БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ «ПАРЫЗ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2019 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты  ұйымдастыру басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

Конкурстың лауреаты атағына үміткерлер материалдарды ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

Қосымша ақпаратты 26-21-30, 27-02-06 телефондары арқылы алуға болады.

 


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының жеңімпаздары марапатталды

 

«Парыз-2018» байқауының жеңімпаздары марапатталды

11 желтоқсанда Еліміздің ең беделді марапаттарының бірі - «Парыз» және «Алтын сапа» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме –байқауының жүлделері табысталды.

Аталған шараны жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып өткізіп келеді. Бұл байқауға биыл 11 жыл.

Байқау - халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғамға өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыруға және көбейтуге бағытталған.

Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауға қатысуға республикада  391 кәсіпорнын  өтінім білдірді.

Жеңімпаздарға төрт аталым бойынша анықталды: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Байқаудың лауреаттары атағын беру жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен ең жоғарғы марапат - Қазақстан Республикасы Президентінің Гран-приі «Казцинк» ЖШС-не берілді.

2017 жылдың ішінде «Казцинк» ЖШС-і өңірлердің инфрақұрылымдық дамуына, денсаулық сақтау объектілеріне, дәстүрлі діндерге (мешіттер, храмдар, синагогалар), табысы аз азаматтарға, интернаттар мен жетімдер үйлеріне, спорт, мәдениет және өнер салаларын дамытуына қайырымдылық ретінде 11 млрд. тенге қаражат бөлінді.

Оқыту, кәсіби даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға 1 жұмыскерге жұмсалатын шығындар 428,5 мың теңгені құрайды. Еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігіне 1 жұмыскерге жұмсалатын шығындар – 483 мың теңге.

 «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы марапатталса, «Азия-Тарангул» ЖШС шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңіске жетті.

 «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Казхром» ТҰК» акционерлік қоғамы үздік шықса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында «Инкар-1» ЖШС марапатқа лайық деп танылды.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында көшбасшы ретінде ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында «Жетісугаз Корпорациясы» АҚ жеңімпаз болды. 

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Интергаз Орталық Азия» АҚ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында   «ИЛИН» ЖШС үздік атанды.   

Атап айтқанда, «Парыз» байқауына еліміздің барлық өңірлерінен (2008-2018 жж.) 5000-нан астам кәсіпорын қатысты. Бүгінгі күнге 284 компания «Парыз» жеңімпаздары болып атанды.

Байқау өтіп келе жатқан жылдар ішінде экономиканың көптеген салаларындағы қазақстандық кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жауапкершіліктің өсу динамикасы байқалады.


Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 23 қаңтарындағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» конкурсы туралы №523 Жарлығына сәйкес, еліміздегі бизнес қауымдастығының өмір денгейімен сапасына қосқан үлесін анықтау мақсатында жыл сайын  барлық нысандағы ұжымдар арасында конкурс өткізіледі.

Конкурс өңiрлiк және республикалық деңгейде өткiзiледi. Оған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қатыса алады. Конкурстың лауареаттары атағы үш санатта берiледi:

 
1) «шағын кәсiпкерлiк субъектiсi»;
 
2) «орта кәсiпкерлiк субъектiсi»;
 
3) «iрi кәсiпкерлiк субъектiсi»;
 
және төрт номинация бойынша:
 
1) «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын».
 
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыратын ұйымдардың қызметi қаралады (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi ұйымдастыру, еңбектi қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру және т.б.);
 
2) «Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын».
 
Бұл номинацияда үмiткерлердiң еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердiң еңбек ету барысында денсаулығын сақтау әрекетi қаралады;
 
3) «Үздiк ұжымдық шарт».
 
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
 
4) «Экологияға қосқан үлесi үшiн».
 
Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.
 
Конкурсқа катысу үшiн үмiткерлер материалдарды екi данада жолдайды, оларда:
 
1) толтырылған өтiнiм;
 
2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады. Үмiткердiң есебiнде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
 
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
 
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);
 
4) сауалнама болуы тиiс.
 
Үмiткерлер барлық қажеттi материалдарды жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына немесе аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне жолдаулары тиiс.
Қосымша ақпаратты 26-21-30, 27-02-06 телефондары арқылы алуға болады.
 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысушының өтінімі

Өтінім формалары:


2016 жылғы бизнестiң әлеметтiк жауапкершiлiгi «Парыз» конкурсының қорытындысы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 23 қаңтарындағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы №523 Жарлығына сәйкес, еліміздегі бизнес қауымдастығының өмір денгейімен сапасына қосқан үлесін анықтау мақсатында жыл сайын барлық нысандағы ұжымдар арасында байқау өткізіледі.

2016 жылдың 6 желтоқсанында Астана қаласында республикалық «Парыз-2016»  байқауы қорытындыланды.

«Парыз - 2016» конкурсына жалпы облыс бойынша 18 кәсіпорындар қатысқан. Барлық кәсіпорындар өкілдеріне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дипломдары табысталды. «Іскер» номинациясы бойынша «Сыр Маржаны» кәсіпорны марапатталды.

Экономикада қалыптасқан ерекше жағдайға қарамастан отандық кәсіпкерлер қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысуда.

Салтанатты іс-шарада мемлекет Басшысы отандық тауарөндеушілерді қолдау және шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасау керек екендігін, сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мәселелерге жауапкершілікпен қарау қажеттілігін атап өтті.


2015 жылғы бизнестiң әлеметтiк жауапкершiлiгi «Парыз» конкурсының қорытындысы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 23 қаңтарындағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» конкурсы туралы №523 Жарлығына сәйкес, еліміздегі бизнес қауымдастығының өмір денгейімен сапасына қосқан үлесін анықтау мақсатында жыл сайын  барлық нысандағы ұжымдар арасында конкурс өткізіледі.

2015 жылдың 11 желтоқсанында Астана қаласында республикалық «Парыз»  конкурсының нәтижелері қорытындыланды.

Лауреат атағын иемденгендер «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша  «Саутс-Ойл» ЖШС  ірі кәсіпкерлік субьектілері арасында және «Абзал и К» ТС орта және шағын кәсіпкерлік субьектілері арасында.

«Парыз - 2015» конкурсына жалпы облыс бойынша 18 кәсіпорындар қатысқан. Қалған 16  кәсіпорын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дипломдарын алды.

 

 

 

 

Құрылған күні: 24-02-2016 11:11
Жаңартылған күні: 29-04-2019 11:58

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика