Новость:: 

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Н. Бекежанов атындағы драма театрында Еңбек күніне арналған еңбек әулеттерінің VІ форумы болып өтті.

Форумның мақсаты – жас ұрпаққа еңбек адамдарының қоғамда алар орны мен аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосар үлесінің зор екендігін түсіндіру.

Форум аясында аймақтың еңбек әулеттерінің шеруі ұйымдастырылды. Еңбек әулеттерінің құрамына 95 жылдан бастап 600 жылға дейін еңбек өтілдері бар 8 отбасы кірді.

Олардың ішінде теміржолшылар, ұстаздар, дәрігерлер, мәдениет, ауылшаруашылығы, малшаруашылығы, ішкі істер және уран өндіру саласының және өкілдері бар.

Форумға қатысушылар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша - Қызылорда қаласынан Бодықовтар әулеті. Жалпы еңбек өтілі - 670 жыл. Бүгінгі таңда медицина саласын әр түрлі мамандық бойынша меңгерген әулеттің 28 мүшесі осы салада қызмет атқарып келеді.

Білім саласы бойынша - Арал ауданынан Қонаровтар әулеті. Жалпы еңбек өтілі - 508 жыл. Әулет бойынша 17 адам осы салада қызмет атқарып, бала тәрбиесіне атсалысуда.

Мәдениет саласы бойынша - Қармақшы ауданынан Смайыловтар әулеті. Жалпы еңбек өтілі - 75 жыл. Әулеттен 4 адам өңіріміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға сүбелі үлесін қосуда.

Ішкі істер саласы бойынша - Сырдариялық Бексейтовтер әулеті. Жалпы еңбек өтілі - 40 жыл. Ел тыныштығын күзетіп, темірдей тәртіпке бас иген саланың қыр-сырын меңгерген сарбаздар қатарында осы отбасынан қазіргі таңда 4 адам жемісті қызмет атқарып келеді.

Темір жол саласы бойынша – Қазалылық Орынбаевтар әулеті. Жалпы еңбек өтілі -145 жыл. Бұл әулеттің 6 адамы - теміржолшы.

Өндіріс саласы бойынша – Шиелілік Нұрымбетовтер әулеті. Жалпы еңбек өтілі- 96 жыл. Әулеттің 8 адамы өндірістік сала бойынша қызмет атқаруда.

Егін шаруашылығы саласы бойынша - Жалағаш ауданынан Дүйсенғазиевтер әулеті. Жалпы еңбек өтілі -147 жыл. Әулеттің 5 адамы - диханшы.

Мал шаруашылығы бойынша - Шиелі ауданынан Байденовтер әулеті. Жалпы еңбек өтілі 50 жылды құрап отыр. Ата-кәсіпті ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру жолында әулеттің 3 адамы еңбек етуде.

Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ ұйымдары арасында өткен «Еңбек жолы» байқауының «Үздік маман» номинациясымен №6 Қызылорда қалалық емханасының дәрігері Абсатова Гүлжан Төреханқызы, «Еңбек жолы» байқауының «Үздік тәлімгер» номинациясымен Арал қалалық №14 мектеп-лицейінің мұғалімі Қонарова Жанна Құспанғалиқызы марапатталды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 27-09-2019 16:03
Жаңартылған күні: 27-09-2019 16:03

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 3 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика