Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

 «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 2017 жылға 4,1  млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 30155 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар - 92,2% (27810 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары –3,3% (1002 адам), студенттерт - 4,5% (1341 адам). Жалпы хабарласқандардың 13499-ы жастар (44,8%).

Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға  –  1515 адам жолданды (жоспар 1515 адам).

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 3625 адам жолданды  (жоспар 3518 адам)

Сонымен қатар, біздің облыста республикада бірінші болып тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту  және бизнеспен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмысберушілердің оқу орталықтарында азаматтарды оқыту оларға әрі қарай жұмысқа орналасуға кепілдік беру мүмкіндігімен,  жаңаша оқыту басталды.

2017 жылы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының іріктелген тізілімінде  6  кәсіпорындармен 8 оқу орталықтары енгізіліп, олардың базасында қызмет көрсету саласының мамандары даярлануда, 954 адам, аспаз, кондитер, тігінші, шаштараз, визажист мамандықтары бойынша жолданды, бүгінгі күнге 954–і оқуды аяқтап, 685–сі оқытылуда.

Жалпы қысқа мерзімдік оқу курстарын 3486 адам аяқтап, 759-сы жұмыспен қамтылды. 

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жүргізілді. Оқуға 1011 адам жолданып, 949 адам оқуды аяқтап, 872–сі сертификат алып, оның 10-ы тұрақты жұмысқа орналасты, 249–ы шағын несие алған.

Жалпы шағын несие 556 адамға 2,0 млрд.теңге көлемінде берілді, соның ішінде: республикалық бюджеттен 2017 жылғы қаржы есебінен – 437 адам, қайтарылған қаржы есебінен – 119 адам.

Шағын несие «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры»  АҚ және Агрокредиттік корпорация АҚ арқылы берілді. Қосымша 635 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Халықты жұмыспен қамту шараларымен 23 357 адам қамтылды, соның ішінде 13 987 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 729 адамды жолдау жоспарланса, нақты 337 мекеме, кәсіпорындарға 1231 адам жолданды, соның ішінде мерзімі аяқталған 1231 адамның 537-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Орташа жалақысы - айына 65,0 мың теңге. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне 1483 адамды жолдау жоспарланса, нақты 694 мекеме, кәсіпорындарға 1763 адам жолданды, соның ішінде мерзімі аяқталған 1763 жастардың 253–і тұрақты жұмысқа орналасты. Орташа жалақысы айына 56,7 мың теңге. Соның ішінде жергілікті бюджет есебінен жастар тәжірибесіне 40 адам жолданды (жоспар 20 адам), мерзімі аяқталғандардың 7-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Қоғамдық жұмыстармен 6323 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), 729-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында солтүстік өңірлерге 32 отбасы құрамында 132 адамымен қоныс аударды (еңбекке жарамды 64 адам).

01.01.2018

Қызылорда облысына 2017 жылға «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 4,1 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 23541 адам енгізіліп (жұмыссыздар – 96,5% (19689 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 3,4% (811 адам). Жалпы хабарласқандардың 9382-і жастар (39,9%).

Бірінші бағыт Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – 1515 адамды оқыту (жоспар);

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 3518 адамды оқыту (жоспар 1335 адам, қосымша 2183 адам) .

Қысқа мерзімдік оқу курстарына 2136 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.

Сонымен қатар, біздің облыста республикада бірінші болып тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту  және бизнеспен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмысберушілердің оқу орталықтарында  азаматтарды оқыту оларға әрі қарай жұмысқа орналасуға кепілдік беру мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің ұсынысын қолдап,  жаңаша оқыту басталды.

Бүгінгі күнге Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының іріктелген тізілімінде  6  кәсіпорындармен 8 оқу орталықтары енгізіліп, олардың базасында қызмет көрсету саласының мамандары даярлануда, 584 адам аспаз, кондитер, тігінші, шашатараз, визажист мамандықтары бойынша оқытылуда.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 6 топ бойынша курстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге оқуға 832 адам жолданып, 618 адам оқуды аяқтады. Оның ішінде жобалар қорғап сертификат алғаны 578 адам, оның 183-і шағын несие алған).

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 487 адамға шағын несие беру үшін 2,3 млрд. теңге қаралды (Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 293,9 млн. теңге таратылады. Несие алушылар 18,0 млн. теңгеге дейін алуға қол жеткізетін болады). Сырдария ауданында шағын несие 11 адамға 48,5 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы филиалы арқылы берілді.

Ауылдық жерде шағын несие 401 адамға 1659,6 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ және Агрокредиттік корпорация АҚ арқылы берілді. Қосымша 222 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Қалалық жерлерде несие беру мәселесі бойынша екінші деңгейлі банктермен келісім алынып, қаржыларды отырғызу жұмыстары жүргізілуде («Халық банкі АҚ», «Банк Центр Кредит»АҚ, «АТФ банкі» АҚ).

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Халықты жұмыспен қамту шараларымен 16246 адам қамтылды, соның ішінде 8827 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

 Әлеуметтік жұмыс орындарына 247 мекеме, кәсіпорындарға  726 адам жолданды (жергілікті бюджет аясында 13 адам) (жоспар - 505), оның ішінде мерзімі аяқталған 210 адамның 67-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Орташа жалақысы айына 65,0 мың теңге.

Жастар тәжірибесіне 582 мекеме, кәсіпорындарға 1214 адам жолданды (жоспар – 905), соның ішінде мерзімі аяқталған 648 жастардың  143–і тұрақты жұмысқа орналасты. Жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 26 адам жолданды (жоспар - 20), оның ішінде 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Орташа жалақысы айына 56,7 мың теңге.

Қоғамдық жұмыстармен 5479 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), мерзімі аяқталған 3575 адамның 272-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында шілде-тамыз айларында облысқа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өкілдері шақырылып, халықпен кездесулер мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып 1633 бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде солтүстік өңірлерге 357 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді, нақты коңыс аударғаны 32 отбасы (132 адам).

          01.10.2017

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

Қызылорда облысына 2017 жылға «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 4,1 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 7067 адам енгізіліп (жұмыссыздар - 97,2% (6868 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 2,8% (199 адам). Жалпы хабарласқандардың 2853-і жастар (40,4%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5835 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 5631 адам.

Бірінші бағыт Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – 1515 адамды оқыту (жоспар);

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1315 адамды оқыту (жоспар).

Қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді. Қысқа мерзімдік оқу курстарына 1044 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 6 топ бойынша курстар жүргізілетін болады. Бүгінгі күнге оқуға 468 адам жолданып, 367 адам оқуды аяқтады).

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 487 адамға шағын несие беру үшін 2,3 млрд. теңге қаралды (Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 293,9 млн. теңге таратылады. Несие алушылар 18,0 млн. теңгеге дейін алуға қол жеткізетін болады). Сырдария ауданында шағын несие 11 адамға 48,5 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы филиалы арқылы берілді.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы

1) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу – 1410 адамды жастар тәжірибесімен, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3)  жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 184 мекеме, кәсіпорындарға 577 адам жолданды (жоспар - 505), оның ішінде 51 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар тәжірибесіне 467 мекеме, кәсіпорындарға 886 адам жолданды (жоспар – 905), соның ішінде 49–ы тұрақты жұмысқа орналасты. Жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 26 адам жолданды (жоспар - 20), оның ішінде 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам жолданды.

Қоғамдық жұмыстармен 3662 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), 114-і мерзімін аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды.

01.07.2017 ж.

Қызылорда облысына 2017 жылға «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 3,7  млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 3308 адам енгізіліп (жұмыссыздар - 99,8% (3301 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 0,2% (7 адам). Жалпы хабарласқандардың 1485-і жастар (45%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3344 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 3302 адам.

Бірінші бағыт Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – 1515 адамды оқыту (жоспар);

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1315 адамды оқыту (жоспар).

Қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді.  Оқу курстары 10 сәуірден басталатын болады.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында сәуір айынан бастап тестілеу жүргізіліп, оқу курстары басталатын болады).

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 487 адамға шағын несие беру үшін 2,2 млрд. теңге қаралды (Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 210 млн. теңге таратылады. Несие алушылар 18,0 млн. теңгеге дейін алуға қол жеткізетін болады).

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы

1) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу – 1410 адамды жастар тәжірибесімен, әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3)  жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 505 адамды жолдау жоспарланса, нақты 157 мекеме, кәсіпорындарға  468  адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне 905 адамды жолдау жоспарланса, нақты 361 мекеме, кәсіпорындарға 567 адам жолданды, соның ішінде 13–і тұрақты жұмыс орналасты. Жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 14 адам 10 мекеме, кәсіпорындарға жолданды (жоспар - 20 адам).

Қоғамдық жұмыстармен 2079 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), 172–і  жұмыс мерзімін аяқтап, 18-і тұрақты жұмыспен қамтылды. 

 01.04.2017 ж.

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 6,5 млрд. теңге қаралып 97,4 пайызы игерілді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 10717 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -77,8 % (8339 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 22,2% (2378 адам). Жалпы хабарласқандардың жастары- 50% (5363 адам).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 11524 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары–8578 (соның ішінде МЗЖ 7197 адам  – 83,8 %).    

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге қосымша бөлінген қаржылармен   272 жобаға  – 4248,3  млн.теңге, 1890 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 914 орын. 

Есепті кезеңге 266 жоба басталып, 266 жоба толығымен аяқталды (6 жоба орындалмады, 4 жобаның қаржысы кері қайтарылды, 2 жоба орындалмады), (игерілген қаржы 4100,5 млн.теңге – 96,5 %) 1731 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 980 бағдарлама қатысушылары жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт - кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 132 адам оқып,  5,3 млн.теңге қаржы игерілді, соның ішінде 20–ы шағын несие алды.

Жыл басынан 800 адам 2190,3 млн.теңге несиелендірілді (соның ішінде РБ – 622 адам, 1761,3 млн.теңге, 2015 жылғы қаржы есебінен - 118 адам, 300,0 млн.теңге, қайтарылған қаржы есебінен – 60 адам, 129 млн.теңге), 440 адам өз кәсібін ашты, қосымша 226 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде: «Ауылды жұмыспен қамту» жобасы бойынша 6,0 млн.теңгеге дейін - 243 адам 920,0 млн.теңге қаржыға несиелендіріліп. 110–і өз кәсібін ашты.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 248 мекеме, кәсіпорындарға 859 адам жолданды. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 570 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

 Жастар тәжірибесі – 822 адамға 188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 575 мекеме, кәсіпорындарға 1107 жас мамандар жолданды. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 440 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлау курстары ұйымдастыруға – 51 адам 7,8 млн.тенге қарастырылған, бүгінгі күнге 51 адам қайта даярлау курстарына жолданып, 5 млн.теңге игерілді.

Бағдарламаның екінші компоненті «Аумақтық ұтқырлықты арттыру» аясында оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аудару жөнінде облыста жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, басқарма тарапынан облысқа Павлодар облысының өкілдері шақыртылып, халықпен кездесулер өткізіліп, қоныс аудару шарттары, ол жақтағы бос жұмыс орындар, басқа да әлеуметтік жағдайлар жөнінде толық түсініктемелер берілді. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

Нақты қоныс аударғаны 5 отбасы.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы

2016 жылдың III тоқсанына

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 6,7 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде  бағдарламаның бағыттарына  - 6,5 млрд.теңге.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 7667 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -77,3 % (5928 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 22,7 % (1738 адам). Жалпы хабарласқандардың жастары- 56,8 % (4358 адам).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 7505 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары–5408 (соның ішінде МЗЖ 4014 адам  – 74,2 %).    

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге қосымша бөлінген қаржылармен 254 жобаға  – 4359,7  млн.теңге, 1826 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 875 орын. Соның ішінде:

Бектілген бюджет бойынша 9 жобаға 290,3 млн.теңге бөлініп, 107 жұмыс орындарының, жұмыспен қамту орталықтары арқылы -53 орын ашу жоспарланған.

1 транш – Ұлттық қордан – 19 жоба 969,6 млн.теңге, 380 жаңа жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 195 орын.

2 транш – Үкіметтің арнайы резервінен -165 жоба 1299,8 млн.теңге, 581 жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 321 орын.

3 транш -  Ұлттық қордан – 61 жоба 1800 млн.теңге, 785 жаңа жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 306 орын.

28 жобада жұмыстар аяқталып, 403 жаңа жұмыс орындар құрылды.

2 транштың 165 жобасы бойынша қазан айында барлық конкурстық рәсімдер аяқталып, жөндеу жұмыстары басталады.

61 жоба бойынша, 51  жоба  - облыс орталығындағы көшелерде орта жөндеу жұмыстары, 339 орын (бағдарлама қатысушылары -176 орын) және 10 ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар құрылысы – 419 жұмыс орны, оның ішінде бағдарлама қатысушылары – 130 орын. Хабарландыру беру жұмыстары басталуда.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 77 адам оқып, 2,2 млн.теңге қаржы игерілді, соның ішінде 8 –і шағын несие алды.

Жыл басынан 617 адам 1608,8 млн.теңге несиелендіріліп, 324 адам өз кәсібін ашты, қосымша 120 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде: «Ауылда жұмыспен қамту» жобасы бойынша 6,0 млн.теңгеге дейін - 102 адам 438,3 млн.теңге қаржыға  несиелендірілді.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 236 мекеме, кәсіпорындарға 874 адам жолданды, соның ішінде өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 83 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы  есебінен- 791 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 89 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

 Жастар тәжірибесі – 822 адамға -188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 569 мекеме, кәсіпорындарға 1168 жас мамандар, соның ішінде: өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 102 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы  есебінен - 1066 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 200 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлау курстары ұйымдастыруға – 51 адам 8,6 млн.тенге қарастырылған, бүгінгі күнге 51 адам қайта даярлау курстарына жолданып, 1,2 млн.теңге игерілді.

Бағдарламаның екінші компоненті «Аумақтық ұтқырлықты арттыру» аясында оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аудару жөнінде облыста жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, басқарма тарапынан облысқа Павлодар облысының өкілдері шақыртылып, халықпен кездесулер өткізіліп, қоныс аудару шарттары, ол жақтағы бос жұмыс орындар, басқа да әлеуметтік жағдайлар жөнінде толық түсініктемелер берілді.  27 қыркүйек  күні Қармақшы ауданы Ақай кентінде Байқоңыр қаласы, Қармақшы, Қазалы аудандарының  тұрғындарымен кездесіп, 70 тен астам адам қатысып, 42 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы

2016 жылдың II тоқсанына

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 3,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде  бағдарламаның бағыттарына - 3,4 млрд.теңге.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 4566 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -79 % (3597 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары –  21 % (969 адам). Жалпы хабарласқандардың 2582-і жастар (56,5%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4638 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 4578 адам, оның ішінде тұрақты –     3192 (соның ішінде МЗЖ 2336 адам  – 73,2 %).   

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 28 жобаға  – 1265,9  млн.теңге (475 жұмыс орны).

Барлық жобаларда жұмыстар басталып, 132 адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде 72 –сі  бағдарлама қатысушылары.

Оның ішінде 1 жоба 2015 жылдан өтпелі Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 57,9 млн.теңге (үнемделген қаржы- 6,4 млн.теңге,  51,446 тенге). Бүгінгі күнге дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, онда барлығы 17 адам, жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Оның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Жыл басынан 276 адам 599,8 млн.теңге несиелендіріліп, 120  адам өз кәсібін ашты, қосымша 74 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде:

2015 жылдың қаржы есебінен 50 адам 100,0 млн. теңгеге несиелендірілді, оның ішінде 31 адам өз кәсібін ашты.

Бекітілген бюджет қаржы есебінен 168 адамға 376,8 млн. теңге несиелендірілді.

Қайтарылған қаржы есебінен 58 адамға 123,0 млн. теңгеге несиелендіріліп, 29 адам өз кәсібін ашты.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 198 мекеме, кәсіпорындарға 654 адам жолданды (алдыңғы жылдан жалғастырушы -35 адам), оның ішінде өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 46 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы есебінен - 608 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 44 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 3,6 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде  бағдарламаның бағыттарына  - 3,4 млрд.теңге.
Бағдарламаға қатысушы ретінде 2483 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -87 % (2155 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 13 % (328 адам). Жалпы хабарласқандардың 1433-і жастар (58%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2553 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 2533 адам, соның ішінде тұрақты –1656 (соның ішінде МЗЖ – 64,8 %).
Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 28 жобаға  – 1265,9  млн.теңге (475 жұмыс орны). 
Соның ішінде 1 жоба 2015 жылдан өтпелі Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 57,9 млн.теңге (үнемделген қаржы- 6,4 млн.теңге,  51,446 тенге).
Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.
2015 жылдың қаржы есебінен 50 адам 100,0 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 6 адам өз кәсібін ашты.
қайтарылған қаржы есебінен 13 адамға 25,5 млн.теңгеге несиелендіріліп, 7 адам өз кәсібін ашты. 
Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге. 
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 145 мекеме, кәсіпорындарға 410 адам жолданды (алдыңғы жылдан жалғастырушы - 35 адам), соның ішінде 24 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесі – 822 адамға -188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 319 мекеме, кәсіпорындарға 487 жас мамандар (алдыңғы жылдан жұмысты жалғастырушы 4 адам) жолданды, соның ішінде 36 адам  тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына – 2,3 млн.теңге қарастырылған.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы», «Өрлеу» бағдарламаларын, еңбек, зейнетақы ақы, әлеуметтік төлемдер жөніндегі заңдылықтарды  халыққа түсіндіру мақсатында қала, аудандарда әлеуметтік сала мамандарынан 19 мобильдік топтар құрылып, ауылдарда, елді мекендерде ағымдағы жылдың наурыз айында бағдарлама жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 418 адам хабарласып, соның ішінен 287 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды, оның: өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 38,7 % (111 адам), жұмыссыздар -61,3 % (176 адам). Оның ішінен 204-і  жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 459 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 348 адам, соның ішінде тұрақты - 282.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы»  бағдарламасына 2015 жылға Қызылорда облысына 2015 жылға 1877,9  млн теңге қаралған, соның ішінде тек  2015 жылы бағдарламаның бағыттарына  - 1099,4 млн.теңге.

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 17 жобаға  – 575, 1   млн.теңге, соның ішінде:

инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту – 16 жоба, 533, 586 млн.теңге - 199 орын;

Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 41,5 млн.теңге 30 орын.

Екінші бағыт - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құруға – 140 адамға  421,251 млн.теңге бөлінді.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге – 718,3 млн.теңге. оның ішінде:

кәсіптік даярлауды жалғастыруға  (Білім министрлігі есебінен)  - 1047 адам   306,5 млн теңге;

кәсіптік  даярлауды  жалғастыруға (2014 жылдан  ауыстыру)  1000 адам –300, 520 млн теңге;

әлеуметтік жұмыс орындары  (2014 жылдан жалғастыру) - 87 адам – 10,4 млн теңге;

әлеуметтік жұмыс орындары – 262 адам 39,211 млн теңге;

жастар тәжірибесі – 279 адам 59,6 млн теңге.               

қоныс аударуға субсидия (2014 жылдың желтоқсан айында қоныс аударған) 60 адам 14 отбасы - 2,1 млн.теңге;

Сонымен қатар:

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына – 2,148 млн теңге бөлінді.

Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыруға облыс бойынша 67 штаттық  бірлікке – 161,1 млн теңге қаралған.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2018 15:57

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика