Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай

төленетін әлеуметтік төлемдер туралы

Аймақта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар басталып кетті. Облысты Ұлы Жеңіс мерекесін жақындатуға үлес қосқан 51 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері және 5903 тыл еңбеккерлері бар.

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 415,3 млн. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде:

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне-181520 (80 АЕК) теңгеден;

Ұлы Отан соғысы жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағының ордендері мен медальдарымен наградталған адамдарға 113450 (50 АЕК) теңгеден;

Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен азаматтарға 68070 теңге (30 АЕК) мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бүгінгі күнге әлеуметтік көмектерді төлеу жұмыстары басталды, сәуір айының соңына дейін ардагерлердің жеке шотына толығымен аударылады.


Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 қаңтарына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 34417 адамға 1137,7 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 2,7 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 6549 адамға 418,1 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1527 адамға 97,2 млн.теңгеге;


Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2016 жылдың 1 қазанына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10071 адамға 650,8 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 2,0 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 6549 адамға 418,1 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1482 адамға 94,3 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.


Бүгінгі күні мемлекетімізде қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметік көмек беруді қамтиды.

Бүгінде облысымызда 64 мыңнан астам зейнет жасындағы қарияларымыз бар.

Облыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау және сауықтыру мақсатында еліміздің шипажайларына жолдамалар беріліп келеді. Биылғы жылы да осындай әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған шараны жалғастыру мақсатында облыс ардагерлерін сауықтыруға 50 жолдама берілді.

Сонымен бірге,  қарттарға Қызылорда қаласындағы Қарттар үйі жанынан ашылған 100 орындық күндізгі болу бөлімшесі, «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» мекемесінің 50 орындық күндізгі болу бөлімшесі, Талсуат елді-мекеніндегі 150 орындық Мүгедектерге арналған оңалту орталығында қарттар мен мүгедектерге стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп отыр.

Аталған мекемелердің материалдық базасы нығайтылып, қызмет көрсету аясы кеңейтілген және стандартқа сәйкес қызмет алушыларға қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасай отырып, сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынады.

Үстіміздегі жылы Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне облыстық және жергілікті бюджеттен 450,1 млн. теңге материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

Облыста бірнеше жылдар бойы «Сыр мейірімі» жобасы аясында қайырымдылық акциясы жұмыс жасайды. 2016 жылы «Сыр мейірімі» жобасын іске асыруға облыстық бюджеттен 40,2 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге 350-ден астам көмекке мұқтаж қарттар мен мүгедектер, аз қамтылған азаматтар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.


2016 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9241 адамға 570,7 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 1,4 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 6374 адамға 406,9 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1055 адамға 67,2 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 840 мүгедек балаға 26,0 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 825 азаматқа қосымша тамақтануға 64,9 млн.теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 32 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 2,8 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 1,0 млн.теңгеге; әлеуметтік көмектер төленді.

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 50 адамға 0,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай төленетін бір жолғы материалдық көмектер бойынша ақпарат

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай бір жолғы материалдық көмектер төлеуге республикалық бюджеттен 180,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 23,9 млн.теңге, барлығы 204,8 млн. теңге бөлінді. 
Бір жолғы материалдық көмек келесі мөлшерде көрсетіледі :
-Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне республикалық бюджеттен-100 мың теңге, облыстық бюджеттен-150 мың.теңге;
-қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына республикалық бюджеттен 70 мың теңге;
-қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне республикалық бюджеттен 70 мың теңге;
-екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына республикалық бюджеттен 30 мың теңге, облыстық бюджеттен 79 280 теңге (40 АЕК);
-әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының және iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға республикалық бюджеттен 70 мың теңге;
-Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-анасына,қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) республикалық бюджеттен 30 мың теңге, облыстық бюджеттен 79 280 теңге (40 АЕК);
-қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерi) республикалық бюджеттен 25 мың теңге;
-Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға республикалық бюджеттен 25 мың теңге, облыстық бюджеттен 39 640 теңге (20 АЕК).
-1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға республикалық бюджеттен 25 мың теңге.
Құрылған күні: 02-03-2016 11:30
Жаңартылған күні: 24-04-2017 18:52

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика