-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

Қызылорда облысына 2017 жылға «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 4,1 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 23541 адам енгізіліп (жұмыссыздар – 96,5% (19689 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 3,4% (811 адам). Жалпы хабарласқандардың 9382-і жастар (39,9%).

Бірінші бағыт Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – 1515 адамды оқыту (жоспар);

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 3518 адамды оқыту (жоспар 1335 адам, қосымша 2183 адам) .

Қысқа мерзімдік оқу курстарына 2136 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.

Сонымен қатар, біздің облыста республикада бірінші болып тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту  және бизнеспен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмысберушілердің оқу орталықтарында  азаматтарды оқыту оларға әрі қарай жұмысқа орналасуға кепілдік беру мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің ұсынысын қолдап,  жаңаша оқыту басталды.

Бүгінгі күнге Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының іріктелген тізілімінде  6  кәсіпорындармен 8 оқу орталықтары енгізіліп, олардың базасында қызмет көрсету саласының мамандары даярлануда, 584 адам аспаз, кондитер, тігінші, шашатараз, визажист мамандықтары бойынша оқытылуда.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 6 топ бойынша курстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге оқуға 832 адам жолданып, 618 адам оқуды аяқтады. Оның ішінде жобалар қорғап сертификат алғаны 578 адам, оның 183-і шағын несие алған).

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 487 адамға шағын несие беру үшін 2,3 млрд. теңге қаралды (Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 293,9 млн. теңге таратылады. Несие алушылар 18,0 млн. теңгеге дейін алуға қол жеткізетін болады). Сырдария ауданында шағын несие 11 адамға 48,5 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы филиалы арқылы берілді.

Ауылдық жерде шағын несие 401 адамға 1659,6 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ және Агрокредиттік корпорация АҚ арқылы берілді. Қосымша 222 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Қалалық жерлерде несие беру мәселесі бойынша екінші деңгейлі банктермен келісім алынып, қаржыларды отырғызу жұмыстары жүргізілуде («Халық банкі АҚ», «Банк Центр Кредит»АҚ, «АТФ банкі» АҚ).

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Халықты жұмыспен қамту шараларымен 16246 адам қамтылды, соның ішінде 8827 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 247 мекеме, кәсіпорындарға  726 адам жолданды (жергілікті бюджет аясында 13 адам) (жоспар - 505), оның ішінде мерзімі аяқталған 210 адамның 67-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Орташа жалақысы айына 65,0 мың теңге.

Жастар тәжірибесіне 582 мекеме, кәсіпорындарға 1214 адам жолданды (жоспар – 905), соның ішінде мерзімі аяқталған 648 жастардың 143–і тұрақты жұмысқа орналасты. Жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 26 адам жолданды (жоспар - 20), оның ішінде 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Орташа жалақысы айына 56,7 мың теңге.

Қоғамдық жұмыстармен 5479 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), мерзімі аяқталған 3575 адамның 272-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында шілде-тамыз айларында облысқа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өкілдері шақырылып, халықпен кездесулер мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып 1633 бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде солтүстік өңірлерге 357 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді, нақты коңыс аударғаны 32 отбасы (132 адам).

2017 жылы облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі Кешенді жоспар қабылданды. Жоспар аясында 32884 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды тартылатын болады.

Есепті кезеңге Жоспар аясында 26915 адам қамтылып (81,8 пайыз), соның ішінде:

- мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай – 7775 адам жұмысқа орналасты (жоспар - 11387 адам);

- жаңа жобаларда – 6222 адам жұмысқа орналасты (жоспар - 6650 адам) (Нұрлы жол – 134 адам, ҮИДБ – 193 адам, Агробизнес 2020 - 210 адам, БЖК 2020 – 161 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 15 адам, аумақтарды дамыту бағдарламасы – 3671 адам, басқа да бағдарламалар бойынша – 835 адам, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту -  295, жеке бастамалар бойынша – 708 адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 726 адам орналасты (жоспар – 562 республикалық бюджетпен жергілікті бюджетті қоса есептегенде);

- жастар тәжірибесіне - 1214 адам жолданды (жоспар – 925, республикалық бюджетпен жергілікті бюджетті қоса есептегенде);

- қоғамдық жұмыстармен – 5479 жұмыссыздар қамтылды (жоспар – 5806);

- кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына – 2443 адам жолданды (жоспар – 4185), кәсіптік оқу – 307 адам (жоспар – 1515 адам), қысқа мерзімдік оқу – 2136 адам;

- шағын несие алғандар – 401 адам;

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 1823 адам (жоспар – 3279).

 

Қысқарту жөнінде. Ағымдағы жылдың мамыр айында облысымыздағы 18 ірі және орта кәсіпорындармен облыс әкімдігі «Жұмыстан қысқартылатын азаматтардың қайта даярлануын және басқа салаларға жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету Жол картасы» қабылданған.

Сонымен қатар, облыс көлемінде орналасқан барлық жұмыс атқарып тұрған кәсіпорын мен шаруашылық субъектілерінің жұмыс берушілері және кәсіподағымен немесе жұмысшылардың өкілдерімен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын-алу және штат санын қысқартпау, жұмыс орнын сақтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан 271 адам 21 мекеме, кәсіпорындардан жұмыстан қысқартылды, оның ішінде Байқоңыр қаласы бойынша 228 адам. Жалпы қысқартылғандардың ішінен 13 адам жұмыспен қамтылды, 83 адам  жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген, олардың  13-не жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төленуде, 32 отбасы құрамында 132 адамы бар солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

Сонымен қатар, 54 адам ақысыз еңбек демалыста, 14 адам жұмыстың тоқтауына байланысты ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сай уақытша жұмыспен қамтылмаған, 2 адам толық емес жұмыс уақытымен қамтылған, 536 адам өз еркімен жұмыстан босаған.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанына жергілікті бюджеттен 64028 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1236,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 538 адамға (129 отбасы) 13,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 257 адамға азайды.

Тұрғын үй көмегі: 2017 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7517 отбасына 290,3 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 398 отбасына азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджетте     18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 55973 балаға (17196 отбасы) 933,4 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны 1083 балаға азайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 қазанына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9591 адамға 677,3 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары        6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 5883 адамға 410,3 млн.теңгеге;

- Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған азаматтарға, Совет Армиясының мүгедектеріне, Вьетнам соғысының мүгедегіне, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған 1515 адамға 103,2 млн.теңгеге;

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 48 азаматқа 1,7 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1129 адамға қосымша тамақтануға 128,4 млн. теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 30 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 4,2 млн. теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 877 мүгедек балаларға 26,6 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 10 отбасына 2,2 млн.теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 99 адамға 0,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2017 жылға облыстық бюджеттен 42,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 23,1 млн. теңгеге 36225 түскі ыстық тамақпен қамтылды.

Қайырымдылық акциялар

Көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз тобын қайырымдылық көмекпен және әлеуметтік қолдауға бағытталған қайырымдылық шаралар аясында жыл басынан 16729 отбасына 125,5 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Оның ішінде:

«Наурыз мерейі» қайырымдылық акциясы аясында 4328 адамға  20,5 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Атап айтқанда,

- «Петро Қазақстан» АҚ ұйымдастыруымен 200 адамға 4,8 млн. теңгеге азық-түліктей;

- «Байқоңыр» ӘКҚ ҰҚ ұйымдастыруымен 4 адамға 32,0 мың теңгеге азық-түліктей көмектер көрсетілді.

- «Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорымен 50 адамға 174,0 мың теңгеге қайырымдылық ас берілді.

9-мамыр  Жеңіс күні мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне бюджеттен тыс қаражат есебінен 415 адамға 12,6 млн. теңгеге көмектер көрсетілді. Атап айтқанда:

«Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен 100 тыл ардагерлеріне Астана мейрамханасында 1,3 млн. теңгеге мерекелік іс-шара өткізілді.

Шиелі ауданында 3 ҰОС-ның ардагеріне «Ру-6» ЖШС-і 150,0 мың теңге, «ГРЭ-23 Волков Геология» ЖШС-і 150,0 мың теңгеге, «Уран Энерго» ЖШС-і 60,0 мың теңгегеқаржылай көмек көрсетті.

Жаңақорған ауданында 8 ҰОС-ның ардагеріне «Қызылқұм» ЖШС-і 400,0 мың теңгеге, «СКЗ-U» ЖШС-і 400,0 мың теңгеге, «БАЙКЕН-U» ЖШС-і  400,0 мың теңгеге қаржылай көмек көрсетті.

1-маусым Балаларды қорғау күніне орай:

- «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-мы «Арай Санрайс» жазғы тынығу лагеріне 20 балаға 1200,0 мың теңгеге,

- «Арал Мұнай» ЖШС-і «Талдысу» тынығу лагеріне 20 балаға 500,0 мың теңгеге тегін жолдама берді.

«Астана» күні қарсаңында «Қызылорда Игілігі» корпоративтік қоры 70 отбасыға 3,0 млн. теңгеге жуық қайырымдылық көмектер көрсетті. Оның ішінде:

- 60 аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына 1,2 млн. теңгеге азық-түліктей көмек.

- өрттің салдарынан өмірдің қиын жағдайына душар болған Құрманбаева Сандуғаштың отбасына 200,0 мың теңге;

- әлеуметтік тұрмыстық жағдайының ауырылығына байланысты студент балаларының оқу ақысын төлеуге 6 отбасына 976,0 мың теңге;

- үш бірдей мүгедек баласын Астана, Алматы қалаларына апарып емдетуге Қ.Әбетоваға 300,0 мың теңге;

- мүгедек қызын «Қанат» сауықтыру орталығында емдетуге Ж.Аязбайға 270,0 мың теңге;

- 3-топ мүгедегі Б. Сүйінбаеваға Алматы қаласына барып емделуіне 30,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акция бойынша:

Акция аясында 11876 балаға бюджеттен тыс қаражат көздерінен 87,7 млн.теңгеге көмек көрсетілді. Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған 30 үшем және егіз балаларға «Қызылорда Игілігі» корпоративтік қорынан, 50 балаға «Сыр мейірімі» әлеуметтік қоғамдық қорынан мектеп формалары, аяқ-киім, спорттық киімдер мен қажетті оқу құралдары алынып берілді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге бюджеттен 141,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 86,9 млн.теңге қаралған.

Есепті кезеңге 3616 адамға (613 отбасы) 124,9 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 3555 адамға (603 отбасы) 103,3 млн. теңгеге көмек төленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5755 теңгені құрады.

Шартты ақшалай көмек алып отырғандардың 65,1%-ын 18 жасқа дейінгі балалар, 0,3% зейнеткерлер, 0,8% барлық топтағы мүгедектер, 2,3% күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер, 9,6% бала күтімімен отырғандар, 21,9% еңбекке жарамды жастарғылар құрайды.

Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 715 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 415 адам тұрақты жұмысқа, 280 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 6 адам жастар тәжірбиесінен өтеуге, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 13 адам қайта даярдау курстарына жіберілді.

 

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ

ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

         Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 қазанына 27870 мүгедектер, оның ішінде  I топтағы - 2735, II топтағы - 10705, III топтағы - 9858, 18 жасқа дейінгі - 4572 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 839 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1328 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2017 жылдың 1 қазанына 9203 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 11801 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2017 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 424 мүгедек, оның ішінде 202 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 28 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 28 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 166 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

 

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Қызылорда облысына экономикалық қызмет түрлері бойынша 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 1337 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 36 бірлік,  2-ші санат бойынша 361, 3-ші санат бойынша 858, 4-санат бойынша 82 бірлік.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 246 бұйрығына сәйкес,

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста «Қуаттылығы жылына 1 млн.тонна тампонажды цемент зауыты» жобасын іске асыру мақсатында 2016 жылмен салыстырғанда квота 795 бірлікке көбейді.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 23 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6314 адамды құрайды.

2017 жылдың 9 айында «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мелекеттік қызмет көрсетулер бойынша шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға заңды тұлғалардан 109 өтініш түсіп      358 бірлік рұқсат берілген, 163,0 млн теңге көлемінде салық алымы төленген. 

 Есепті кезеңге рұқсатпен 416 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 21 адам, 2-санат бойынша - 101 адам, 3-санат бойынша –294 адам.

        

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

Есептік кезеңге, 2017 жылдың 1 қазанына облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 182 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 118 (65%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 64 (35,1%)жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 101  (55,4%) адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 24 (13,1%) адам - қоғамдық жұмысқа жолданған, 6 (3,2%) адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 28 (15,3%) адам кәсіби оқыту және қайта даярлауға жіберілсе, 1 (0,5%) адам (Қармақшы ауданынан) несие алушы, жастар тәжірибесіне 1 (0,5%) адам жіберілген.

ОРАЛМАНДАР

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша  2017 жылдың 1 қазанына облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 18 отбасы/құрамында 35 адам, Өзбекстан Республикасынан – 13 отбасы/27 адам, Қытай Халық Республикасынан – 4 отбасы/7 адам, Монғолиядан 1 адам қоныс аударған. Олардың еңбекке жарамды  жастағысы-24 (соның ішінде мүгедек-1 адам), білімі бойынша жоғары - 4 (құрылысшы, технолог, 2-аудармашы), арнаулы орта-9, жалпы орта - 11, мектеп жасындағылар-7, мектепке дейінгі-5 бала.

Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелген - 2 оралман, жұмысқа орналасқаны - 2.       


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2017 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың есебі

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына  жұмыс күшінің саны – 331,4 мың адам (2016 ж.– 330,8 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 315,5 мың адам (2016 ж. – 314,4 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2016 ж. - 5,0%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 3,2% құрады (2016 ж. – 5,1%).

2017 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 7017 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 6169 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 15799 адам хабарласты, соның ішінен 7315 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 46,3%) жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жататын 510 адамның (мүгедектер –367, жазасын өтеп келгендер – 141, оралмандар - 2) 172-і (33,7%) жұмыспен қамтылды (мүгедектер - 105, жазасын өтеп келгендер - 65, оралман -2).

Облыста 63 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 682 жұмыс беруші 2687 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 4048-ден астам жұмыс іздеушілер қатысып, оның 4200-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

 

Қызылорда облысына 2017 жылға «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 4,1 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 7067 адам енгізіліп (жұмыссыздар - 97,2% (6868 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 2,8% (199 адам). Жалпы хабарласқандардың 2853-і жастар (40,4%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5835 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 5631 адам.

Бірінші бағыт Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – 1515 адамды оқыту (жоспар);

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1315 адамды оқыту (жоспар).

Қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді. Қысқа мерзімдік оқу курстарына 1044 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 6 топ бойынша курстар жүргізілетін болады. Бүгінгі күнге оқуға 468 адам жолданып, 367 адам оқуды аяқтады).

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 487 адамға шағын несие беру үшін 2,3 млрд. теңге қаралды (Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 293,9 млн. теңге таратылады. Несие алушылар 18,0 млн. теңгеге дейін алуға қол жеткізетін болады). Сырдария ауданында шағын несие 11 адамға 48,5 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы филиалы арқылы берілді.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы

1) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу – 1410 адамды жастар тәжірибесімен, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3)  жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 184 мекеме, кәсіпорындарға 577 адам жолданды (жоспар - 505), оның ішінде 51 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар тәжірибесіне 467 мекеме, кәсіпорындарға 886 адам жолданды (жоспар – 905), соның ішінде 49–ы тұрақты жұмысқа орналасты. Жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 26 адам жолданды (жоспар - 20), оның ішінде 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам жолданды.

Қоғамдық жұмыстармен 3662 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), 114-і мерзімін аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды.

2017 жылы облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі Кешенді жоспар қабылданды. Жоспар аясында 32884 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды тартылатын болады.

Есепті кезеңге Жоспар аясында 16914 адам қамтылып, соның ішінде:

  • бос жұмыс орындарына – 5603 адам жұмысқа орналасты (жоспар - 11387 адам);
  • жаңа жобаларда – 4024 адам жұмысқа орналасты (жоспар - 6650 адам) (Нұрлы жол – 57 адам, ҮИДБ – 51 адам, Агробизнес 2020 - 88 адам, БЖК 2020 – 111 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 5 адам, аумақтарды дамыту бағдарламасы – 2391 адам, басқа да бағдарламалар бойынша – 418 адам, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту -  295, жеке бастамалар бойынша – 608 адам);
  • әлеуметтік жұмыс орындарына – 590 адам орналасты (жоспар – 562 республикалық бюджетпен жергілікті бюджетті қоса есептегенде);
  • жастар тәжірибесіне - 912 адам жолданды (жоспар – 925, республикалық бюджетпен жергілікті бюджетті қоса есептегенде);
  • қоғамдық жұмыстармен – 3662 жұмыссыздар қамтылды (жоспар – 5806);
  • кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына – 1419 адам жолданды (жоспар – 3788);
  • өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 704 адам (жоспар – 3279).

Қысқарту жөнінде. Жыл басынан 234 адам 11 мекеме, кәсіпорындардан жұмыстан қысқартылды. 40 адам ақысыз еңбек демалыста, 212 толық емес жұмыс уақытымен қамтылған, 269 адам өз еркімен жұмыстан босатылған.

 

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне жергілікті бюджеттен 59017 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 876,7 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 422 адамға (101 отбасы) 8,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 244 адамға азайды.

Тұрғын үй көмегі: 2017 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7169 отбасына 239,9 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 598 отбасына азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 51426 балаға (16101 отбасы) 628,7 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны 1983 балаға азайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8842 адамға 577,4 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 5878 адамға 401,2 млн.теңгеге;

- Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған азаматтарға, Совет Армиясының мүгедектеріне, Вьетнам соғысының мүгедегіне, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған 1041 адамға 70,9 млн.теңгеге;

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 48 азаматқа 1,2 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 971 адамға қосымша тамақтануға 83,4 млн. теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 30 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 2,7 млн. теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 869 мүгедек балаларға 16,3 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 1,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2017 жылға облыстық бюджеттен 42,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 7,9 млн. теңгеге 11925 түскі ыстық тамақпен қамтылды.

 

Қайырымдылық акциялар

Облыс бойынша ағымдағы жылдың 10-22 наурыз аралығында «Наурыз мерейі» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында 4328 адамға 20,5 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сыр мейірімі» қоғамдық қоры арқылы аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі 20 балаға «Арай санрайз» тынығу лагеріне жолдама берілді.

Сонымен қатар, аз қамтылған 25 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді.

Басқарманың ұйымдастыруымен «Арал-Мұнай» компаниясы демушілігімен аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан 20 балаға жазғы демалыс орнында тынығып қайтуға жолдама берілді. Балалар Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» үстіміздегі жылдың 28 маусымы мен 7 шілде аралығында демалып қайтты.

 

«Өрлеу» пилоттық жобасы

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге бюджеттен 145,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 86,3 млн.теңге қаралған.

Есепті кезеңге 2623 адамға (445 отбасы) 89,1 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 2515 адамға (429 отбасы) 54,6 млн. теңгеге көмек төленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5663 теңгені құрады.

Шартты ақшалай көмек алып отырғандардың 65%-ын 18 жасқа дейінгі балалар, 0,2% зейнеткерлер, 0,8% барлық топтағы мүгедектер, 2,5% күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер, 10,0% бала күтімімен отырғандар, 21,5% еңбекке жарамды жастарғылар құрайды.

Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 519 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 277 адам тұрақты жұмысқа, 234 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 5 адам жастар тәжірбиесінен өтеуге, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 2 адам қайта даярдау курстарына жіберілді.

 

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ

ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесіне 28722 мүгедектер, оның ішінде  I топтағы - 2811, II топтағы - 11101, III топтағы - 10130, 18 жасқа дейінгі - 4680 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 839 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1339 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2017 жылдың 1 шілдесіне 6022 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 8621 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2017 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту орталықтары арқылы  282 мүгедек, оның ішінде 105 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды,  20 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 26 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 131 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

 

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Қызылорда облысына 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға  559 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 39 бірлік,  2-ші санат бойынша 154, 3-ші санат бойынша 364, 4-санат бойынша 2 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

Өткен 2016 жылмен салыстырғанда квота 17 бірлікке артқан.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 24 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6719 адамды құрайды.

2017 жылдың 6 айында «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мелекеттік қызмет көрсетулер бойынша шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға заңды тұлғалардан 63 өтініш түсіп 99 бірлік рұқсат берілген, 42,5 млн теңге көлемінде салық алымы төленген. 

Есепті кезеңге рұқсатпен 209 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 17 адам, 2-санат бойынша - 70 адам, 3-санат бойынша – 122 адам.

 

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

Есептік кезеңге облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 141 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 86 адам (61%) пробация қызметінің есебіндегілер, 55 адам (39%)жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 77 адам (55%) адам тұрақты жұмысқа орналасса, 21 адам (15%) - қоғамдық жұмысқа жолданған, 3 адам (2,1%) – әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 адам (10%) – кәсіби оқыту және қайта даярлауға жіберілген.

ОРАЛМАНДАР

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 7 отбасы/құрамында 15 адам (о.і. Өзбекстан Республикасынан 6 отбасы/12 адам, Қытай Халық Республикасынан 1 отбасы/3 адам қоныс аударған). Оларға оралман мәртебесі берілді. Келген оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына - 14, Жаңақорған ауданына - 1 адам тіркелген. Олардың 11 - еңбекке жарамды жасындағылар, білімі бойынша 1 – жоғары (химик-технолог), 3- арнаулы орта, 7 – жалпы орта, мектепке дейінгі жастағы – 1 бала. Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелгені - 2 оралман, 2 – жұмыспен қамтылған.


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2017 жылдың I тоқсанына атқарылған есебі

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың 4 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 345,3 мың адам (2015 ж. 4 тоқсан – 317,4 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 328,8 мың адам (2015 ж. 4 тоқсан – 301,2 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2015 ж. - 5,0%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) – 3,4% құрады (2015 ж. – 6,1%).

2017 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне  2526 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 2445 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 9165 адам хабарласты, соның ішінен 4281 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 46,7%) жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жататын 241 адамның (мүгедектер –173, жазасын өтеп келгендер –66, оралмандар - 2) 87- і (36,1%) жұмыспен қамтылды (мүгедектер - 55, жазасын өтеп келгендер -30, оралман -2).

Облыста 24 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 215 жұмыс беруші 932 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1813-тен астам жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1089-на жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

Қызылорда облысына 2017 жылға «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 3,7  млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 3308 адам енгізіліп (жұмыссыздар - 99,8% (3301 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 0,2% (7 адам). Жалпы хабарласқандардың 1485-і жастар (45%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3344 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 3302 адам.

Бірінші бағыт Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – 1515 адамды оқыту (жоспар);

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1315 адамды оқыту (жоспар).

Қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді.  Оқу курстары 10 сәуірден басталатын болады.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында сәуір айынан бастап тестілеу жүргізіліп, оқу курстары басталатын болады).

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 487 адамға шағын несие беру үшін 2,2 млрд. теңге қаралды (Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 210 млн. теңге таратылады. Несие алушылар 18,0 млн. теңгеге дейін алуға қол жеткізетін болады).

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы

1) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу – 1410 адамды жастар тәжірибесімен, әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3)  жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 505 адамды жолдау жоспарланса, нақты 157 мекеме, кәсіпорындарға  468  адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне 905 адамды жолдау жоспарланса, нақты 361 мекеме, кәсіпорындарға 567 адам жолданды, соның ішінде 13–і тұрақты жұмыс орналасты. Жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 14 адам 10 мекеме, кәсіпорындарға жолданды (жоспар - 20 адам).

Қоғамдық жұмыстармен 2079 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), 172–і  жұмыс мерзімін аяқтап, 18-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

2017 жылы облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі Кешенді жоспар қабылданды. Жоспар аясында 32884 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды тартылатын болады.

Есепті кезеңге Жоспар аясында 3500 адам қамтылып, соның ішінде:

  • әлеуметтік жұмыс орындарына 468 адам жолданды (жоспар - 505 адам);
  • жастар тәжірибесіне 581 адам жолданды (жоспар - 925 адам), соның ішінде жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 14 адам (жоспар 20 адам);

- қоғамдық жұмыстарға 2079 жұмыссыздар жолданды (жоспар 5806 адам).

Қысқарту жөнінде. Жыл басынан 222 адам 5 мекеме, кәсіпорындардан жұмыстан қысқартылды. 594 адам ақысыз еңбек демалыста, 308 толық емес жұмыс уақытымен қамтылған, 64 адам өз еркімен жұмыстан босатылған.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 сәуіріне жергілікті бюджеттен 51318 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 475,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 389 адамға 4,6 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 140 адамға азайды.

Тұрғын үй көмегі: 2017 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 6921 отбасына 174,0 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 286 отбасына азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 44008 балаға 297,1 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны 14253 балаға азайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 сәуіріне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1725 адамға 56,6 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 41 азаматқа 0,6 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 786 адамға қосымша тамақтануға 37,9 млн. теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 27 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 1,1 млн. теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 869 мүгедек балаларға 16,3 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 2 отбасына 0,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі "Сыр мейірімі" жобасы аясында күнделікті 225 адамға 5,0 млн.теңгеге 7425 түскі ас берілді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге бюджеттен 145,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 86,3 млн.теңге қаралған.

Есепті кезеңге 1354 адамға 47,6 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 1376 адамға 21,6 млн. теңгеге көмек төленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5854 теңгені құрады.

Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 280 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 136 адам тұрақты жұмысқа, 140 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 4 адам жастар тәжірбиесінен өтеуге жіберілді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ

ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 сәуіріне 28566 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2873, II топтағы - 11041, III топтағы - 10055, 18 жасқа дейінгі - 4687 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 828 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1327 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2017 жылдың 1 сәуіріне 2365 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 6285 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2017 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту орталықтары арқылы 120 мүгедек, оның ішінде 43 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 2 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 12 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 63 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Қызылорда облысына 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 559 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 39 бірлік,  2-ші санат бойынша 154, 3-ші санат бойынша 364, 4-санат бойынша 2 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

Өткен 2016 жылмен салыстырғанда квота 17 бірлікке артқан.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 21 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6829 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 193 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 15 адам, 2-санат бойынша - 64 адам, 3-санат бойынша – 114 адам.

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

Есептік кезеңге облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 60 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 43 (71,6%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 17 (28,3%)жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 33  адам тұрақты жұмысқа орналасса, 16 адам - қоғамдық жұмысқа жолданған, 3 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген.

ОРАЛМАНДАР

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 сәуіріне облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 3 отбасы/құрамында 5 адам Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған. Оларға оралман мәртебесі берілді. Келген оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына - 4, Жаңақорған ауданына - 1 адам тіркелген. Олардың 5 - еңбекке жарамды жасындағылар, білімі бойынша 1 – жоғары (химик-технолог), 4 – жалпы орта. Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелгені - 2 оралман.     


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2016 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша есебі

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың  3 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 343,4 мың адам (2015 ж.  3 тоқсан– 325,4 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 327,0 мың адам (2015ж.–309,4 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2015 ж. - 5,0 %), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,9% құрады (2015 ж. – 4,1 пайыз).

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, жыл қорытындысымен 11206 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 119,9%), соның ішінде 9873 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 32847 адам хабарласты, соның ішінен 16518 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 50,3 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстармен 7052 адам қамтылып (367,6 млн.теңге төленді), кәсіптік даярлау курстарына 458 адам жолданды (3,5 млн.тенге).

Нысаналы топтарға жататын 1084 адамның (соның ішінде: мүгедектер –752, жазасын өтеп келгендер –324, оралмандар - 8) 618- і жұмыспен қамтылды, соның ішінде: мүгедектер - 415, жазасын өтеп келгендер -206, оралмандар -3.

Облыста 115 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1603 жұмыс беруші 6236 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 9,0 мыңнан  жұмыс іздеушілер қатысып, оның 6282-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

2016 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 31 406  адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 15083 жұмыссыздар, 16323 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың (56681 адам) 55,4% құрайды.

Ағымдағы жылдың қорытындысымен мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 40067  адам қамтылды (128%), соның ішінде:

- бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар – 13945 адам;

- жаңа жобаларда - 10530 адам жұмысқа орналасты, жоспар  (6740 адам) 156 пайызға орындалды (Нурлы жол – 208 адам, ЖҚЖК – 2020 – 980 адам, ҮИИДБ – 419 адам, Агробизнес 2020 -712 адам, БЖК 2020 – 457 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 392  адам, қызмет көрсету саласы бойынша - 96 адам аумақтарды дамыту бағдарламасы – 3217 адам, басқа да бағдарламалар  бойынша – 2194 адам, жеке бастамалар бойынша – 1855  адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 961 адам жолданды, (жоспар 532 адам) жоспардың 181 пайызы, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 859 (жоспар – 450 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 102 адам (жоспар - 82 адам);

-  жастар тәжірибесіне 1240 адам немесе жылдық жоспардың  (880 адам) 141 пайызы, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 1107 (жоспар – 822 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 133 адам (жоспар - 58 адам);

- қоғамдық жұмыстарға 7052 адам немесе жылдық жоспардың  (6270 адам) 112 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 641 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (709 адам) 78%, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 183 адам (жоспар 259 адам),  аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 458 адам жолданды (жоспар - 450 адам);

- 800 адамға шағын несие берілді, жылдық жоспардың (638 адам) 125%;

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 4898 адам, жылдық жоспар (450 адам) 10 есеге орындалды.

 «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 6,5 млрд. теңге қаралып 97,4 пайызы игерілді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 10717 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -77,8 % (8339 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 22,2% (2378 адам). Жалпы хабарласқандардың жастары- 50% (5363 адам).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 11524 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары–8578 (соның ішінде МЗЖ       7197 адам  – 83,8 %).    

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге қосымша бөлінген қаржылармен   272 жобаға  – 4248,3  млн.теңге, 1890 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 914 орын. 

Есепті кезеңге 266 жоба басталып, 266 жоба толығымен аяқталды (6 жоба орындалмады, 4 жобаның қаржысы кері қайтарылды, 2 жоба орындалмады), (игерілген қаржы 4100,5 млн.теңге – 96,5 %) 1731 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 980 бағдарлама қатысушылары жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт - кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 132 адам оқып, 5,3 млн.теңге қаржы игерілді, соның ішінде 20–ы шағын несие алды.

Жыл басынан 800 адам 2190,3 млн.теңге несиелендірілді (соның ішінде РБ – 622 адам, 1761,3 млн.теңге, 2015 жылғы қаржы есебінен - 118 адам, 300,0 млн.теңге, қайтарылған қаржы есебінен – 60 адам, 129 млн.теңге), 440 адам өз кәсібін ашты, қосымша 226 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде: «Ауылды жұмыспен қамту» жобасы бойынша 6,0 млн.теңгеге дейін - 243 адам 920,0 млн.теңге қаржыға несиелендіріліп. 110–і өз кәсібін ашты.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 248 мекеме, кәсіпорындарға 859 адам жолданды. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 570 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

 Жастар тәжірибесі – 822 адамға 188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 575 мекеме, кәсіпорындарға 1107 жас мамандар жолданды. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 440 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлау курстары ұйымдастыруға – 51 адам 7,8 млн.тенге қарастырылған, бүгінгі күнге 51 адам қайта даярлау курстарына жолданып, 5 млн.теңге игерілді.

Бағдарламаның екінші компоненті «Аумақтық ұтқырлықты арттыру» аясында оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аудару жөнінде облыста жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, басқарма тарапынан облысқа Павлодар облысының өкілдері шақыртылып, халықпен кездесулер өткізіліп, қоныс аудару шарттары, ол жақтағы бос жұмыс орындар, басқа да әлеуметтік жағдайлар жөнінде толық түсініктемелер берілді. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

Нақты қоныс аударғаны 5 отбасы.

Қысқарту жөнінде. Жыл басынан 503 адам мекеме, кәсіпорындардан жұмыстан қысқартылды (174 адам жұмыспен қамтылды, 330 адам жұмыспен қамту органдарына тіркелді). 181 адам ақысыз еңбек демалыста, 39 толығымен жұмыс уақытымен қамтылған, 727 адам өз еркімен жұмыстан босаған.

 

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2016 жылы жергілікті бюджеттен 69775 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1507,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 18,5 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 904 адамға 18,3 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 796 адамға, төленген қаражат көлемі 9,3 млн.теңгеге азайған.

Тұрғын үй көмегі: Нақтыланған бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 355,1 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 8653 отбасына 352,6 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 22 отбасына азайған, төленген қаражат көлемі 33,0 млн.теңгеге көбейген.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1136,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 61638 балаға 1136,1 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 4819 балаға, төленген қаражат көлемі 137,9 млн.теңгеге көбейген.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге нақтыланған бюджетте 45,2 млн.теңге, оның 24,2 теңгесі республикалық бюджеттен қаралған.

2016 жылы 1406 адамға 40,6 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек көрсетілді. Шартты ақшалай көмектің 1 адамға шаққандағы орташа айлық мөлшері 5228,3 теңгені құрайды.

Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 293 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 188 адам тұрақты жұмысқа, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 97 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2016 жылға облыстық бюджеттен 40,2 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 784 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтарға 34,4 млн.теңгеге 59489 ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 қаңтарына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 34414 адамға 1137,7 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 2,7 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 6549 адамға 418,1 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1527 адамға 97,2 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 972 мүгедек балаға 46,9 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1189 адамға қосымша тамақтануға 142,4 млн.теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 33 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 5,9 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген  14 отбасына 3,5 млн.теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 50 адамға 0,3 млн.теңгеге;

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде білім алатын халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 497 студентке білім беру қызметіне ақы төлеу үшін 221,1 млн. теңгеге;

- ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін 23523 мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға 199,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

 

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарына 29113 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2756, II топтағы - 11411, III топтағы – 10156, 18 жасқа дейінгі - 4790 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 866 жалғыз басты қарттар м ен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1375 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2017 жылдың 1 қаңтарына 9248 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 13630 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2017 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 671 мүгедек, оның ішінде 409 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 33 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 30 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 199 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды, 36 мүгедекке шағын несие берілді. 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

 2016 жылдың қаңтар айында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның ережесі, жаңа құрамы және жұмыс жоспары бекітілді.

 Қалалық және аудандық әкім орынбасарлары басшылық ететін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөнінде комиссияларға тиісті тапсырмалар беріліп келісім аясында өзара қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

 Осыған орай, 2016 жылдың 29 қыркүйегінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

 Отырыс барысында еңбек қатынастарын реттеу және жұмыс орындарының қысқаруы туралы мәселелер талқыланды.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі тарапынан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі  «Парыз-2016» конкурсының облыстық іс шаралар жоспары бекітіліп, конкурсқа қатысу туралы облыс бойынша меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар арасында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.

2016 жылдың 6 желтоқсанында Астана қаласында республикалық  «Парыз-2016»  конкурсының нәтижелері қорытындыланды.

«Парыз - 2016» конкурсына жалпы облыс бойынша 18 кәсіпорындар қатысқан(«Абзал и К» ТС,  «Егинши» ЖШС, «Тан ЛТД» ЖШС,  «Торғай Петролеум» АҚ,  «Кызылдихан» ЖШС,«Ысамадин»ШҚ, «Тонкерис и  К» КХ, «СЗЦ-Арал»  ЖШС, «Саксаульское локомотивно-ремонтное депо» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Қамқорвагон» ЖШС Қазалы вагон жөндеу депосы, «Актобе и К» ЖШС, «Болашақ құрылысы» ЖШС, «Сыр маржаны» ЖШС, «Сарман тастак Жанакурган» ЖШС, «Кызылкум» ЖШС, «СКЗ U» ЖШС, «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС). Барлық  кәсіпорындарына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дипломдары табысталды. «Іскер» номинациясы бойынша «Сыр Маржаны» кәсіпорны марапатталды.

Экономикада қалыптасқан ерекше жағдайға қарамастан отандық кәсіпкерлер қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысуда.

Салтанатты іс-шарада мемлекет Басшысы отандық тауар өндеушілерді қолдау  және шетелдік инвестицияларлды тартуға жағдай жасау керек екендігін сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мәселелерге жауапкершілікпен қарау қажеттілігін атап өтті.

«Еңбек жолы» республикалық конкурсына облыстық конкурстың іріктеу жұмыстары 2016 жылдың 29 тамызында аяқталып, төмендегідей жеңімпаздар анықталды: «Үздік еңбек династиясы» номинациясы бойынша - Кемалова Күлмариям, «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша - Үмбетқұлов Еркен, «Жұмыс істейтін жастардың үздік ұстазы» номинациясы бойынша - Коновалов Юрий.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес жеңімпаздары бойынша материалдар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жолдананды.

2016 жылдың 21 қыркүйегінде Н.Бекежанов атындағы драма театрында «Еңбек әулеттерінің» ІІІ форумы болып өтті.

Сыр өңірінде атадан балаға отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері жетерлік.

Бұған дейінгі өткізілген еңбек әулеттерінің форумы арқылы 24 еңбек династиясын облыста ғана емес, бүкіл республикаға таныта алдық.

Еңбек әулеттерінің құрамына 150 жылдан бастап 800 жылға дейін еңбек өтілдері бар 8 отбасы кірді.

Олардың ішінде теміржолшылар, құрылысшылар, ұстаздар, дәрігерлер, диханшылар, электриктер, мұнайшылар, ішкі істер саласының өкілдері бар.

Еңбек форумының басты мақсаттарының бірі – жас ұрпаққа еңбек адамының аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлестерін жеткізу.

Форум театр әртістерінің хореографиялық қойылымымен басталды.

Қошеметпен ортаға шыққан Еңбек әулеттерін облыс әкімі құттықтап, «Еңбек әулеттері» деген лентаны, облыс әкімінің алғыс хатын, «Еңбек әулеттеріне» арнайы дайындалған статуэтканы және сыйлықтарды табыс етті. Дәстүрлі Еңбек әулеттерінің ІІІ форумы Сыр өнерпаздарының концертімен аяқталды.

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезеңінде ҮЕҰ-дың қажеттіліктерін зерделеу жұмыстары жалғастырылуда. 2016 жылға бөлінген қаражат 10,6 млн.тенгені құрады, 1,7 млн.тенге Жеңіс күнінің  71-жылдығын атап өтуге бөлінген. 

Жоба аясында іске асырылған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылады.

2016 жылдың қорытындысымен жалпы облыс бойынша ардагерлердің саны шамамен 70 мыңнан аса  адамды құраған, оның ішінде аталған іс-шараларға қатысып жүрген ардагерлердің саны 600 адамға жуық. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы ардагерлердің бастауыш ұйымдарының саны 728 жетті.

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Қызылорда облысына 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 542 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 24 бірлік,  2-ші санат бойынша 114, 3-ші санат бойынша 260, 4-санат бойынша 144 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

2015 жылмен салыстырғанда квота 148 бірлікке артқан.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 23 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6916 адамды құрайды2017 жылдың 1 қаңтарына рұқсатпен 197 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 16 адам, 2-санат бойынша - 63 адам, 3-санат бойынша – 118 адам.

2016 жылы 59 қазақстандық азаматтар даярлау, қайта даярлаудан және 118 қазақстандық азаматтар біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 15 жұмыс орындары құрылды.

ОРАЛМАНДАР БОЙЫНША

 Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 38 отбасы/құрамында 59 адам, олардың 36 отбасы/57 адам- Өзбекстан Республикасынан, 1 адам-Украинадан, 1адам-Монғолиядан қоныс аударған. Оларға оралман мәртебесі берілді. Келген оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына- 42,  Арал ауданына- 1, Қармақшы ауданына- 5, Сырдария ауданына-2, Жаңақорған ауданына- 5, Шиелі ауданына- 4 адам тіркелген. Олардың 40- еңбекке жарамды жасындағылар, білімі бойынша 5– жоғары, 15- арнаулы орта, 18 – жалпы орта және  3- бастауыш білімі бар. Сонымен қатар, зейнеткер жасындағы – 6 адам, мектеп жасындағы – 7 бала, мектепке дейінгі жасындағы- 5 бала. 

Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелген - 8 оралман, жұмысқа орналасқан- 3.

Ағымдағы жылғы есептік кезеңге оралман отбасыларына тұрғын үй көмегі- 3 отбасы/24 адамға, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы - 8 отбасы/34 балаға көрсетілген.

Облыс аумағында облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығымен «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы жұмысын үйлестіру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында оралмандарға арналған семинарлар өткізу, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік-құқықтық кеңес беру бойынша оралмандармен тікелей жұмыс атқаруда.

 

 ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН СОТТАЛҒАНДАР БОЙЫНША

Есептік кезеңге, 2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 324 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 268 (82,7%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 56 (17,3%)жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 206 (63,6%) адам- тұрақты жұмысқа орналасса, 47 (14,5%) адам - қоғамдық жұмыстарға, 7 (2,1%) адам - кәсіптік оқыту және қайта даярлау курстарында, 7 (2,1%) адам - әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар,  жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 5 (1,6%) адам несие алған (Арал ауданы- 3, Қармақшы-1, Сырдария-1 адам).

Ағымдағы жылғы есептік кезеңге «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның»  4 отырысы өтті.                 


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2016 жылғы атқарылған жұмыстардың есебі

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың  3 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 343,4 мың адам (2015 ж.3 тоқсан– 325,4 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 327,0 мың адам (2015 ж. – 309,4 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды (2015 ж. - 5,0 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,9 пайызды құрады (2015 ж. – 4,1 пайыз).

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,  жыл қорытындысымен 11206 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 119,9% ), соның ішінде 9873 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына  32847  адам хабарласты, соның ішінен 16518 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 50,3 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстармен 7052 адам қамтылып (367,6 млн.теңге төленді), кәсіптік даярлау курстарына 458 адам жолданды (3,5 млн.тенге).

Нысаналы топтарға жататын 1084 адамның (соның ішінде: мүгедектер –752, жазасын өтеп келгендер –324, оралмандар - 8) 618- і жұмыспен қамтылды, соның ішінде: мүгедектер - 415, жазасын өтеп келгендер -206, оралмандар -3.

Облыста 115 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1603 жұмыс беруші  6236 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 9,0 мыңнан  жұмыс іздеушілер қатысып, оның 6282-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

2016 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 31 406  адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 15083 жұмыссыздар, 16323 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың (56681 адам) 55,4 пайызын құрайды.

2016  жылдың қорытындысымен мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 40067  адам қамтылды (128 %), соның ішінде:

- бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар – 13945 адам;

- жаңа жобаларда-  10530 адам жұмысқа орналасты, жоспар (6740 адам) 156 пайызға орындалды (Нурлы жол – 208 адам, ЖҚЖК – 2020 – 980 адам, ҮИИДБ – 419 адам, Агробизнес 2020 -712 адам, БЖК 2020 – 457 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 392  адам, қызмет көрсету саласы бойынша - 96 адам аумақтарды дамыту бағдарламасы – 3217 адам, басқа да бағдарламалар  бойынша – 2194 адам, жеке бастамалар бойынша – 1855  адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 961 адам жолданды, (жоспар 532 адам) жоспардың 181 пайызы, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 859 (жоспар – 450 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 102 адам (жоспар - 82 адам);

-  жастар тәжірибесіне 1240 адам немесе жылдық жоспардың (880 адам) 141 пайызы, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 1107 (жоспар – 822 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 133 адам (жоспар - 58 адам);

- қоғамдық жұмыстарға 7052 адам немесе жылдық жоспардың (6270 адам) 112 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 641 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (709 адам) 78 пайызы, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында –  183 адам (жоспар 259 адам),  аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 458 адам жолданды (жоспар - 450 адам);

- 800 адамға шағын несие берілді, жылдық жоспардың  (638 адам) 125 пайызы

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 4898 адам, жылдық жоспар (450 адам)  10 есеге  орындалды.

 «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға  6,5 млрд. теңге қаралып 97,4 пайызы игерілді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 10717 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -77,8 % (8339 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 22,2 % (2378 адам). Жалпы хабарласқандардың жастары- 50 % (5363 адам).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 11524 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары–8578(соның ішінде МЗЖ 7197 адам  – 83,9 %).    

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге қосымша бөлінген қаржылармен   272 жобаға  – 4248,3  млн.теңге, 1890 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 914 орын.  

Есепті кезеңге 266 жоба басталып, 266 жоба толығымен аяқталды (6 жоба орындалмады, 4 жобаның қаржысы кері қайтарылды, 2 жоба орындалмады), (игерілген қаржы 4100,5 млн.теңге – 96,5 %) 1731 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 980 бағдарлама қатысушылары жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды (толық игерілді). Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 132 адам оқып, 5,3 млн.теңге қаржы игерілді, соның ішінде 15 –і шағын несие алды.

Жыл басынан 800 адам 2190,3 млн.теңге несиелендірілді (соның ішінде РБ – 622 адам- 1761,3 млн.теңге, 2015 жылғы қаржы есебінен -118 адам-300,0 млн.теңге, қайтарылған қаржы есебінен – 60 адам -129 млн.теңге), 440 адам өз кәсібін ашты, қосымша  226 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде: «Ауылды жұмыспен қамту» жобасы бойынша 6,0 млн.теңгеге дейін - 243 адам 920,0 млн.теңге қаржыға  несиелендіріліп. 110 – і өз кәсібін ашты.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 248 мекеме, кәсіпорындарға 859 адам жолданды. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 570 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

 Жастар тәжірибесі – 822 адамға -188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 575 мекеме, кәсіпорындарға 1107 жас мамандар жолданды. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 440 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлау курстары ұйымдастыруға – 51 адам 7,8 млн.тенге қарастырылған, бүгінгі күнге 51 адам қайта даярлау курстарына жолданып, 5 млн.теңге игерілді.

Бағдарламаның екінші компоненті «Аумақтық ұтқырлықты арттыру» аясында оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аудару жөнінде облыста жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, басқарма тарапынан облысқа Павлодар облысының өкілдері шақыртылып, халықпен кездесулер өткізіліп, қоныс аудару шарттары, ол жақтағы бос жұмыс орындар, басқа да әлеуметтік жағдайлар жөнінде толық түсініктемелер берілді.  Тиісті жұмыстар атқарылуда.

Нақты қоныс аударғаны 5 отбасы.

Қысқарту жөнінде. Жыл басынан 503 адам мекеме, кәсіпорындардан жұмыстан қысқартылды (174 адам жұмыспен қамтылды, 330 адам жұмыспен қамту органдарына тіркелді). 181 адам ақысыз еңбек демалыста, 39 толығымен жұмыс уақытымен қамтылған,  727 адам өз еркімен жұмыстан босаған.


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2016 жылдың III тоқсанына атқарылған есебі

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың 2 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 340,7 мың адам (2015 ж.– 311,1 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 323,7 мың адам (2015 ж. – 295,5 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды (2015 ж. - 5,0 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 5,0 пайызды құрады (2015 ж. – 4,4 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға көтерілді.

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 қазанға 9156 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 98% ), соның ішінде 8026 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 25192 адам хабарласты, соның ішінен 10635 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 42,5 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстармен 6024 адам қамтылып (251,6 млн.теңге төленді), кәсіптік даярлау курстарына 488 адам жолданды (3,1 млн.тенге).

Жұмысқа орналасқандардың ішінен 371 ( хабарласқандар – 837 адам, соның ішінде: мүгедектер – 551, жазасын өтеп келгендер – 278, оралмандар - 8) нысаналы топтарға жататын адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде: мүгедектер - 217, жазасын өтеп келгендер -153, оралмандар -1.

Облыста 85 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1012 жұмыс беруші 4542 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 6,6 мыңнан  жұмыс іздеушілер қатысып, оның 4013-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

2016 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 31406 адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 15083 жұмыссыздар, 16323 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың (56681 адам) 55,4 пайызын құрайды.

Ағымдағы  жылдың 1 қазанына мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 29927 адам қамтылды (95,3 %), соның ішінде:

- бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар – 10324 адам;

- жаңа жобаларда-  7812 адам жұмысқа орналасты, жоспар (6740 адам) 116 пайызға орындалды (Нурлы жол – 207 адам, ЖҚЖК – 2020 – 366 адам, ҮИИДБ – 334 адам, Агробизнес 2020 -515 адам, БЖК 2020 – 174 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 392  адам, қызмет көрсету саласы бойынша - 59 адам аумақтарды дамыту бағдарламасы – 2177 адам, басқа да бағдарламалар  бойынша – 1887  адам, жеке бастамалар бойынша – 1701  адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 874 адам жолданды, (жоспар 532 адам) жоспардың 164 пайызы, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 791 (жоспар – 450 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 83 адам (жоспар - 82 адам);

-  жастар тәжірибесіне 1168 адам немесе жылдық жоспардың (880 адам) 132 пайызы, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 1066 (жоспар – 822 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 102 адам (жоспар - 58 адам);

- қоғамдық жұмыстарға 6024 адам немесе жылдық жоспардың (6270 адам) 96 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 586 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (709 адам) 75 пайызы, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында –  128 адам (жоспар 259 адам),  аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 458 адам жолданды (жоспар - 450 адам);

- 617 адамға шағын несие берілді, жылдық жоспардың  (638 адам) 96,7 пайызы

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2522 адам, жылдық жоспар (450 адам)  5 есеге  орындалды.

 «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 6,7 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде  бағдарламаның бағыттарына  - 6,5 млрд.теңге.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 7667 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -77,3 % (5928 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 22,7 % (1738 адам). Жалпы хабарласқандардың жастары- 56,8 % (4358 адам).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 7505 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары–5408 (соның ішінде МЗЖ 4014 адам  – 74,2 %).    

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге қосымша бөлінген қаржылармен 254 жобаға  – 4359,7  млн.теңге, 1826 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 875 орын. Соның ішінде:

Бектілген бюджет бойынша 9 жобаға 290,3 млн.теңге бөлініп, 107 жұмыс орындарының, жұмыспен қамту орталықтары арқылы -53 орын ашу жоспарланған.

1 транш – Ұлттық қордан – 19 жоба 969,6 млн.теңге, 380 жаңа жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 195 орын.

2 транш – Үкіметтің арнайы резервінен -165 жоба 1299,8 млн.теңге, 581 жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 321 орын.

3 транш -  Ұлттық қордан – 61 жоба 1800 млн.теңге, 785 жаңа жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 306 орын.

28 жобада жұмыстар аяқталып, 403 жаңа жұмыс орындар құрылды.

2 транштың 165 жобасы бойынша қазан айында барлық конкурстық рәсімдер аяқталып, жөндеу жұмыстары басталады.

61 жоба бойынша, 51  жоба  - облыс орталығындағы көшелерде орта жөндеу жұмыстары, 339 орын (бағдарлама қатысушылары -176 орын) және 10 ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар құрылысы – 419 жұмыс орны, оның ішінде бағдарлама қатысушылары – 130 орын. Хабарландыру беру жұмыстары басталуда.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 77 адам оқып, 2,2 млн.теңге қаржы игерілді, соның ішінде 8 –і шағын несие алды.

Жыл басынан 617 адам 1608,8 млн.теңге несиелендіріліп, 324 адам өз кәсібін ашты, қосымша 120 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде: «Ауылда жұмыспен қамту» жобасы бойынша 6,0 млн.теңгеге дейін - 102 адам 438,3 млн.теңге қаржыға  несиелендірілді.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 236 мекеме, кәсіпорындарға 874 адам жолданды, соның ішінде өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 83 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы  есебінен- 791 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 89 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

 Жастар тәжірибесі – 822 адамға -188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 569 мекеме, кәсіпорындарға 1168 жас мамандар, соның ішінде: өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 102 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы  есебінен - 1066 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 200 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлау курстары ұйымдастыруға – 51 адам 8,6 млн.тенге қарастырылған, бүгінгі күнге 51 адам қайта даярлау курстарына жолданып, 1,2 млн.теңге игерілді.

Бағдарламаның екінші компоненті «Аумақтық ұтқырлықты арттыру» аясында оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аудару жөнінде облыста жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, басқарма тарапынан облысқа Павлодар облысының өкілдері шақыртылып, халықпен кездесулер өткізіліп, қоныс аудару шарттары, ол жақтағы бос жұмыс орындар, басқа да әлеуметтік жағдайлар жөнінде толық түсініктемелер берілді.  27 қыркүйек  күні Қармақшы ауданы Ақай кентінде Байқоңыр қаласы, Қармақшы, Қазалы аудандарының  тұрғындарымен кездесіп, 70 тен астам адам қатысып, 42 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді.

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйекте Қызылорда қаласында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізіліп, қаладағы 26 жұмысберушілер 128 бос жұмыс орындарын  және Павлодар облысынан 300- ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеден кейін қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен кездесу ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы, Шиели, Жаңақорған аудандарынан    200 –ден астам отбасы солтүстікке қоныс аударуға жазылды. Барлығы облыс бойынша 300-ге жуық отбасы.

 Сол күні  жәрмеңкеден кейін жастар ресуртық орталығында солтүстік өңірдің өкілдерімен қоныс аударғысы келетін жас отбасылармен кездесу өткізілді.

Сағат 19-00 де облыстық теледидардарда «Өмірдің өзі» бағдарламада тікелей эфир ұйымдастырылып Павлодар облысының өкілдері облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.    

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында қосымша бөлінген қаржылардан  126 млн.теңге бюджетке кері қайтарылу жөнінде министрлікке хат ұсынылды, себебі облыста нормативтік құқықтық құжаттардың критерийлеріне сәйкес келетін мекеме- кәсіпорындардың болмауына байланысты.

Оңтайландыру бойынша қосымша:

18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлерге – 113 адамға 18,6 млн.теңге;

кәсіпорындардың білікті қызметкерлерін біліктілігін арттыруға және қайта даярлау үшін  жұмыс берушілерге мемлекеттік грант көзделген – 95 адамға 12,9 млн.теңге;

Жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялауға -  295 адамға 94,5 млн.теңге бөлінген.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасына енгізілген оңтайландыруды ақпараттандыру мақсатында барлық аудандарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаны ақпараттандыру мақсатында Қызылорда қаласы мен аудандарда және елді мекендерде  1,7 млн.теңгеге билбордтар орнатылды.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қазанына жергілікті бюджеттен 64464 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1088,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 30,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 795 адамға 13,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 692 адамға, төленген қаражат көлемі 7,9 млн.теңгеге азайған.

Тұрғын үй көмегі: Бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 348,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7915 отбасына 266,8 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 387 отбасына, төленген қаражат көлемі 54,3 млн.теңгеге көбейген.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 986,2 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 55754 балаға 808,7 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 4298 балаға, төленген қаражат көлемі 56,4 млн.теңгеге көбейген.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қызылорда облысының барлық аудандарында әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсету пилоттық жобасы енгізілді. Жобаны іске асыруға нақтыланған бюджетте 33,9 млн.теңге, оның 12,0 теңгесі республикалық бюджеттен қаралған.

Есепті кезеңге 990 адамға 27,4 млн. теңгеге ШАК тағайындалып, 25,2 млн.теңгесі төленді. Шартты ақшалай  көмектің 1 адамға келетін орташа айлық мөлшері 4610,7 теңгені құрайды.

Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 215 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 114 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 96 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2016 жылға облыстық бюджеттен 37,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 366 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас азаматтарға 15,4 млн.теңгеге 27448 ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2016 жылдың 1 қазанына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10071 адамға 650,8 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 2,0 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 6549 адамға 418,1 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1482 адамға 94,3 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 896 мүгедек балаға 29,0 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 993 азаматқа қосымша тамақтануға 100,6 млн.теңгеге;

- лейкоз және анемиямен ауыратын 32 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 4,3 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 9 отбасына 2,2 млн.теңгеге; әлеуметтік көмектер төленді.

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 50 адамға 0,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2016 жылдың 1 қазанына 28802 мүгедектер, оның ішінде  I топтағы - 2697, II топтағы - 11418, III топтағы – 10 003, 18 жасқа дейінгі - 4684 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 858 жалғыз басты қарттар м ен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1375 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2016 жылдың 1 қазанына 6494 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 10367 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2016 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту орталықтары арқылы 450 мүгедек, оның ішінде 217 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 31 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 26 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 176 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды, 27 мүгедекке шағын несие берілді.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

 Ағымдағы жылдың қаңтар айында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның ережесі, жаңа құрамы және жұмыс жоспары бекітілді.

 Қалалық және аудандық әкім орынбасарлары басшылық ететін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөнінде комиссияларға тиісті тапсырмалар беріліп келісім аясында өзара қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

 Осыған орай, 29 қыркүйекте әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

 Отырыс барысында еңбек қатынастарын реттеу және жұмыс орындарының қысқаруы туралы мәселелер талқыланды.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі тарапынан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі  «Парыз-2016» конкурсының облыстық іс шаралар жоспары бекітіліп, конкурсқа қатысу туралы облыс бойынша меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар арасында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.

 Сонымен қатар, барлық денгейдегі (облыстық, қалалық, аудандық) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Парыз-2016» конкурсына қатысу жөнінде хабарламалар, мемлекеттік және қазақ тілдерінде  жергілікті баспасөзде жарияланды.

 Сонымен қатар, облыстағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарға хаттар жолданып, форумға қатысуға іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге облыс бойынша 18 кәсіпордар қатысуға ниет білдіріп отыр («Абзал и К» ТС,  «Егинши» ЖШС, «Тан ЛТД» ЖШС,  «Торғай Петролеум» АҚ,  «Кызылдихан» ЖШС,«Ысамадин»ШҚ, «Тонкерис и  К» КХ, «СЗЦ-Арал»  ЖШС, «Саксаульское локомотивно-ремонтное депо» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Қамқорвагон» ЖШС Қазалы вагон жөндеу депосы, «Актобе и К» ЖШС, «Болашақ құрылысы» ЖШС, «Сыр маржаны» ЖШС, «Сарман тастак Жанакурган» ЖШС, «Кызылкум» ЖШС, «СКЗ U» ЖШС, «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС).

«Еңбек жолы» республикалық конкурсына облыстық конкурстың іріктеу жұмыстары 2016 жылдың 29 тамызында аяқталып, төмендегідей жеңімпаздар анықталды: «Үздік еңбек династиясы» номинациясы бойынша - Кемалова Күлмариям, «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша - Үмбетқұлов Еркен, «Жұмыс істейтін жастардың үздік ұстазы» номинациясы бойынша - Коновалов Юрий.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес жеңімпаздары бойынша материалдар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жолдананды.

2016 жылдың 21 қыркүйегінде Н.Бекежанов атындағы драма театрында «Еңбек әулеттерінің» ІІІ форумы болып өтті.

Сыр өңірінде атадан балаға отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері жетерлік.

Бұған дейінгі өткізілген еңбек әулеттерінің форумы арқылы 24 еңбек династиясын облыста ғана емес, бүкіл республикаға таныта алдық.

Соның бірі - Кемалова Күлмариям - «Балықшылар әулеті» республикалық «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін «Үздік еңбек династиясы» номинациясына іріктеліп алынды.

Еңбек әулеттерінің құрамына 150 жылдан бастап 800 жылға дейін еңбек өтілдері бар 8 отбасы кірді.

Олардың ішінде теміржолшылар, құрылысшылар, ұстаздар, дәрігерлер, диханшылар, электриктер, мұнайшылар, ішкі істер саласының өкілдері бар.

Еңбек форумының басты мақсаттарының бірі – жас ұрпаққа еңбек адамының аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлестерін жеткізу.

Форум театр әртістерінің хореографиялық қойылымымен басталды.

Қошеметпен ортаға шыққан Еңбек әулеттерін облыс әкімі құттықтап, «Еңбек әулеттері» деген лентаны, облыс әкімінің алғыс хатын, «Еңбек әулеттеріне» арнайы дайындалған статуэтканы және сыйлықтарды табыс етті. Дәстүрлі Еңбек әулеттерінің ІІІ форумы Сыр өнерпаздарының концертімен аяқталды.

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезеңінде ҮЕҰ-дың қажеттіліктерін зерделеу жұмыстары жалғастырылуда. 2016 жылға бөлінген қаражат 10,6 млн.тенгені құрады, 1,7 млн.тенге Жеңіс күнінің  71-жылдығын атап өтуге бөлінген. 

Жоба аясында іске асырылған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылады.

2015 жылдың қорытындысымен жалпы облыс бойынша ардагерлердің саны шамамен 70 мыңнан аса  адамды құраған, оның ішінде аталған іс-шараларға қатысып жүрген ардагерлердің саны 600 адамға жуық. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы ардагерлердің бастауыш ұйымдарының саны 724 жетті.

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Қызылорда облысына 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 542 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 24 бірлік,  2-ші санат бойынша 114, 3-ші санат бойынша 260, 4-санат бойынша 144 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

Өткен 2015 жылмен салыстырғанда квота 148 бірлікке артқан.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 18 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6214 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 148 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 15 адам, 2-санат бойынша - 59 адам, 3-санат бойынша – 74 адам.

2016 жылдың 1 қазанына  51 қазақстандық азаматтар даярлау, қайта даярлаудан және 113 қазақстандық азаматтар біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 9 жұмыс орындары құрылды.

ОРАЛМАНДАР БОЙЫНША

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2016 жылдың 1 қазанына облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 29 отбасы/құрамында 42 адам, олардың 28 отбасы/41 адам- Өзбекстан Республикасынан, 1 адам-Украинадан қоныс аударған, оларға оралман мәртебесі берілді. Келген оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына- 26,  Арал ауданына- 1, Қармақшы ауданына- 4, Сырдария ауданына-2, Жаңақорған ауданына- 5, Шиелі ауданына- 4 адам тіркелген. Олардың 31- еңбекке жарамды жасындағылар, білімі бойынша 4– жоғары, 12- арнаулы орта, 12 – жалпы орта және  3- бастауыш білімі бар. Сонымен қатар, зейнеткер жасындағы – 4 адам, мектеп жасындағы – 3 бала, мектепке дейнгі жасындағы- 4 бала.            

Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелген - 8 оралман, жұмысқа орналасқан- 1.

Ағымдағы жылғы есептік кезеңге оралман отбасыларына тұрғын үй көмегі- 3 отбасы/23 адамға, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы - 8 отбасы/33 балаға көрсетілген.

Облыс аумағында облыстық  ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы жұмысын үйлестіру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Осы жоба аясында оралмандарға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізу, өзекті мәселелеріне байланысты әдістемелік көмек көрсету, тегін құқықтық кеңес беру  мақсатында оралмандармен тікелей жұмыс атқаруда.  

 ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН СОТТАЛҒАНДАР БОЙЫНША

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту орталықтарына 278 адам жұмыссыз ретінде тіркелді (01.10.2015- 137) (с.і.234 (84,2%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 44 (16%) – жазасын өтеп шыққандар).  Жұмыспен қамту бойынша 153 (55%) адам (01.10.2015- 66)- тұрақты жұмысқа орналасса, 41(14,7%) адам (01.10.2015- 29)- қоғамдық жұмыстарға,  6 (2,2%) адам (01.10.2015- 4) - кәсіптік оқыту және қайта даярлау курстарында, 6 (2,2%) адам (01.10.2015- 0)  - әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, 9 (3,2%) адам (01.10.2015-10) - өз бетінше жұмысқа орналасқан. Арал, Сырдария ауданының пробация қызметінің есебіндегі 3 (1,1%) адам (01.10.2015-0)  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында несие алған.

Ағымдағы жылғы есептік кезеңге «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның»  3 отырысы өтті. Отырыста түрме реформасының «Сен қоғамға керексің!» үшінші Форумы аясында жаза өтеу орындарынан босатылған сотталғандардың және Пробациялық бақылау есебіне алынғандардың әлеуметтік бейімделу тиімділігін арттыру мақсатында қабылданған бірлескен шаралардың жүзеге асырылу мәселесі қаралды. 

Биылғы жылы қала орталығында «Қылмыстық  жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» ашылып, аталған азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Орталықтың мақсаты құқықтық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік мамандық игеруге қайта даярлаудан  өтуге ықпал жасау.


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2016 жылдың II тоқсанына атқарылған есебі

 

                                                      

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанына экономикалық белсенді халық саны – 330,6 мың адам (2015 ж.– 319,2 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 314,2 мың адам (2015 ж. – 303,2 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды (2015 ж. - 5,0 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 5,1 пайызды құрады (2015 ж. – 4,0 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға төмендеді.

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 шілдесіне 5747 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 61,5 % ), оның ішінде 5073 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 18153 адам хабарласты, оның ішінен 6438 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 35,5 пайызы) жұмысқа орналастырылды. 4134 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, қайта даярлау курстарына 319 адам жолданды.

Облыста 49 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 591жұмыс беруші 2515 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 3866–ге жуық жұмыс іздеушілер қатысып, оның 2222-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама беріліп, 1583 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

2016 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 31406 адамды қамту жоспарланған, оның ішінде 15083 жұмыссыздар, 16323 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың (56681 адам) 55,4 пайызын құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 19274 адам қамтылды (61 %), оның ішінде:

- 5115 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар (6740 орын) 76 пайызға орындалды (Нурлы жол – 75 адам, ЖҚЖК – 2020 – 143 адам, ҮИИДБ – 96 адам, Агробизнес 2020 -240 адам, БЖК 2020 – 66 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 86  адам, қызмет көрсету саласы бойынша - 17 адам аумақтарды дамыту бағдарламасы – 1542 адам, басқа да бағдарламалар  бойынша – 1640  адам, жеке бастамалар бойынша – 1210  адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 654 адам жолданды, (жоспар 532 адам) жоспардың 122,7 пайызы, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 608 (жоспар – 450 адам),  аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 46 адам (жоспар - 82 адам);

- жастар тәжірибесіне 833 адам немесе жылдық жоспардың  (880 адам) 94,6 пайызы, оның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 766 (жоспар – 822 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 67 адам (жоспар - 58 адам);

- қоғамдық жұмыстарға 4134 адам немесе жылдық жоспардың (6270 адам) 65,9 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 319 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (709 адам) 44,9 пайызы, оның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – жоспар 259 адам, аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 319 адам жолданды (жоспар - 450 адам);

- 276 адамға шағын несие берілді, жылдық жоспардың (638 адам) 43,2 пайызы;

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 1335 адам, жылдық жоспардың (450 адам) жоспардың 2 есеге орындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 3,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде  бағдарламаның бағыттарына - 3,4 млрд.теңге.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 4566 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -79 % (3597 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары –  21 % (969 адам). Жалпы хабарласқандардың 2582-і жастар (56,5%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4638 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 4578 адам, оның ішінде тұрақты –     3192 (соның ішінде МЗЖ 2336 адам  – 73,2 %).   

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 28 жобаға  – 1265,9  млн.теңге (475 жұмыс орны).

Барлық жобаларда жұмыстар басталып, 132 адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде 72 –сі  бағдарлама қатысушылары.

Оның ішінде 1 жоба 2015 жылдан өтпелі Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 57,9 млн.теңге (үнемделген қаржы- 6,4 млн.теңге,  51,446 тенге). Бүгінгі күнге дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, онда барлығы 17 адам, жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Оның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Жыл басынан 276 адам 599,8 млн.теңге несиелендіріліп, 120  адам өз кәсібін ашты, қосымша 74 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде:

2015 жылдың қаржы есебінен 50 адам 100,0 млн. теңгеге несиелендірілді, оның ішінде 31 адам өз кәсібін ашты.

Бекітілген бюджет қаржы есебінен 168 адамға 376,8 млн. теңге несиелендірілді.

Қайтарылған қаржы есебінен 58 адамға 123,0 млн. теңгеге несиелендіріліп, 29 адам өз кәсібін ашты.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 198 мекеме, кәсіпорындарға 654 адам жолданды (алдыңғы жылдан жалғастырушы -35 адам), оның ішінде өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 46 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы есебінен - 608 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 44 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар тәжірибесі – 822 адамға -188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 438 мекеме, кәсіпорындарға 833 жас мамандар, оның ішінде: өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 67 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы  есебінен - 766 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 94 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Оңтайландыру бойынша қосымша:

Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлау курстары ұйымдастыруға –  51 адам 8,6 млн.тенге;

18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлерге – 113 адамға 18,6 млн.теңге;

кәсіпорындардың білікті қызметкерлерін біліктілігін арттыруға және қайта даярлау үшін  жұмыс берушілерге мемлекеттік грант көзделген – 95 адамға 12,9 млн.теңге;

Жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялауға - 295 адамға 94,5 млн.теңге бөлінген.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына енгізілген оңтайландыруды ақпараттандыру мақсатында барлық аудандарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басқарма басшысының жүргізуімен аудан, ауыл әкімдерінің және жұмысберушілердің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Бағдарламаны ақпараттандыру мақсатында Қызылорда қаласы мен аудандарда және елді мекендерде билбордтар орнатылды.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне жергілікті бюджеттен 61842 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 799,4 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 48,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 666 адамға 8,4 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 634 адамға, төленген қаражат көлемі 6,7 млн.теңгеге азайған.

Тұрғын үй көмегі: Бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 348,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7767 отбасына 211,3 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 449 отбасына, төленген қаражат көлемі 34,0 млн.теңгеге көбейген.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 940,1 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 53409 балаға 579,7 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 5693 балаға, төленген қаражат көлемі 82,9 млн.теңгеге көбейген.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қызылорда облысының барлық аудандарында әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсету пилоттық жобасы енгізілді. Жобаны іске асыруға бюджеттен 36,7 млн.теңге, оның 12,0 теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді.

Есепті кезеңге 839 адамға 10,5 млн. теңгеге ШАК тағайындалып, 9,5 млн.теңгесі төленді. Шартты ақшалай көмектің 1 адамға келетін орташа айлық мөлшері 2778,4 теңгені құрайды.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 184 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Жоба аясында аз қамтылған отбасыларынан 98 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 79 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2016 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9241 адамға 570,7 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 1,4 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 6374 адамға 406,9 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1055 адамға 67,2 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 840 мүгедек балаға 26,0 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 825 азаматқа қосымша тамақтануға 64,9 млн.теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 32 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 2,8 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 1,0 млн.теңгеге; әлеуметтік көмектер төленді.

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 50 адамға 0,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2016 жылдың 1 шілдесіне 28261 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2645, II топтағы - 11201, III топтағы - 9812, 18 жасқа дейінгі - 4603 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 858 жалғыз басты қарттар м ен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1375 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2016 жылдың 1 шілдесіне 4721 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 7786 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2016 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту орталықтары арқылы 365 мүгедек, оның ішінде 174 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 28 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 23 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 140 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды, 17 мүгедекке шағын несие берілді. 

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

Ағымдағы жылдың қаңтар айында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның ережесі, жаңа құрамы және жұмыс жоспары бекітілді.

Қалалық және аудандық әкім орынбасарлары басшылық ететін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөнінде комиссияларға тиісті тапсырмалар беріліп келісім аясында өзара қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

Осыған орай, 2 маусымда әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында еңбек қатынастарын реттеу және жұмыс орындарының қысқаруы туралы мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі тарапынан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2016» конкурсының облыстық іс шаралар жоспары бекітіліп, конкурсқа қатысу туралы облыс бойынша меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар арасында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, барлық денгейдегі (облыстық, қалалық, аудандық) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Парыз-2016» конкурсына қатысу жөнінде хабарламалар, мемлекеттік және қазақ тілдерінде  жергілікті баспасөзде жарияланды.

Бүгінгі күнге конкурсқа қатысуға «Қамқор локомотив» ЖШС-гі, «Абзал и К» ЖШС-гі, «Егінші» ЖШС-гі, «Тан ЛТД» ЖШС-гі, «РЗА» АҚ-мы, «Торғай Петролеум» АҚ-мы, «Қызылдихан» ЖШС-гі, «Арал балық өндеу зауыты» ЖШС-гі,  ЖШС-гі,  «Ысамадин» ШҚ-ғы,  «Төңкеріс» ШҚ-ғы,  кәсіпорындары қатысуға ниет білдіріп отыр.

2016 жылдың қыркүйек айында өтетін облыстық «Еңбек әулеттері» ІІІ форумына қатысуға облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 151 жылды құрайтын медицина қызметкерлері Алдамжаровтар отбасын сонымен қатар 474 жылды құрайтын Санкубаевтар әулетін, «Торғай Петролеум» АҚ-нан Жетпісбаевтар 75 жылды құрайтын және Мәмбетовтер 65 жылды құрайтын отбасыларын, Байқоңыр қаласынан 530 жылды құрайтын Жұматаевтар әулетін, Қызылжарма а/о 46 жылды құрайтын Раимовтар әулетін, мәдениет саласынан 250 жылды құрайтын Сәдуқасовтар әулетін ұсынған.

Сонымен қатар, облыстағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарға хаттар жолданып, форумға қатысуға іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезеңінде ҮЕҰ-дың қажеттіліктерін зерделеу жұмыстары жалғастырылуда. 2016 жылға бөлінген қаражат 10,6 млн.тенгені құрады, 1,7 млн.тенге Жеңіс күнінің 71-жылдығын атап өтуге бөлінген. 

Жоба аясында іске асырылған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылады.

2015 жылдың қорытындысымен жалпы облыс бойынша ардагерлердің саны шамамен 70 мың адамды құраған, оның ішінде аталған іс-шараларға қатысып жүрген ардагерлердің саны 600 адамға жуық. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы ардагерлердің бастауыш ұйымдарының саны 710 жетті.

Жобада көрсетілген іс-шаралар бойынша Ұлы Отан соғысының  ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар халықтың әлжуаз топтарына қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру, жасөспірімдермен (орта және жоғарғы оқу орындарының оқушылары) патриоттық рүхта тәрбиелеу мақсатында түрлі кездесулер ұйымдастыру және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін бойына сіңіру жөнінде тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Қызылорда облысына 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 542 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 24 бірлік, 2-ші санат бойынша 114, 3-ші санат бойынша 260, 4-санат бойынша 144 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

Өткен 2015 жылмен салыстырғанда квота 148 бірлікке артқан.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 18 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6260 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 135 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 15 адам, 2-санат бойынша - 57 адам, 3-санат бойынша – 63 адам.

 2016 жылдың 1 шілдесіне 51 қазақстандық азаматтар даярлау, қайта даярлаудан және 90 қазақстандық азаматтар біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 9 жұмыс орындары құрылды.

ОРАЛМАНДАР БОЙЫНША

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2016 жылдың   1 шілдесіне облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 15 отбасы/құрамында 24 адам, барлығы Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған, оларға оралман мәртебесі берілді. Келген  оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына- 11,  Арал ауданына- 1, Қармақшы ауданына- 3, Жаңақорған ауданына- 5, Шиелі ауданына- 4 тіркелген. Олардың 16- еңбекке жарамды жасындағылар, білімі бойынша 1– жоғары, 8- арнаулы орта, 6– жалпы орта және 1- бастауыш білімі бар. Сонымен қатар, зейнеткер жасында – 3 адам, мектеп жасындағы – 2 бала, мектепке дейнгі жасындағы- 3 бала.

Жұмыссыз ретінде тіркелген - 7 оралман, жұмысқа орналасқан- 1. Ағымдағы жылғы есептік кезеңге оралман отбасыларына тұрғын үй көмегі- 3 отбасы/24 адамға, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы -  8 отбасы/34 балаға көрсетілген.

 Облыста облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Туған жер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының жұмысын үйлестіру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Осы жоба аясында оралмандарға арналған түсіндірме жұмыстарын, ашық есік күндерін, қоғамдық тыңдаулар, семинарлар ұйымдастырып, оралмандармен тікелей жұмыс атқаруда. 

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН СОТТАЛҒАНДАР БОЙЫНША

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту орталықтарына 237 адам (01.07.2015 жылы- 92 адам) жұмыссыз ретінде тіркелді (с.і.199 (84%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 38 (16%) – жазасын өтеп шыққандар). Жұмыспен қамту бойынша 117(49,4%) адам (01.07.2015 ж.- 41)- тұрақты жұмысқа орналасса, 38 (16%) адам (01.07.2015 ж.- 22)- қоғамдық жұмыстарға,  6 (2,5%) адам (01.07.2015 ж.- 3) - кәсіптік оқыту және қайта даярлау курстарында, 6 (2,5%) адам - әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, 7(3%) адам - өз бетінше жұмысқа орналасқан. Арал ауданының пробация қызметінің есебіндегі 1 (0,4%) адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында несие алған.

 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебіндегілерді жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті 2015-2016 жылдарға арналған тиісті мекемелермен өзара бірлескен алгоритмін бекітіп, тиісті шаралар атқаруда.

Ағымдағы жылғы есептік кезеңге «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның»  2 отырысы өтіп, түрме реформасының «Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Society needs you!» үшінші Форум аясында жаза өтеу орындарынан босатылған сотталғандардың және Пробациялық бақылау есебіне алынғандардың әлеуметтік бейімделу тиімділігін арттыру мақсатында қабылданған бірлескен шараларды жүзеге асыру; қала орталығында «Жазасын өтеу орындарынан босталыған тұлғаларға арналған бейімдеу және әлеуметтендіру Орталығын» ашу; Байқоңыр қаласында, Төретам кентінде, Ақай ауылдық округінде жазасын өтеп шыққан және пробациялық бақылау қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда қала аумағында «Жаза өтеу орындарынан босатылған тұлғалар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы» ашылып, аталған адамдарды қабылдауға дайын.

Аймағымызда 2014 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту» жобасы жүзеге асырылып келеді. Аталған санаттағы азаматтарға құқықтық, психологиялық көмек және басқа да қызмет түрлері көрсетілуде.


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2016 жылдың I тоқсанына атқарылған есебі

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны – 325,2 мың адам (2014 ж.– 327,5 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 308,9 мың адам (2014 ж. – 311,1 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды (2014 ж. - 5,0 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,6 пайызды құрады (2014 ж. – 5,1 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеді.
2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 сәуіріне  2015 жаңа жұмыс орындары құрылды (1864 тұрақты орындар).
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 11486 адам хабарласты, соның ішінен 3610 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 31,4 пайызы) жұмысқа орналастырылды.  2270 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Нысаналы топтардаға жататын 150 азаматтың 104-і (69%) жұмыспен қамтылды. 
Облыста 19 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 255 жұмыс беруші 898 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1343- ге жуық жұмыс іздеушілер қатысып, оның 626-на жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді. 
«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 3,6 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде  бағдарламаның бағыттарына  - 3,4 млрд.теңге.
Бағдарламаға қатысушы ретінде 2483 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -87 % (2155 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 13 % (328 адам). Жалпы хабарласқандардың 1433-і жастар (58%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2553 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 2533 адам, соның ішінде тұрақты –1656 (соның ішінде МЗЖ – 64,8 %).
Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 28 жобаға  – 1265,9  млн.теңге (475 жұмыс орны). 
Соның ішінде 1 жоба 2015 жылдан өтпелі Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 57,9 млн.теңге (үнемделген қаржы- 6,4 млн.теңге,  51,446 тенге).
Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.
2015 жылдың қаржы есебінен 50 адам 100,0 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 6 адам өз кәсібін ашты.
қайтарылған қаржы есебінен 13 адамға 25,5 млн.теңгеге несиелендіріліп, 7 адам өз кәсібін ашты. 
Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге. 
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 145 мекеме, кәсіпорындарға 410 адам жолданды (алдыңғы жылдан жалғастырушы -35 адам), соның ішінде 24 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесі – 822 адамға -188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 319 мекеме, кәсіпорындарға 487 жас мамандар (алдыңғы жылдан жұмысты жалғастырушы 4 адам) жолданды, соның ішінде 36 адам  тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына – 2,3 млн.теңге қарастырылған. 

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2016 жылдың 1 сәуірінде 65997 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 438,5 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді. 

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 48,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 529 адамға 4,3 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. 
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 64,3%-ды, жұмыссыздар – 12,5%, жұмыс істейтіндер – 0,6%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 4,1%, зейнеткерлер – 1,1%, мүгедектер – 2,5%, студенттер – 3,2% бала күтіміндегілер – 9,4% және басқа да санаттағылар – 2,3% пайызды құрайды. 
Облыс бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздардың тартылуы нәтижесінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 470 адамға, ал төленген қаражат көлемі 4,2 млн. теңгеге азайды. 
Тұрғын үй көмегі: Бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 348,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7207 отбасына 156,0 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 18 отбасына, төленген қаражат көлемі 18,9 млн.теңгеге көбейген. 
18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 940,1 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 44868 балаға 295,2 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы тағайындалып, оның 278,2 млн.теңгесі төленді.
«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша:
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қызылорда облысының барлық аудандарында әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсету пилоттық жобасы енгізілді. Жобаны іске асыруға бюджеттен 36,7 млн.теңге, оның 12,0 теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді. 
Есепті кезеңге 592 адамға 8,0 млн. теңгеге ШАК тағайындалып, 4,8 млн.теңгесі төленді. Шартты ақшалай  көмектің орташа айлық мөлшері 4805,3 теңгені құрайды.
Жасалған әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. 
Жоба аясында аз қамтылған отбасыларынан 64 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 62 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2016 жылдың 1 сәуіріне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1386 адамға 43,8 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:
- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 52 азаматқа 0,6 млн. теңгеге;
- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 722 мүгедек балаға 14,3 млн.теңгеге;
- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 579 азаматқа қосымша тамақтануға 27,2 млн.теңгеге;
- лейкоз және анемиямен ауыратын 32 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 1,3 млн. теңгеге;
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 1отбасына 0,3 млн.теңге әлеуметтік көмектер төленді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2016 жылдың 1 сәуіріне 29517 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 3093, II топтағы - 11861, III топтағы - 9991, 18 жасқа дейінгі - 4572 мүгедек балалар тіркелген. 

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 858 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1374 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
2389 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 5692 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.
Кәсіптік оңалту.
Бүгінгі күнге облыс бойынша 45 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, оның ішінде:
Арал ауданы бойынша 4 адам, Қазалы ауданы бойынша 1 адам, Қармақшы ауданы бойынша 3 адам, Жалағаш ауданы бойынша 12 адам, Шиелі ауданы бойынша 4 адам, Жаңақорған ауданы бойынша 9 адам, Қызылорда қаласы бойынша 12 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК
Ағымдағы жылдың қаңтар айында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның ережесі, жаңа құрамы және жұмыс жоспары бекітілді,
2016 жылдың 31 наурызында үшжақты комиссияның отырысы өткізілді. Аталған жұмыс жоспарында жұмыс орындарының қысқаруы, алдын алу және жұмыспен қамту шараларын қарастыру, жалақы қарызы, ұжымдық еңбек даулардың алдын алу және шешілу жолдарын қарастыру, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасына енген мәселелер қаралды.
ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС
Қоғамдағы қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2016  жылға бөлінген қаражат 10,7 млн.тенгені құрады.
ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ

Қызылорда облысына 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 450 бірлік квота бөлінген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 20 бірлік,  2-ші санат бойынша 108, 3-ші санат бойынша 219, 4-санат бойынша 103 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

Өткен 2015 жылмен салыстырғанда квота 56 бірлікке артқан.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 14 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 5411 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 132 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 15 адам, 2-санат бойынша - 53 адам, 3-санат бойынша – 64 адам.

2016 жылдың 1 сәуіріне 37 қазақстандық азаматтар даярлау, қайта даярлаудан және 63 қазақстандық азаматтар біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 4 жұмыс орындары құрылды.

ОРАЛМАНДАР БОЙЫНША

Республикалық «Оралман» деректер базасының мәліметіне сәйкес 2016 жылдың 1 сәуіріне облыс аумағына Өзбекстан Республикасынан  5 отбасы/құрамында 8 адам қоныс аударған. Барлығы да еңбекке жарамды жасындағылар. Мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына 3 адам, Қармақшы ауданына 3 адам, Шиелі ауданына 2 адам тұрақты тіркеліп, ықтиярхаттарын алған. Жұмыссыз ретінде тіркелген 6 жұмыссыз оралман тіркелген.


Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2015 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша қорытындысы

 

Халықты жұмыспен қамту

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың III тоқсанына экономикалық белсенді халық саны – 325,4 мың адам (2014 ж. 3 тоқсан – 362,1 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 309,4 мың адам (2014 ж. 3 тоқсан - 343,9 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды (2014 ж. 3 тоқсан - 5,0 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,1 пайызды құрады (2014 ж. 3 тоқсан – 4,5 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендеді.

Облыс бойынша жалдамалы жұмыскерлер саны 190928 адамды құраса, соның ішінде Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мәліметіне сәйкес 186724 адамның міндетті зейнетақы жарналары аударылған (1.07.2014 ж - 122348).

2015 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,нақты 12035 жаңа жұмыс орындары құрылды (9835 тұрақты орындар, немесе жоспардың 103,5 %).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 31374 адам хабарласты, соның ішінен 16726 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 53,3 пайызы) жұмысқа орналастырылды.

Соның ішінде, хабарласқан нысаналы топтардағы азаматтардың жұмыспен қамтылғандар үлесі 44,2 %, (мүгедектер - 311, жазасын өтеу орындарынан босап келгендер – 92, оралмандар -3).

Облыста 84 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1183 жұмыс беруші 3422 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 6422 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 2386-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Соның ішінде 32 арнайы мамандарылған жәрменкелер өткізілді: 16 жәрмеңке – мүмкіндігі шектеулі тұрғаларға, 8 - оқу орындарының түлектеріне, 8 – жазасын өтеу орындарынан босап келген азаматтарға арналған, нәтижесінде жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне 643 мүгедектер мен жазасын өтеу орындарынан босағандарға жолдама берілді.  

Жұмыспен қамту органдары облыстағы мекеме, кәсіпорындардан жұмыскерлердің жұмыс уақытының немесе штат кестесінің қысқаруы жөнінде   күнделікті  мониторинг жүргізілуде. Жыл соңына 41 мекеме, кәсіпорындардан 883 адам қысқартылып, соның ішінде 199 адам жұмыспен қамтылды, қалған 684 –мен тиісті жұмыстар жүргізілуде.  9 кәсіпорыннан 370 адам ақысыз демалыста, 2 кәсіпорыннан 43 адам толық емес жұмыс уақытына көшірілді.

2015 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 23386 адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 13502 жұмыссыздар, 9884 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың  39,2 пайызын құрайды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 27429 адам қамтылды (117 %), соның ішінде:

- 5794 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар (2184 орын) 265 пайызға орындалды (Нұрлы жол – 77 адам; ЖҚЖК – 2020 – 382 адам, ҮИИДБ – 163 адам, Агробизнес 2020 -115 адам, БЖК 2020 – 292 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 989 адам, аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – 3535 адам, Жасыл Ел – 241 адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 418 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (299 адам)  140 пайызы;

- жастар тәжірибесіне 617 адам немесе жылдық жоспардың (279 адам) 221 пайызы;

- қоғамдық жұмыстарға 7761 адам немесе жылдық жоспардың (8300 адам) 94 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 451 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (450 адам) 100 пайызы;

- 516 адамға шағын несие берілді, жылдық жоспардың  (520 адам) 99,2 пайызы және 712 адам нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан (жоспар -294) салық органдарына тіркеліп формалды секторға енгізілді;

- мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай 11148 адам жұмыспен қамтылды, жылдық жоспардың (11060 адам) жоспардың 101 пайызы орындалды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  

Бағдарламаға қатысушы ретінде 6534 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -70,3 % (4595 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 29,7 % (1939 адам). Оның ішінен 2950-і жастар (45,1%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 9204 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 8695 адам, соның ішінде тұрақты – 8078 (соның ішінде МЗЖ – 78,3 %).     

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2015 жылға 2121,7 млн теңге қаралған, соның ішінде  бағдарламаның бағыттарына  - 1959,4 млн.теңге, соның ішінде 99,9 пайызы немесе 2121,5 млн.теңге қаржы игерілді.

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 17 жобаға  – 569,1  млн.теңге.

инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту – 16 жоба, 527,6 млн.теңге - 199 орын, игерілгені 527,3 млн.теңге, (үнемделген қаржы 289, мың.теңге) 208 жұмыс орны құрылды;

Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 41,5 млн.теңге 30 орын, жұмыстар басталып 6 жұмыс орыны құрылды.

Қазіргі кезеңде 17 жобаның, 16 –де жұмыстар аяқталды, 214 жұмыс орыны құрылды, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы - 129 адам жұмыспен қамтылды. 1 жоба ауылдық елді мекендегі дәрігерлік амбулатория құрылысы  (41,5 млн.тенге) 2016 жылға өтпелі

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту– 277 адамға 721,251 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында республикалық бюджеттен қосымша 300,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Қаржы толық игерілді.

Барлығы 516 адам  1217,1 млн.теңгеге несиелендіріліп, соның ішінде:

биылғы жылғы республикалық бюджеттің қаржысы есебінен 205 Бағдарлама қатысушысы 421,3 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 121 адам өз кәсібін ашты;

қайтарылған қаржының есебінен 311 адам 795,8 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 198 адам өз кәсібін ашты.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 160 мекеме, кәсіпорындарға 380 адам жолданып (жоспар – 262 адам), 268–і тұрақты жұмыспен қамтылды (70,5 пайызы).

 Жастар тәжірибесіне 363 мекеме, кәсіпорындарға  617 жас мамандар жолданып (жоспар – 279 адам), 236 –і  тұрақты жұмыспен қамтылған (38,2 пайызы).

2015 жылы бағдарлама аясында оқуға жолданған 2147 адамның 2105 -сі  оқуды аяқтап 1044 -і жұмыспен қамтылған (50 %), жалпы санының ішінен 314 адам дәлелді себептермен жұмысқа орналаса алмайды.

Бағдарламаның екінші компоненті –қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыру.

Қызылорда облысы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің арасында жасалған 2014 жылдың 30 қазан № 30 «Халықты жұмыспен саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға»  сәйкес  2014 жылы – ШҚО Риддер қаласына 6 отбасы, 2015 жылы  -2 отбасы қоныс аударып, жұмыспен қамтылды.

Бағдарлама басталғалы бері облыста 124 тұрғын үй салынды, (соның ішінде 4 көпқабатты), 314 пәтер, 285 отбасы 1317 адам қоныс аударып, соның ішінде 685 еңбекке жарамды бағдарлама қатысушыларының 482-сі, немесе 70,4 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар 2013  -2014 жылдары жұмысберушілердің 10 пайызды үлесін қосуымен 42 тұрғын үйлердің (49 пәтер) құрылысы аяқталып, 20 отбасы, 74 адам қоныс аударып, 42 еңбекке жарамды азаматтардың 31-і (73,8 %) тұрақты жұмыспен қамтылды. Қармақшы ауданы 14 отбасы (құжаттары рәсімделуді) және Қазалы ауданында 15 отбасы келесі жылдың басында қоныс аударатын болады.

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына – 1238 мың.теңге бөлініп, толығымен игерілді, облыс бойынша 173 билбордтар барлық елді мекендерде орнатылды.

Әлеуметтік көмек

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 65743 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1345,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға нақтыланған бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 27,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюжеттен 7,3 млн.теңге қаражат қаралған. 2016 жылдың 1 қаңтарына 1700 адамға 27,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 1074 адамға, ал төленген қаражат көлемі 11,7 млн. теңгеге азайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 64,9%-ды, жұмыссыздар – 12,6%, жұмыс істейтіндер – 1,6%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 5,6%, зейнеткерлер – 0,3%, мүгедектер – 2,6%, студенттер – 2,9% бала күтіміндегілер – 8,1% және басқа да санаттағылар – 1,2% пайызды құрайды.

Облыс бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздар тартылды. Осыған орай, өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі 3,1 пайызға азайып, 29,2 пайызды құрап отыр.

Тұрғын үй көмегі: Бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 344,8 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 8675 отбасына 319,5 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 160 отбасына, ал төленген қаражат көлемі 16,7 млн. теңгеге азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 998,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 63,0 млн.теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 55368 балаға 998,1 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алатын балалардың саны 149 балаға азайды.

Шартты ақшалай көмек пилоттық жобасы:

Қолданыстағы әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданыында әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек көрсету пилоттық жобасы енгізілді. Жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 5,7 млн.теңге қаражат бөлінді.

Жоба аясында есепті кезеңге әлеуметтік келісім шарт негізінде 168 адамға 5,7 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып төленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 6737,1 теңгені құрайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2016 жылға облыстық бюджеттен 37,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 330 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас азаматтарға 30,3 млн.теңгеге 58800 ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2016 жылдың 1 қаңтарына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 33089 адамға 999,5 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 62 азаматқа 2,8 млн. теңге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 7023 адамға 419,4 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне, Совет Армиясы мүгедектеріне, Семей ядролық полигонының тікелей қатысушыларына, барлығы 1400 адамға 83,3 млн.теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек  болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 46 адамға 0,3 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 901 мүгедек балаға 39,6 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1094 азаматқа қосымша тамақтануға122,7 млн.теңге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 13 азаматқа (отбасына) 4,5 млн.теңге;

- лейкоз және анемиямен ауыратын 33 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 4,5 млн. теңге;

- Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде академиялық бакалавр  және магистр дәрежесін алуға халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 361 студентке білім беру қызметіне ақы төлеу үшін 154,2 млн. теңге;

- ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін 22156 мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға 168,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарына 27999 мүгедектер, оның ішінде  I топтағы - 2573, II топтағы - 11315, III топтағы - 9667, 18 жасқа дейінгі - 4444 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2015 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 256,4 млн.теңге бөлінді.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 862 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1324 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2016 жылдың 1 қаңтарына 8806 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 12909 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 311 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, оның ішінде:

Арал ауданы бойынша 44 адам, Қазалы ауданы бойынша 32 адам, Қармақшы ауданы бойынша 39 адам, Жалағаш ауданы бойынша 18 адам, Сырдария ауданы бойынша 32 адам, Шиелі ауданы бойынша 48 адам, Жаңақорған ауданы бойынша 26 адам, Қызылорда қаласы бойынша 72 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік әріптестік

2015 жылдың басынан бері облыстық үш жақты комиссияның 9 отырысы өткізілді.

Комиссия отырыстары барысында жұмыспен қамту бағдарламасының жүзеге асырылуы, аймақтағы қоғамдық саяси жағдай, мұнайсервистік компаниялардың еңбек қатынастары саласындағы жағдай, еңбек даулары мен жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу бойынша бизнес-қауымдастықтармен жұмыс туралы мәселелері талқыланып келеді.

2015 жылдың 11 желтоқсанында Астана қаласында республикалық «Парыз» конкурсының нәтижелерімен «Үздік әлеуметтік жауапты қәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субьектілері арасында «Саутс-Ойл» ЖШС, орта және шағын кәсіпкерлік субьектілері арасында «Абзал и К» ТС лауреат атағын иемденгендер.

Әлеуметтік тапсырыс

Қоғамдағы қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2015 жылға бөлінген қаражат 10,6 млн.тенгені құрады.

Жобада көрсетілген іс-шаралар бойынша Ұлы Жеңістің  70 жылдық

мерекесіне сонымен қатар, 1 қазан Халықаралық қарттар күні, 16-17 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні мерекелеріне орай облыстағы соғыс және тыл ардагерлеріне сый-сияпат көрсетіліп,  мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, ас берілді.

2015 жылдың қорытындысымен жалпы облыс бойынша ардагерлердің саны 59384 адамды құраған, оның ішінде аталған іс-шараларға қатысып жүрген ардагерлердің саны 600 адамға жуық. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы ардагерлердің бастауыш ұйымдарының саны 702 жетті.

Шетел жұмыс күшін тарту

Қызылорда облысына, оның ішінде басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2015 жылға бөлінген квотада 394 шетел мамандарын тарту белгіленген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 31 бірлік, 2-ші санат бойынша 151, 3-ші санат бойынша 160, 4-санат бойынша 52 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

Өткен 2014 жылмен салыстырғанда квота 320 бірлікке кеміді.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 14 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 5502 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 116 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 15 адам, 2-санат бойынша - 53 адам, 3-санат бойынша – 48 адам.

2015 жылы 182 қазақстандық азаматтар даярлау, қайта даярлаудан және 5145 қазақстандық азаматтар біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 168 жұмыс орындары құрылды.

Оралмандар бойынша

2015 жылы облыс аумағына қоныс аударған 18 этникалық қазақтар отбасы/құрамында 35 адам. Олардың ішінде Өзбекстан Республикасынан келгендер саны- 17 отбасы/33 адам, Украинадан- 1 отбасы/2 адам, барлығына оралман мәртебесі берілді.

Олардың 21 - еңбекке жарамды жасындағылар,  мекен-жайы бойынша 17 отбасы/34 адам Қызылорда қаласына, 1 адам Қармақшы ауданына тұрақты тіркеліп, ықтиярхаттарын алған.

Жұмыссыз ретінде тіркелген - 15 оралман, соның 3- тұрақты жұмыспен, 2 - ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды, кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына- 3 жолданды, 1- шағын несие берілді.

Жазасын өтеп шыққан сотталғандар бойынша

Жазасын өтеп келгендерден жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны - 184, соның 98 - тұрақты жұмысқа орналасты, 37 - ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды, 4 - кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына, 1- жастар тәжірибесіне  жолданды, 4- шағын несие берілді,13 адам өз бетінше жұмысқа орналасқан.


2015 жылдың 1 қазанына атқарылған жұмыстар

 

Халықты жұмыспен қамту.

2015 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 қазанға 8949 жаңа жұмыс орындары құрылды (7340 тұрақты орындар, немесе жоспардың 91,8 %).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 23078 адам хабарласты, соның ішінен 9828 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 42,6 пайызы) жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 179-і мүгедектер.

Облыста 62 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 736 жұмыс беруші 2359 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 4742 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1492-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Жұмыспен қамту органдары облыстағы мекеме, кәсіпорындардан жұмыскерлердің жұмыс уақытының немесе штат кестесінің қысқаруы жөнінде күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Кешенді жоспар аясында 2015 жылы облыс бойынша 23386 адамды қамту жоспарланып отыр, соның ішінде 13502 жұмыссыздар, 9884 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың  39,2 пайызын құрайды.

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 24386 адам қамтылды (104 %), соның ішінде:

- 5735 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар (2184 орын) 263 пайызға орындалды (Нұрлы жол – 50 адам; ЖҚЖК – 2020 – 382 адам, ҮИИДБ – 163 адам, Агробизнес 2020 -114 адам, БЖК 2020 – 274 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 989 адам,  аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – 3522 адам, Жасыл Ел – 241 адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 431 адам (былтырғы жылдан жалғастырылған 87 адаммен қоса алғанда) жолданды немесе жылдық жоспардың (299 адам)  144 пайызы;

-  жастар тәжірибесіне 607 адам немесе жылдық жоспардың (279 адам) 218 пайызы;

- қоғамдық жұмыстарға 6536 адам немесе жылдық жоспардың (8300 адам) 79 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 450 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (450 адам) 100 пайызы;

- 465 адамға  606,5 млн.теңге шағын несие берілді, жылдық жоспардың (520 адам) 89 пайызы және 330 адам шағын несие алып, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан (жоспар -294) салық органдарына тіркеліп формалды секторға енгізілді;

- мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай 9785 адам жұмыспен қамтылды, жылдық жоспардың (11060 адам) жоспардың 88  пайызы орындалды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы. Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 2800 адам хабарласып, соның ішінен 2792 адам бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізілді оның: өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 16,9 % (471 адам), жұмыссыздар -83,1 % (2321 адам). Оның ішінен 1359-і  жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4542 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 4400 адам, соның ішінде тұрақты - 3462.       

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына 2015 жылға Қызылорда облысына 2015 жылға 1877,9  млн теңге қаралған, соның ішінде тек  2015 жылы бағдарламаның бағыттарына  - 1099,4 млн.теңге.

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2015 жылдың 1 қазанына 60471 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 985,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек. Бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 35,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюжеттен 7,3 млн.теңге қаражат қаралды. 2015 жылдың 1 қазанына 1487 адамға 21,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 843 адамға, ал төленген қаражат көлемі 8,3 млн. теңгеге азайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 65,4%-ды, жұмыссыздар – 13,2%, жұмыс істейтіндер – 1,8%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 4,4%, зейнеткерлер – 0,3%, мүгедектер – 2,9%, студенттер – 2,8% бала күтіміндегілер – 8,1% және басқа да санаттағылар – 1,1% пайызды құрайды.

Облыс бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздар тартылды. Осыған орай, өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі 28,6 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға азайды.

Тұрғын үй көмегі: 2015 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 344,8 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7528 отбасына 212,4 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 458 отбасына, ал төленген қаражат көлемі 9,2 млн. теңгеге азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2015 жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 943,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 63,0 млн.теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 51456 балаға 752,3 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алатын балалардың саны 1187 балаға азайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2015 жылға облыстық бюджеттен 37,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге сапалы тамақтануды қажет ететін 240 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас азаматтарға 17,3 млн.теңгеге 33901 ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2015 жылдың 1 қазанына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10077 адамға 625,1 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 61 азаматқа 2,1 млн. теңге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 7023 адамға 419,4 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне, Совет Армиясы мүгедектеріне, Семей ядролық полигонының тікелей қатысушыларына, барлығы 1400 адамға 83,3 млн.теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек  болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 46 адамға 0,3 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 830 мүгедек балаға 25,7 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 705 азаматқа қосымша тамақтануға 90,8 млн.теңге;

- табиғи  зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 12 азаматқа (отбасына) 3,5 млн.теңге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 33 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 3,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту.

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 27808 мүгедектер, оның ішіндеI топтағы - 2541, II топтағы - 11288, III топтағы - 9608, 18 жасқа дейінгі - 4371 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2015 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 256,4 млн.теңге бөлінді.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 871  жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1341 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2015 жылдың 1 қазанына 7030 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 10308 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 179 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, оның ішінде:

Арал ауданы бойынша 26, Қазалы ауданы бойынша 14, Қармақшы ауданы бойынша 18, Жалағаш ауданы бойынша 8, Сырдария ауданы бойынша 22, Шиелі ауданы бойынша 28, Жаңақорған ауданы бойынша 19, Қызылорда қаласы бойынша 44 адам  тұрақты жұмысқа орналастырылды. 

Әлеуметтік әріптестік.

Ағымдағы жылдың басынан бері әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның  отырыстары 7 рет  өткізілді.

Отырыстар барысында жұмыспен қамту және жұмыссыздықты болдырмау, әлеуметтік еңбек жанжалдарының алдын алу және жалақы қарыздарын өтеу бойынша шаралар туралы сонымен қатар қазақстандық жұмысшылар мен шетел жұмысшыларының арасындағы жалақыдан сәйкессіздігі (диспропорция), құрылыс саласындағы еңбек қатынастары туралы, мұнай өндіруші және мұнайсервистік компаниялардың еңбек қатынастары саласындағы жағдайы туралы, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтауда кәсіподақ ұйымдарының рөлі туралы, еңбек даулары мен жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу бойынша бизнес-қауымдастықтармен жұмыс туралы т.б.  мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі тарапынан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2015» конкурсының облыстық іс шаралар жоспары бекітілді.

Бүгінгі күнге «Парыз - 2015» конкурсына тиісті номинациялар бойынша қатысуға 80 астам ірі, орта және кәсіпорындарға хаттар жолданып, конкурсқа қатысуға 17 мекеме ниет білдіріп отыр. Тапсырылған құжаттарға тиісті кестеге сәйкес бағалау (бал қою) жұмыстары жүргізіліп Министрлікке электрондық поштамен жолданған.  

Әлеуметтік тапсырыс.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезеңінде ҮЕҰ-дың қажеттіліктерін зерделеу жұмыстары жалғастырылуда. Қоғамдағы қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2015 жылға бөлінген қаражат 10,6 млн.тенгені құрады, 12 млн.тенге Жеңіс күнінің 70-жылдығын атап өтуге бөлінген сонымен қатар Байқоңыр қаласы бойынша қоғамдық келісімді нығайтуға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға 6,2 млн.тенге бөлінген.

2015 жылдың 9 ай қорытындысымен жалпы облыс бойынша ардагерлердің саны 59384 адамды құраған, оның ішінде аталған іс-шараларға қатысып жүрген ардагерлердің саны 600 адамға жуық. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы ардагерлердің бастауыш ұйымдарының саны 702 жетті.

Шетел жұмыс күшін тарту.

Қызылорда облысына, оның ішінде басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2015 жылға бөлінген квотада 394 шетел мамандарын тарту белгіленген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 31 бірлік,  2-ші санат бойынша 151, 3-ші санат бойынша 160, 4-санат бойынша 52 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

Өткен 2014 жылмен салыстырғанда квота 320 бірлікке кеміді.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 16 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6131 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 142 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 16 адам, 2-санат бойынша - 62 адам, 3-санат бойынша – 64 адам.

2015 жылдың 1 қазанына 125 қазақстандық азаматтар даярлау, қайта даярлаудан және 4566 қазақстандық азаматтар біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 164 жұмыс орындары құрылды

Оралмандар бойынша.

Үстіміздегі жылдың 9 айында Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған этникалық қазақтардың барлығы 7 отбасы/11 адамына оралман куәліктері берілді.  

Олардың 8 - еңбекке жарамды жасындағылар, барлығы мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына тұрақты тіркеліп, ықтиярхаттарын алған. Келген оралмандардың білімі мен мамандығы бойынша 2– жоғары білімі бар, 2- арнаулы орта, 4 – жалпы орта, мамандықтары бойынша 3-мұғалімдер, 1 – техник-механик, 4-басқа мамандық иелері.

Облыс бойынша жұмыспен қамту органдарына ресми түрде 2015 жылдың 1 қазанына жұмыссыз ретінде тіркелген - 13 оралман, соның 2- тұрақты жұмыспен, 2 - ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды, 1 кәсіптік оқуға жолданды, 1- шағын несие алған.


2015 жылдың 1 шілдесіне атқарылған жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту.

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1 тоқсанына экономикалық белсенді халық саны – 367,7 мың адам (2014 ж.- 352,9 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 349,2 мың адам (2014 ж.- 334,4 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды (2014 ж.-5,2 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,1 пайызды құрады (2014 ж.-6,8 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға төмендеді.

2015 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 шілдесіне 5039 жаңа жұмыс орындары құрылды (4413 тұрақты орындар, немесе жоспардың 46,5%).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 14111 адам хабарласты, соның ішінен 5352 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 38 пайызы) жұмысқа орналастырылды.

Облыста 42 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 366 жұмыс беруші 1116 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 2322 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 920-на жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Жұмыспен қамту органдары облыстағы мекеме, кәсіпорындардан жұмыскерлердің жұмыс уақытының немесе штат кестесінің қысқаруы жөнінде   күнделікті  мониторинг жүргізілуде.

Кешенді жоспар аясында 2015 жылы облыс бойынша 23386 адамды қамту жоспарланып отыр, соның ішінде 13502 жұмыссыздар, 9884 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың  39,2 пайызын құрайды.

2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту  бағдарламалар шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен 16034 адам қамтылды, соның ішінде:

- 3777 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар (2184 орын) 172,9 пайызға орындалды (ЖҚЖК – 2020 – 96 адам, ҮИИДБ – 154 адам, Агробизнес 2020 -20 адам, БЖК 2020 – 262 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 30 адам,  аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – 3215 адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 364 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (299 адам)  163,8 пайызы;

-  жастар тәжірибесіне 449 адам немесе жылдық жоспардың (279 адам) 178,9 пайызы;

- қоғамдық жұмыстарға 4688 адам немесе жылдық жоспардың (8300 адам) 56,5 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 330 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (450 адам) 73,3 пайызы;

- 165 адамға  349,3 млн.теңге шағын несие берілді, жылдық жоспардың (520 адам) 35,4 пайызы және 42 адам шағын несие алып, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан салық органдарына тіркеліп формалды секторға енгізілді;

- мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай 6262 адам жұмыспен қамтылды, жылдық жоспардың (11060 адам) жоспардың 56,6 пайызы орындалды.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру жұмыстары  жалғасын табатын болады.

Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 1165 адам хабарласып, соның ішінен 1165 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды, оның: өз бетінше жұмыспен қамтылғандары –24,3 % (283 адам), жұмыссыздар -75,7 % (882 адам). Оның ішінен 715-і  жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1992 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 1956 адам, соның ішінде тұрақты - 1112.      

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына 2015 жылға Қызылорда облысына 2015 жылға 1877,9  млн теңге қаралған, соның ішінде тек  2015 жылы бағдарламаның бағыттарына  - 1099,4 млн.теңге.

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 17 жобаға  – 575, 1  млн.теңге.

инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту – 16 жоба, 533, 586 млн.теңге - 199 орын, игерілгені 203 млн.теңге, 164 жұмыс орны құрылды;

Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 41,5 млн.теңге 30 орын.

Қазіргі кезеңде 15 жоба жұмыстар басталып, 164 жұмыс орыны құрылды, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы -95 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту– 140 адамға  421,251 млн.теңге бөлінді.

Есепті кезеңге (республикалық бюджеттің қаржысы) 115 Бағдарлама қатысушысы 239,4 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 69 адам өз кәсібін ашты.

Қайтарылған қаржының есебінен 50 адам 109,9 млн.теңгеге несиелендірілді, сосның ішінде 30 адам өз кәсібін ашты.

231 жаңа жұмыс орындары құрылды (соның ішінде өз ісін ашқан есебінен -112 орын, кеңейтілген есебінен – 117 орын).

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге – 718,3 млн.теңге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 135 мекеме, кәсіпорындарға 336 адам жолданып (22,2 млн.теңге қаржы төленді),141 –і тұрақты жұмыспен қамтылды.

2014 жылдан бері жұмысын жалғастырған 87 адам ішінен 34-і жұмыс мерзімін аяқтап, 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар тәжірибесіне 292 мекеме, кәсіпорындарға  449 жас мамандар жолданып (26,6 млн.теңге қаржы төленді), 302 –сі тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қызылорда қаласында 7 екі пәтерлік үй пайдалануға беріліп, 14 отбасы (59 адам) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударды (58 адамға 2,0 млн.теңге субсидия төленді). Соның ішінде 27 еңбекке жарамды азаматтардың 21-і жұмыспен қамтылды.

Қазалы ауданында 35 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген 6 үйге 6 отбасы қоныс аударды (31 адам), соның ішінде еңбекке жарамдылары – 20 адам болса, 6-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Алдыңғы жылдардан бері 2116 бағдарлама қатысуышысы оқуын жалғастыруда, сол кездерден бері оқуын аяқтап жұмыспен қамтылмаған 1184 адамның  414 –і жұмыспен қамтылды, 351-і түрақты жұмыспен, 59- і жастар тәжірибесіне, 4- і әлеуметтік жұмыс орындарына  жолданды.  

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2015 жылдың 1 шілдесіне 56334 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 689,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: Бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 67,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюжеттен 7,3 млн.теңге қаражат қаралды. 2015 жылдың 1 шілдесіне 1300 адамға 15,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 723 адамға, ал төленген қаражат көлемі 3,3 млн. теңгеге азайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 65,2%-ды, жұмыссыздар – 13,6%, жұмыс істейтіндер – 1,7%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 4,1%, зейнеткерлер – 0,3%, мүгедектер – 2,2%, студенттер – 3,0% бала күтіміндегілер – 8,7% және басқа да санаттағылар – 1,2% пайызды құрайды.

Облыс бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздар тартылды. Осыған орай, өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі 29,3 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,0 пайызға азайды.

Тұрғын үй көмегі: 2015 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 344,8 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7318 отбасына 177,3 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 592 отбасына, ал төленген қаражат көлемі 2,4 млн. теңгеге азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2015 жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 864,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 63,0 млн.теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 47716 балаға 496,8 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алатын балалардың саны 1595 балаға азайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2015 жылға облыстық бюджеттен 37,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге сапалы тамақтануды қажет ететін 240 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас азаматтарға 9,1 млн.теңгеге 17748 ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2015 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9582 адамға 564,2 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

 - ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 1,5 млн. теңге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 7017 адамға 419,0 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне, Совет Армиясы мүгедектеріне, Семей ядролық полигонының тікелей қатысушыларына, барлығы 1066 адамға 63,4 млн.теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек  болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 46 адамға 0,3 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 741 мүгедек балаға 16,1 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 613 азаматқа қосымша тамақтануға 60,3 млн.теңге;

- табиғи  зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 7 азаматқа (отбасына) 2,1 млн.теңге әлеуметтік көмектер төленді.

-лейкоз және анемиямен ауыратын 32 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 1,6 млн. теңге әлеуметтік көмектер төленді.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту.

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2015 жылдың 1 шілдесіне 27296 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2502, II топтағы - 11107, III топтағы - 9398, 18 жасқа дейінгі - 4289 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2015 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 256,4 млн.теңге бөлінді.

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдар және жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құралдарды қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне таратылды.

Мүгедектерге 2015 жылға санаторий-курорттық емделуге 998 жолдама қарастырылды.

Протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін «Алматы протез-ортопедиялық орталығы» АҚ-мен 90,0 млн.теңгеге келісім шартқа отырып, мүгедектерге протезді-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге кезең-кезеңімен жіберіліп отыр.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 870 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1322 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2015 жылдың 1 шілдесіне 4644 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 5827 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту. Бүгінгі күнге облыс бойынша 124 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік әріптестік.

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы өткізіліп 2015-2017 жылдарға арналған республикалық Бас келісімнің негізінде облыстық үшжақты келісім қабылданып, комиссия құрамы және іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қалалық және аудандық әкім орынбасарлары басшылық ететін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөнінде комиссияларға тиісті тапсырмалар беріліп келісім аясында өзара қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

Аталған келісімдер аудандық және Қызылорда қаласы деңгейінде де қабылданып, үш жақты комиссиялардың 2015 жылдың басынан бері облыстық үш жақты комиссияның 5 отырысы өткізілді.

Жыл басынан бастап облыстық үш жақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты түрде отырыстары өткізілуде, ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Жалағаш, 14 наурызда Сырдария, 18 сәуірде Жаңақорған аудандарында үш жақты комиссияның көшпелі отырыстары өткізілді, 28 мамырда Қызылорда қаласында комиссияның кезекті отырысы өткізілсе, 20 ақпанда комиссияның кеңейтілген отырысы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың  төрағалығымен  өткізіліп, бірқатар келелі мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

Комиссия отырыстары барысында облыстық, аудандық үш жақты комиссиялардың атқарған жұмыстарының есебі, жұмыспен қамту бағдарламасының жүзеге асырылуы, аймақтағы қоғамдық саяси жағдай туралы, мұнай өндіруші және мұнайсервистік компаниялардың еңбек қатынастары саласындағы жағдай туралы, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтауда кәсіподақ ұйымдарының рөлі туралы, еңбек даулары мен жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу бойынша бизнес-қауымдастықтармен жұмыс туралы мәселелері талқыланып келеді.  

Сонымен қатар, жүмыссыздықты болдырмау, еңбек жағдайлары оның ішінде кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы жалақыға қарыздары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау туралы мәселелері тұрақты түрде ай сайын қаралуда.

Облыс әкімдігі тарапынан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2015» конкурсының облыстық іс шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Парыз-2015» конкурсы туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабараландырулар жарияланды.

Сонымен қатар, облыстық «Қазақстан–Қызылорда» телеарнасында «Парыз - 2015» конкурсын ұйымдастыру жұмыстарын өткізу шеңберіңде мемлекеттік және орыс тілдерінде түсірілген бейнероликтер көрсетілуде.

Бүгінгі күнге облыс бойынша «Парыз-2015» конкурсына 9 өтінім қабылданып, тапсырылған құжаттарға талдау және бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік тапсырыс.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезеңінде ҮЕҰ-дың қажеттіліктерін зерделеу жұмыстары жалғастырылуда. Қоғамдағы қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2015 жылға бөлінген қаражат 10,6 млн.тенгені құрады, 12 млн.тенге Жеңіс күнінің 70-жылдығын  атап өтуге бөлінген сонымен қатар Байқоңыр қаласы бойынша қоғамдық келісімді нығайтуға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға 6,2 млн.тенге бөлінген.

Жоба аясында іске асырылған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылады.

2014 жылдың қорытындысымен жалпы облыс бойынша ардагерлердің саны 59384 адамды құраған, оның ішінде аталған іс-шараларға қатысып жүрген ардагерлердің саны 600 адамға жуық. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы ардагерлердің бастауыш ұйымдарының саны 702 жетті.

Жобада көрсетілген іс-шаралар бойынша Ұлы Отан соғысының  ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар халықтың әлжуаз топтарына қоғамдық  қабылдаулар ұйымдастыру,  жасөспірімдермен (орта және жоғарғы оқу орындарының оқушылары) патриоттық рүхта тәрбиелеу мақсатында түрлі кездесулер ұйымдастыру және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін бойына сіңіру жөнінде тәрбие жұмыстары жүргізіледі.                              

Шетел жұмыс күшін тарту.

Қызылорда облысына, оның ішінде басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2015 жылға бөлінген квотада 394 шетел мамандарын тарту белгіленген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 31 бірлік,  2-ші санат бойынша 151, 3-ші санат бойынша 160, 4-санат бойынша 52 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ. Өткен 2014 жылмен салыстырғанда квота 320 бірлікке кеміді.Қызылорда облысы бойынша бірлескен 17 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6900 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 148 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 16 адам, 2-санат бойынша - 60 адам, 3-санат бойынша – 72 адам. 2015 жылдың 1 шілдесіне 88 қазақстандық азаматтар даярлау, қайта даярлаудан және 1793 қазақстандық азаматтар біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 164 жұмыс орындары құрылды.

Оралмандар бойынша.

2015 жылдың 1 шілдесіне Өзбекстан Республикасынан жеке қоныс аударған 4 этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру жөнінде өтініштері тіркеліп, оралман куәліктері берілді. Олардың 4 - еңбекке жарамды жасындағылар, олар мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына тұрақты тіркеліп, ықтиярхаттарын алған.  Келген оралмандардың білімі мен мамандығы бойынша 2– жоғары білімі бар мұғалімдер, 2– мамандығы жоқ.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысу, жұмыспен қамту, кәсіптік оқулар, әлеуметтік көмектер, өз ісін ашу үшін несие алу, жеңілдіктерге қатысты әлеуметтік, құқықтық жөнінде оралмандарға арналған түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде және жергілікті телеарнада, басылымдарда мақала, хабарламалар жариялануда. Облыс бойынша жұмыспен қамту органдарына ресми түрде 2015 жылы жұмыссыз ретінде тіркелген - 6 оралман, соның 2 - ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Жазасын өтеп шыққан сотталғандар бойынша.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар мен жаза өтеу орындарынан босатылғандарды жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізінде ағымдағы жылдың 17 наурызында жұмыспен қамту квотасы белгіленді.

Бекітілген квота бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына аталған санаттағы азаматтардың 23 қамтылады, оның ішінде 9 адамға бағдарламаның екінші бағыты аясында шағын несие беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаза өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, 19 наурызда бекітілді. Бұл Жол картасымен биыл облыс бойынша 51 адамды жұмыспен қамту, 33 адамды «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатыстыру және 2 адамды жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарына жіберу көзделіп отыр.

Кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына 2015 жылға 16 мамандық бойынша оқыту белгіленген. Даярлық курстан кейін жұмыспен қамтуға ықпал жасалады.

2015 жылдың 1 шілдесінежұмыспен қамту органдарына жазасын өтеп келгендерден 92 адам хабарласып,  квота бойынша 41 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 22 - ақылы қоғамдық жұмысқа, кәсіптік оқу  және қайта даярлау курстарына – 3, жастар практикасына 1 адам жолданды.

Әлеуметтік төлемдер бойынша 6 адам - атаулы әлеуметтік көмек, 12 адам - 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын және 6 адам - тұрғын үй көмегін алуда.

 


Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2015 жылдың 1 сәуіріне атқарылған жұмыстары

 

Халықты жұмыспен қамту 2015 жылы 9750 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 сәуіріне  2296 жаңа жұмыс орындары құрылды (2004 тұрақты орындар).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 8190 адам хабарласты, соның ішінен 2492 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 30,4 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде мүгедектер -54.

Облыста 20 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 224 жұмыс беруші 654 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1360- ға жуық жұмыс іздеушілер қатысып, оның 404-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Жұмыспен қамту органдары облыстағы мекеме, кәсіпорындардан жұмыскерлердің жұмыс уақытының немесе штат кестесінің қысқаруы жөнінде   күнделікті  мониторинг жүргізілуде.

2015 жылдың 1 сәуіріне облыста 153 адам қысқартылып, облыстағы 12 мекеме, кәсіпорындарда 323 адам еңбекақысыз демалыста, 18 кәсіпорыннан 424 адамның қысқартылуы жөнінде мәлімет түсті.

Үстіміздегі жылдың 12 наурызында  облысы бойынша 2015 жылға арналған Халықты жұмыспен қамту кешенді жоспары бекітілді.

Жоспардың басты мақсаты жұмысыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу.    Нысаналы топтарға жататын 23386 адамды  жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамту, соның ішінде: 22,6 мың адамды жұмысқа орналастыру, мемлекеттің қолдау  шараларымен  - 9957 адам, формальды секторға – 294 адам тарту болжамданған.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы», «Өрлеу» бағдарламаларын, еңбек, зейнетақы ақы, әлеуметтік төлемдер жөніндегі заңдылықтарды  халыққа түсіндіру мақсатында қала, аудандарда әлеуметтік сала мамандарынан 19 мобильдік топтар құрылып, ауылдарда, елді мекендерде ағымдағы жылдың наурыз айында бағдарлама жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 418 адам хабарласып, соның ішінен 287 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды, оның: өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 38,7 % (111 адам), жұмыссыздар -61,3 % (176 адам). Оның ішінен 204-і  жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 459 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 348 адам, соның ішінде тұрақты - 282.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы»  бағдарламасына 2015 жылға Қызылорда облысына 2015 жылға 1877,9  млн теңге қаралған, соның ішінде тек  2015 жылы бағдарламаның бағыттарына  - 1099,4 млн.теңге.

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 17 жобаға  – 575, 1   млн.теңге, соның ішінде:

инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту – 16 жоба, 533, 586 млн.теңге - 199 орын;

Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 41,5 млн.теңге 30 орын.

Екінші бағыт - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құруға – 140 адамға  421,251 млн.теңге бөлінді.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге – 718,3 млн.теңге. оның ішінде:

кәсіптік даярлауды жалғастыруға  (Білім министрлігі есебінен)  - 1047 адам   306,5 млн теңге;

кәсіптік  даярлауды  жалғастыруға (2014 жылдан  ауыстыру)  1000 адам –300, 520 млн теңге;

әлеуметтік жұмыс орындары  (2014 жылдан жалғастыру) - 87 адам – 10,4 млн теңге;

әлеуметтік жұмыс орындары – 262 адам 39,211 млн теңге;

жастар тәжірибесі – 279 адам 59,6 млн теңге.               

қоныс аударуға субсидия (2014 жылдың желтоқсан айында қоныс аударған) 60 адам 14 отбасы - 2,1 млн.теңге;

Сонымен қатар:

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына – 2,148 млн теңге бөлінді.

Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыруға облыс бойынша 67 штаттық  бірлікке – 161,1 млн теңге қаралған.

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2015 жылдың 1 сәуіріне 47604 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 387,0 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: Бюджетте аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге барлығы 53,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюжеттен 7,3 млн.теңге қаражат қаралды. 2015 жылдың 1 сәуіріне 999 адамға 8,4 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

Тұрғын үй көмегі: 2015 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 344,8 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7189 отбасына 137,1 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2015 жылға бюджетте аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 864,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 63,0 млн.теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 39416 балаға 241,5 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2015 жылдың 1 сәуіріне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1321 адамға 43,3 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер тағайындалып төленді, оның ішінде:

 - ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 53 азаматқа 0,6 млн. теңге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 541 азаматқа қосымша тамақтануға 29,6 млн.теңге;

- табиғи  зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 азаматқа (отбасына) 1,5 млн.теңге әлеуметтік көмектер төленді.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту.

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2015 жылдың 1 сәуіріне 26946 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2504, II топтағы - 11100, III топтағы - 9262, 18 жасқа дейінгі - 4080 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2015 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 256,4 млн.теңге бөлінді.

Мүгедектерге 2015 жылға санаторий-курорттық емделуге 998 жолдама қарастырылды.

Протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы 90,0 млн.теңге қарастылырып отыр.

2015 жылғы 1 сәуіріне үйде қызмет көрсетілетін 888 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1337 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2015 жылдың 1 сәуіріне 9256 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 12793 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Әлеуметтік әріптестік. Жыл басында Үкімет денгейінде 2015-2017 жылдарға арналған  Республикалық Бас Келісімге кол қойылды, осыған сәйкес облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақтар орталығы және облыстық кәсіпкерлер палатасы арасында үш жақты облыстық келісімге кол койылып, комиссия құрамы және комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.  

Жыл басынан бастап облыстық үш жақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес 3 отырысы өтті. Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Жалағаш ауданында және 14 наурызында Сырдария ауданында үш жақты комиссияның көшпелі отырыстары, 20 ақпанында комиссияның кеңейтілген отырысы облыс әкімінің  төрағалығымен өткізіліп, қалалық және аудандық комиссиялардың барлық мүшелері қатысты.

Осыған орай, облыстағы меморандумдар жасалу мәселелері, өндірістік қауіпсіздікпен еңбек жағдайларының сақталуы, жұмыс берушілермен қызметкерлер арысында ұжымдық шарттар жасау туралы, жұмыссыздықты болдырмау бойынша атқарылған шаралар туралы, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы және 2015 жылға міндеттері туралы, мұнай өндіруші және мұнайсервистік компаниялардың еңбек қатынастары саласындағы жағдайы туралы, құрылыс салысындағы еңбек қатынастарының жағдайы туралы, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтауда кәсіподақ ұйымдарының рөлі, еңбек дауларымен жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу бойынша бизнес-қауымдастықтармен жұмыс туралы,  ұжымдағы еңбек шиеленістерінің сонымен қатар жалақы қарыздарының деңгейін төмендету және жаңадан пайда болуының алдын алу мәселелері комиссия отырыстарында тұрақты түрде қаралып отырады.  

Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері аймағымызға жұмыс сапарымен келу барысында, облыстың бірқатар ұлттық компанияларымен, оның ішінде: «ҚазАтомПром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» АҚ біздің тауар өндірушілерді қолдау жөнінде меморандумдарға қол қойылды.

Қол қойылған құжаттарда ұлттық компаниялардың Қызылорда облысы кәсіпорындарының 39 млрд. теңге сомасындағы өнімдерін сатып алу жөнінде көзқарасы бекітілді. Жұмыс берушімен қабылданған осы міндеттемелердің өзі 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын сақтауға кепілдік береді.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақ және облыстың 6 кәсіпорнымен жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар, кәсіптік одақтар мен жұмыс берушілер арасында қабылданған меморандумдардың саны 1300 жетіп, 72537  адамды қамтыды. Оның ішінде 53 ірі, 1247 орта және кіші кәсіпорындар.

Әлеуметтік тапсырыс. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезеңінде ҮЕҰ-дың қажеттіліктерін зерделеу жұмыстары жалғастырылуда. Қоғамдағы қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2015 жылға бөлінген қаражат 10,6 млн.тенгені құрады, 12 млн.тенге Жеңіс күнінің 70-жылдығын  атап өтуге бөлінген сонымен қатар Байқоңыр қаласы бойынша қоғамдық келісімді нығайтуға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға 6,2 млн.тенге бөлінген.

Жоба аясында іске асырылған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылады.

2015 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен жалпы облыс бойынша ардагерлердің саны 59384 адамды құраған, оның ішінде аталған іс-шараларға қатысып жүрген ардагерлердің саны 600 адамға жуық. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы ардагерлердің бастауыш ұйымдарының саны 702 жетті.

Жобада көрсетілген іс-шаралар бойынша Ұлы Отан соғысының  ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар халықтың әлжуаз топтарына қоғамдық  қабылдаулар ұйымдастыру,  жасөспірімдермен (орта және жоғарғы оқу орындарының оқушылары) патриоттық рүхта тәрбиелеу мақсатында түрлі кездесулер ұйымдастыру және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін бойына сіңіру жөнінде тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

Шетел жұмыс күшін тарту. Қызылорда облысына, оның ішінде басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2015 жылға бөлінген квотада  394 шетел мамандарын тарту белгіленген, оның ішінде 1-ші санат бойынша 31 бірлік, 2-ші санат бойынша 151, 3-ші санат бойынша 160, 4-санат бойынша 52 бірлік және өз бетінше жұмысқа орналасуға квота бөлінген жоқ.

Өткен 2014 жылмен салыстырғанда квота 320 бірлікке кеміді.

Қызылорда облысы бойынша бірлескен 19 кәсіпорындар жұмыс атқарады. Жұмыс атқарып жүрген қазақстандық мамандардың саны 6984 адамды құрайды. Есепті кезеңге рұқсатпен 184 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді, оның ішінде 1-санат бойынша - 18 адам, 2-санат бойынша - 64 адам, 3-санат бойынша – 102 адам.

2015 жылдың 1 сәуіріне 79 қазақстандық азаматтар даярлау, қайта даярлаудан және 614 қазақстандық азаматтар біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 110 жұмыс орындары құрылды.

Оралмандар бойынша Үстіміздегі жылдың I-тоқсанында Өзбекстан Республикасынан жеке қоныс аударған 3 этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беру жөнінде өтініштері тіркеліп, оралман куәліктері берілді.

 Олардың 3 - еңбекке жарамды жасындағылар, олар мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына тұрақты тіркеліп, ықтиярхаттарын алған.  Келген оралмандардың білімі мен мамандығы бойынша 2– жоғары білімі бар мұғалімдер, 1– мамандығы жоқ,  9 сыныпты бітірген.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысу, жұмыспен қамту, кәсіптік оқулар, әлеуметтік көмектер, өз ісін ашу үшін несие алу, жеңілдіктерге қатысты әлеуметтік, құқықтық жөнінде оралмандарға арналған түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде және жергілікті телеарнада, басылымдарда мақала, хабарламалар жариялануда.

Облыс бойынша жұмыспен қамту органдарына ресми түрде 2015 жылы жұмыссыз ретінде тіркелген - 6 оралман, соның 2 - ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. 

Облыстағы жергілікті атқарушы мекемелер өз құзырлығы шеңберінде бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамға бейімдеу және әлеуметтендіру шараларын жүзеге асыруда.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар мен жаза өтеу орындарынан босатылғандарды жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізінде ағымдағы жылдың 17 наурызында жұмыспен қамту квотасы белгіленді.

Бекітілген квота бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына аталған санаттағы азаматтардың 23 қамтылады, оның ішінде 9 адамға бағдарламаның екінші бағыты аясында шағын несие беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаза өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, 19 наурызда бекітілді. Бұл Жол картасымен биыл облыс бойынша 51 адамды жұмыспен қамту, 33 адамды «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатыстыру және 2 адамды жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарына жіберу көзделіп отыр.

Кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына 2015 жылға 16 мамандық бойынша оқыту белгіленген. Даярлық курстан кейін жұмыспен қамтуға ықпал жасалады.

2015 жылдың I-ші тоқсанында жұмыспен қамту органдарына жазасын өтеп келгендерден 37 адам хабарласып,  квота бойынша 12 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 10 - ақылы қоғамдық жұмысқа, кәсіптік оқу  және қайта даярлау курстарына - 1 адам жолданды.

Әлеуметтік төлемдер бойынша 3 адам - атаулы әлеуметтік көмек,  12 адам - 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын және 6 адам - тұрғын үй көмегін алуда.

 

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2018 15:45

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика