Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Аналитикалық ақпарат

2017 жылы 10070 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 4021 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 3925 тұрақты орындар.

Нысаналы топтарға жататын 217  адамның (соның ішінде: мүгедектер –144, жазасын өтеп келгендер –73) 89-і немесе 41,0 пайызы жұмыспен қамтылды, (соның ішінде: мүгедектер - 52, жазасын өтеп келгендер -37).

Облыста 23 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 216 жұмыс беруші 911 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1352 - дан астам жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1149-на жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

2018 жылға «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 4,6 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 8408 адам енгізіліп оның ішінде:   оның ішінде:  жұмыссыздар-70,6% (5934 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 0,3%- (23 адам), жұмыс іздеушілер- 29,1% (23адам).

Бірінші бағыт -Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау –   жоспар 1515 адамды оқыту, қыркүйек айында басталады;

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту –  жоспар 1605 адамды оқыту жоспарланса, есепті мерзімге 216 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 1600 адам;

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 203 адамға шағын несие беру 1,9 млн.теңге.

Жаңа бизнес –идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе асыруды жоспарлап жатқан Бағдарламаға қатысушыларға 100 АЕК дейінгі мөлшерді ұсынылады. Министрлікке жаңа бизнес –идея гранттарына - 405 адамға 97,4 млн.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. 

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 6663 адам қамтылды, соның ішінде бос жұмыс орындарына 2698 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына (жоспар 419 адам, 140,3 млн.теңге)  1 сәуірге 562 адам,  жастар тәжірибесіне (жоспар 1212 адам 445,4 млн.тенге) 952 адам, қоғамдық жұмыстарға (6400 адам жоспар)  2451 адам  жолданды.

 

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

 

2018 жылдың 1 қаңтарынан басталған жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 2,8 млрд.теңге қаражат қаралды (РБ- 1,4 млрд.теңге, ЖБ – 1,4 млрд.теңге).

Бүгінгі күнге облыс бойынша 9468 (жоспар 8950) отбасымен мамандар әңгімелесу жүргізді.

Аз қамтылған 17825 адамға (3348 отбасы) 245,5 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 15867 адамға (2964 отбасы) 284,6 млн.теңгеге (29 млн. теңге «Өрлеу» жобасы бойынша өткен жылдан ауыспалы қалдық) атаулы әлеуметтік көмек төленді.

6421 отбасына коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге 190,2 млн. теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарды қолдауға   1511 адамға 89,2 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.

Мемлекеттен берілетін көмектерден басқа өңірде халықтың әлжуаз тобына қолдау көрсетуге қосымша шаралар қарастырылған. 2012 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасы аясында өзін-өзі күте алмайтын, күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 азамат аптасына бес күн бойы түскі ыстық тамақпен қамтылып келеді.

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен 2013 жылдан бастап аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, өңірге қажетті мамандықтар бойынша халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Олардың саны бүгінге 678-ге жеткізілді (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, ветеринария, өнер, спорт, медицина, педагог мамандықтары бойынша тегін білім алуда).

Жыл басынан халықтың осал топтарына жататын көмекке мұқтаж 5970 адамға 20,3 млн теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. (2017 жылы 19 мыңнан астам адамға 168 млн. теңгеге)).

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ

 

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2018 жылдың 1 сәуіріне  29238 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2822, II топтағы - 11133, III топтағы - 10438, 18 жасқа дейінгі - 4845 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 852 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1253 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Есепті кезеңге 3097 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 7996 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 102 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды.


Аналитикалық ақпарат

Жұмыспен қамту және жұмыссыздық көлемі, экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірдің аса маңызды және көп бағытты бөлігі болып табылады. Қазақстанда жұмыспен қамтуды тұрақты және жаппай реттеу жұмыссыздықтың оң динамикасы көрсетеді.

Облыста «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарын қабылдау,  Жұмыс орындарын сақтау жөніндегі Меморандумға қол қою шаралары нәтижесінде  жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 5,2 пайыздан 4,8 пайызға (2017 жылғы III-тоқсан) дейін 0,4 пайыздық пунктқа төмендеді. 

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 6,7 пайыздан 4,5 пайызға (2017 жылғы III-тоқсан) дейін 2,2 пайыздық пунктке төмендеді.

Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламамен 60,0 мың адам қамтылды, оның ішінде 77,5% жұмысыздар, 22,5% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.  40,0 мың адам жұмыспен қамтылды.  9,0 мыңнан астам қатысушы оқуға жіберілді, оқуды аяқтаған соң 35,6% жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 6,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасында 7,2 мың түлек уақытша жұмыспен қамтылды.

Бағдарламадан шағын несие алу бойынша ауылдық жерлерде 2,5 мың адам өз істерін ашты және 1,8 мыңнан астам адам бизнестерін кеңейтті, нәтижесінде 2,7 мың адамға қосымша жұмыс орындары құрылды.

Бағдарламаның іске асуы экономикалық құлдырау кезеңінде жұмыссыздық деңгейін ұстап тұрды.

Аз қамтылған азаматтар саны 1,3 есеге қысқарған(с 12,7 мың адамнан бастап 9,7 мың адамға дейін). Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 1,1 есеге қысқарған (3,6%-дан 2013 жылы 3,1% -ға дейін 2017 жылы (3-тоқсан) бұл еліміздегі кедейлік деңгейінің төмендегендігін көрсетеді.

Әлеуметтік индикаторлардың динамикасы халықтың өмір сүру деңгейінің едәуір жақсырғаның көрсетеді. 

 


Талдамалы жазбахат

2017 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың есебі

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына  жұмыс күшінің саны – 331,4 мың адам (2016 ж.– 330,8 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 315,5 мың адам (2016 ж. – 314,4 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2016 ж. - 5,0%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 3,2% құрады (2016 ж. – 5,1%).

2017 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,  ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 7017 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 6169 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 15799 адам хабарласты, соның ішінен 7315 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 46,3%) жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жататын 510 адамның (мүгедектер –367, жазасын өтеп келгендер – 141, оралмандар - 2) 172-і (33,7%) жұмыспен қамтылды (мүгедектер - 105, жазасын өтеп келгендер - 65, оралман -2).

Облыста 63 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп,  682 жұмыс беруші 2687 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 4048-ден астам жұмыс іздеушілер қатысып, оның 4200-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

Қызылорда облысына 2017 жылға «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 4,1 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 7067 адам енгізіліп (жұмыссыздар - 97,2% (6868 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 2,8% (199 адам). Жалпы хабарласқандардың 2853-і жастар (40,4%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5835 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 5631 адам.

Бірінші бағыт Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – 1515 адамды оқыту (жоспар);

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1315 адамды оқыту (жоспар).

Қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді. Қысқа мерзімдік оқу курстарына 1044 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 6 топ бойынша курстар жүргізілетін болады. Бүгінгі күнге оқуға 468 адам жолданып, 367 адам оқуды аяқтады).

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 487 адамға шағын несие беру үшін 2,3 млрд. теңге қаралды (Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 293,9 млн. теңге таратылады. Несие алушылар 18,0 млн. теңгеге дейін алуға қол жеткізетін болады). Сырдария ауданында шағын несие 11 адамға 48,5 млн.теңге «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы филиалы арқылы берілді.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы

1) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу – 1410 адамды жастар тәжірибесімен, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3)  жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 184 мекеме, кәсіпорындарға 577 адам жолданды (жоспар - 505), оның ішінде 51 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар тәжірибесіне 467 мекеме, кәсіпорындарға 886 адам жолданды (жоспар – 905), соның ішінде 49–ы тұрақты жұмысқа орналасты. Жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 26 адам жолданды (жоспар - 20), оның ішінде 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам жолданды.

Қоғамдық жұмыстармен 3662 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), 114-і мерзімін аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды.

2017 жылы облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі Кешенді жоспар қабылданды. Жоспар аясында 32884 жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды тартылатын болады.

Есепті кезеңге Жоспар аясында 16914 адам қамтылып, соның ішінде:

  • бос жұмыс орындарына – 5603 адам жұмысқа орналасты (жоспар - 11387 адам);
  • жаңа жобаларда – 4024 адам жұмысқа орналасты (жоспар - 6650 адам) (Нұрлы жол – 57 адам, ҮИДБ – 51 адам, Агробизнес 2020 - 88 адам, БЖК 2020 – 111 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 5 адам, аумақтарды дамыту бағдарламасы – 2391 адам, басқа да бағдарламалар бойынша – 418 адам, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту -  295, жеке бастамалар бойынша – 608 адам);
  • әлеуметтік жұмыс орындарына – 590 адам орналасты (жоспар – 562 республикалық бюджетпен жергілікті бюджетті қоса есептегенде);
  • жастар тәжірибесіне - 912 адам жолданды (жоспар – 925, республикалық бюджетпен жергілікті бюджетті қоса есептегенде);
  • қоғамдық жұмыстармен – 3662 жұмыссыздар қамтылды (жоспар – 5806);
  • кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына – 1419 адам жолданды (жоспар – 3788);
  • өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 704 адам (жоспар – 3279).

Қысқарту жөнінде. Жыл басынан 234 адам 11 мекеме, кәсіпорындардан жұмыстан қысқартылды. 40 адам ақысыз еңбек демалыста, 212 толық емес жұмыс уақытымен қамтылған, 269 адам өз еркімен жұмыстан босатылған.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне жергілікті бюджеттен 59017 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 876,7 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 422 адамға (101 отбасы) 8,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 244 адамға азайды.

Тұрғын үй көмегі: 2017 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7169 отбасына 239,9 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 598 отбасына азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 51426 балаға (16101 отбасы) 628,7 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны 1983 балаға азайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8842 адамға 577,4 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 5878 адамға 401,2 млн.теңгеге;

- Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған азаматтарға, Совет Армиясының мүгедектеріне, Вьетнам соғысының мүгедегіне, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған 1041 адамға 70,9 млн.теңгеге;

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 48 азаматқа 1,2 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 971 адамға қосымша тамақтануға 83,4 млн. теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 30 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 2,7 млн. теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 869 мүгедек балаларға 16,3 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 1,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ

ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесіне 28722 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2811, II топтағы - 11101, III топтағы - 10130, 18 жасқа дейінгі - 4680 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 839 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1339 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2017 жылдың 1 шілдесіне 6022 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 8621 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2017 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту орталықтары арқылы  282 мүгедек, оның ішінде 105 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 20 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 26 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 131 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды.


Талдамалы жазбахат

2017 жылдың 1 сәуіріне

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың 4 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 345,3 мың адам (2015 ж.  4 тоқсан – 317,4 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 328,8 мың адам (2015 ж. 4 тоқсан – 301,2 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2015 ж. - 5,0%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) – 3,4% құрады (2015 ж. – 6,1%).

2017 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне  2526 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 2445 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 9165 адам хабарласты, соның ішінен 4281 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 46,7%) жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жататын 241 адамның (мүгедектер –173, жазасын өтеп келгендер –66, оралмандар - 2) 87- і (36,1%) жұмыспен қамтылды (мүгедектер - 55, жазасын өтеп келгендер -30, оралман -2).

Облыста 24 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 215 жұмыс беруші 932 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1813-тен астам жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1089-на жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

Қызылорда облысына 2017 жылға «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуына 3,7  млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 3308 адам енгізіліп (жұмыссыздар - 99,8% (3301 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 0,2% (7 адам). Жалпы хабарласқандардың 1485-і жастар (45%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3344 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 3302 адам.

Бірінші бағыт Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – 1515 адамды оқыту (жоспар);

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 1315 адамды оқыту (жоспар).

Қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді.  Оқу курстары 10 сәуірден басталатын болады.

Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 937 адам белгіленген (Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында сәуір айынан бастап тестілеу жүргізіліп, оқу курстары басталатын болады).

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау – 487 адамға шағын несие беру үшін 2,2 млрд. теңге қаралды (Микрокредиттер ауылдық жерлерге 1,7 млрд. теңге, қалада 210 млн. теңге таратылады. Несие алушылар 18,0 млн. теңгеге дейін алуға қол жеткізетін болады).

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы

1) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу – 1410 адамды жастар тәжірибесімен, әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3)  жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 505 адамды жолдау жоспарланса, нақты 157 мекеме, кәсіпорындарға  468  адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне 905 адамды жолдау жоспарланса, нақты 361 мекеме, кәсіпорындарға 567 адам жолданды, соның ішінде 13–і тұрақты жұмыс орналасты. Жергілікті бюджет аясында жастар тәжірибесіне 14 адам 10 мекеме, кәсіпорындарға жолданды (жоспар - 20 адам).

Қоғамдық жұмыстармен 2079 жұмыссыздар қамтылып (жоспар 5806 адам), 172–і  жұмыс мерзімін аяқтап, 18-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 сәуіріне жергілікті бюджеттен 51318 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 475,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 389 адамға 4,6 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 140 адамға азайды.

Тұрғын үй көмегі: 2017 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге          366,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 6921 отбасына 174,0 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 286 отбасына азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 44008 балаға 297,1 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны 14253 балаға азайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 сәуіріне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1725 адамға 56,6 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 41 азаматқа 0,6 млн. теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 786 адамға қосымша тамақтануға 37,9 млн. теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 27 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 1,1 млн. теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 869 мүгедек балаларға 16,3 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 2 отбасына 0,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі "Сыр мейірімі" жобасы аясында күнделікті 225 адамға 5,0 млн.теңгеге 7425 түскі ас берілді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ

ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 сәуіріне 28566 мүгедектер, оның ішінде  I топтағы - 2873, II топтағы - 11041, III топтағы - 10055, 18 жасқа дейінгі - 4687 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 828 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1327 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2017 жылдың 1 сәуіріне 2365 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 6285 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2017 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту орталықтары арқылы 120 мүгедек, оның ішінде 43 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 2 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 12 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 63 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды.

 

 


Талдамалы жазбахат

2017 жылдың 1  қаңтарына

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша  2016 жылдың  3 тоқсанына жұмыс күшінің саны – 343,4 мың адам (2015 ж. 3 тоқсан– 325,4 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 327,0 мың адам (2015ж.–309,4 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% (2015 ж. - 5,0 %), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,9% құрады (2015 ж. – 4,1 пайыз).

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,  жыл қорытындысымен 11206 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 119,9%), соның ішінде 9873 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына  32847 адам хабарласты, соның ішінен 16518 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 50,3 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстармен 7052 адам қамтылып (367,6 млн.теңге төленді), кәсіптік даярлау курстарына 458 адам жолданды (3,5 млн.тенге).

Нысаналы топтарға жататын 1084 адамның (соның ішінде: мүгедектер –752, жазасын өтеп келгендер –324, оралмандар - 8) 618- і жұмыспен қамтылды, соның ішінде: мүгедектер - 415, жазасын өтеп келгендер -206, оралмандар -3.

Облыста 115 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп,  1603 жұмыс беруші 6236 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 9,0 мыңнан  жұмыс іздеушілер қатысып, оның 6282-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

2016 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 31 406  адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 15083 жұмыссыздар, 16323 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың (56681 адам) 55,4% құрайды.

Ағымдағы жылдың қорытындысымен мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 40067  адам қамтылды (128%), соның ішінде:

- бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар – 13945 адам;

- жаңа жобаларда - 10530 адам жұмысқа орналасты, жоспар  (6740 адам) 156 пайызға орындалды (Нурлы жол – 208 адам, ЖҚЖК – 2020 – 980 адам, ҮИИДБ – 419 адам, Агробизнес 2020 -712 адам, БЖК 2020 – 457 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 392  адам, қызмет көрсету саласы бойынша - 96 адам аумақтарды дамыту бағдарламасы – 3217 адам, басқа да бағдарламалар  бойынша – 2194 адам, жеке бастамалар бойынша – 1855  адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 961 адам жолданды, (жоспар 532 адам) жоспардың 181 пайызы, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 859 (жоспар – 450 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 102 адам (жоспар - 82 адам);

-  жастар тәжірибесіне 1240 адам немесе жылдық жоспардың (880 адам) 141 пайызы, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 1107 (жоспар – 822 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 133 адам (жоспар - 58 адам);

- қоғамдық жұмыстарға 7052 адам немесе жылдық жоспардың (6270 адам) 112 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 641 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (709 адам) 78%, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 183 адам (жоспар 259 адам),  аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 458 адам жолданды (жоспар - 450 адам);

- 800 адамға шағын несие берілді, жылдық жоспардың (638 адам) 125%;

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 4898 адам, жылдық жоспар (450 адам) 10 есеге орындалды.

 «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 6,5 млрд. теңге қаралып 97,4 пайызы игерілді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 10717 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -77,8 % (8339 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 22,2% (2378 адам). Жалпы хабарласқандардың жастары- 50% (5363 адам).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 11524 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары–8578 (соның ішінде МЗЖ 7197 адам  – 83,8 %).   

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2016 жылы жергілікті бюджеттен 69744 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1507,0 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 18,5 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 904 адамға 18,3 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 796 адамға, төленген қаражат көлемі 9,3 млн.теңгеге азайған.

Тұрғын үй көмегі: Нақтыланған бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 355,1 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 8653 отбасына 352,6 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 22 отбасына азайған, төленген қаражат көлемі 33,0 млн.теңгеге көбейген.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1136,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 61638 балаға 1136,1 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 4819 балаға, төленген қаражат көлемі 137,9 млн.теңгеге көбейген.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 қаңтарына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 34417 адамға 1137,7 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 2,7 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 6549 адамға 418,1 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1527 адамға 97,2 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 972 мүгедек балаға 46,9 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 1189 адамға қосымша тамақтануға 142,4 млн.теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 33 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 5,9 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 14 отбасына 3,5 млн.теңгеге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 50 адамға 0,3 млн.теңгеге;

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде білім алатын халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 504 студентке білім беру қызметіне ақы төлеу үшін 221,1 млн. теңгеге;

- ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін 23523 мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға 199,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарына 29113 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2756, II топтағы - 11411, III топтағы – 10156, 18 жасқа дейінгі - 4790 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 866 жалғыз басты қарттарым ен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1375 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2017 жылдың 1 қаңтарына 9248 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 13630 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2017 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталықтары арқылы  671 мүгедек, оның ішінде 409 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 33 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 30 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 199 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды, 36 мүгедекке шағын несие берілді.


Талдамалы жазбахат

2016 жылдың III  тоқсанына

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 қазанға 9156 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 98% ), соның ішінде 8026 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 25192 адам хабарласты, соның ішінен 10635 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 42,5 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстармен 6024 адам қамтылып (251,6 млн.теңге төленді), кәсіптік даярлау курстарына 488 адам жолданды (3,1 млн.тенге).

Жұмысқа орналасқандардың ішінен 371 ( хабарласқандар – 837 адам, соның ішінде: мүгедектер – 551, жазасын өтеп келгендер – 278, оралмандар - 8) нысаналы топтарға жататын адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде: мүгедектер - 217, жазасын өтеп келгендер -153, оралмандар -1.

Облыста 85 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1012 жұмыс беруші 4542 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 6,6 мыңнан  жұмыс іздеушілер қатысып, оның 4013-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

2016 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 31406 адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 15083 жұмыссыздар, 16323 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың (56681 адам) 55,4 пайызын құрайды.

Ағымдағы  жылдың 1 қазанына мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 29927 адам қамтылды (95,3 %), соның ішінде:

- бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандар – 10324 адам;

- жаңа жобаларда-  7812 адам жұмысқа орналасты, жоспар (6740 адам) 116 пайызға орындалды (Нурлы жол – 207 адам, ЖҚЖК – 2020 – 366 адам, ҮИИДБ – 334 адам, Агробизнес 2020 -515 адам, БЖК 2020 – 174 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 392  адам, қызмет көрсету саласы бойынша - 59 адам аумақтарды дамыту бағдарламасы – 2177 адам, басқа да бағдарламалар  бойынша – 1887  адам, жеке бастамалар бойынша – 1701  адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 874 адам жолданды, (жоспар 532 адам) жоспардың 164 пайызы, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 791 (жоспар – 450 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 83 адам (жоспар - 82 адам);

-  жастар тәжірибесіне 1168 адам немесе жылдық жоспардың (880 адам) 132 пайызы, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 1066 (жоспар – 822 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 102 адам (жоспар - 58 адам);

- қоғамдық жұмыстарға 6024 адам немесе жылдық жоспардың (6270 адам) 96 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 586 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (709 адам) 75 пайызы, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында –  128 адам (жоспар 259 адам),  аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 458 адам жолданды (жоспар - 450 адам);

- 617 адамға шағын несие берілді, жылдық жоспардың  (638 адам) 96,7 пайызы

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2522 адам, жылдық жоспар (450 адам)  5 есеге  орындалды.

 «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 6,7 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде  бағдарламаның бағыттарына  - 6,5 млрд.теңге.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 7667 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -77,3 % (5928 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 22,7 % (1738 адам). Жалпы хабарласқандардың жастары- 56,8 % (4358 адам).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 7505 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары–5408 (соның ішінде МЗЖ 4014 адам  – 74,2 %).    

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге қосымша бөлінген қаржылармен 254 жобаға  – 4359,7  млн.теңге, 1826 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 875 орын. Соның ішінде:

Бектілген бюджет бойынша 9 жобаға 290,3 млн.теңге бөлініп, 107 жұмыс орындарының, жұмыспен қамту орталықтары арқылы -53 орын ашу жоспарланған.

1 транш – Ұлттық қордан – 19 жоба 969,6 млн.теңге, 380 жаңа жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 195 орын.

2 транш – Үкіметтің арнайы резервінен -165 жоба 1299,8 млн.теңге, 581 жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 321 орын.

3 транш -  Ұлттық қордан – 61 жоба 1800 млн.теңге, 785 жаңа жұмыс орындары, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 306 орын.

28 жобада жұмыстар аяқталып, 403 жаңа жұмыс орындар құрылды.

2 транштың 165 жобасы бойынша қазан айында барлық конкурстық рәсімдер аяқталып, жөндеу жұмыстары басталады.

61 жоба бойынша, 51  жоба  - облыс орталығындағы көшелерде орта жөндеу жұмыстары, 339 орын (бағдарлама қатысушылары -176 орын) және 10 ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар құрылысы – 419 жұмыс орны, оның ішінде бағдарлама қатысушылары – 130 орын. Хабарландыру беру жұмыстары басталуда.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 77 адам оқып, 2,2 млн.теңге қаржы игерілді, соның ішінде 8 –і шағын несие алды.

Жыл басынан 617 адам 1608,8 млн.теңге несиелендіріліп, 324 адам өз кәсібін ашты, қосымша 120 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде: «Ауылда жұмыспен қамту» жобасы бойынша 6,0 млн.теңгеге дейін - 102 адам 438,3 млн.теңге қаржыға  несиелендірілді.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 236 мекеме, кәсіпорындарға 874 адам жолданды, соның ішінде өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 83 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы  есебінен- 791 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 89 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

 Жастар тәжірибесі – 822 адамға -188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 569 мекеме, кәсіпорындарға 1168 жас мамандар, соның ішінде: өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 102 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы  есебінен - 1066 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 200 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қазанына жергілікті бюджеттен 64464 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1088,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 30,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 795 адамға 13,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 692 адамға, төленген қаражат көлемі 7,9 млн.теңгеге азайған.

Тұрғын үй көмегі: Бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 348,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7915 отбасына 266,8 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 387 отбасына, төленген қаражат көлемі 54,3 млн.теңгеге көбейген.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 986,2 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 55754 балаға 808,7 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 4298 балаға, төленген қаражат көлемі 56,4 млн.теңгеге көбейген.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2016 жылдың 1 қазанына 28802 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2697, II топтағы - 11418, III топтағы – 10 003, 18 жасқа дейінгі - 4684 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 858 жалғыз басты қарттар м ен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1375 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2016 жылдың 1 қазанына 6494 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 10367 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2016 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту орталықтары арқылы  450 мүгедек, оның ішінде 217 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды,  31 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 26 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 176 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды, 27 мүгедекке шағын несие берілді.


Талдамалы жазбахат

2016 жылдың II  тоқсанына

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанына экономикалық белсенді халық саны – 330,6 мың адам (2015 ж.– 319,2 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 314,2 мың адам (2015 ж. – 303,2 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды (2015 ж. - 5,0 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 5,1 пайызды құрады (2015 ж. – 4,0 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға төмендеді.

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 шілдесіне 5747 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 61,5 % ), оның ішінде 5073 тұрақты орындар.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 18153 адам хабарласты, оның ішінен 6438 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 35,5 пайызы) жұмысқа орналастырылды. 4134 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, қайта даярлау курстарына 319 адам жолданды.

Облыста 49 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 591жұмыс беруші 2515 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 3866–ге жуық жұмыс іздеушілер қатысып, оның 2222-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама беріліп, 1583 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

2016 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 31406 адамды қамту жоспарланған, оның ішінде 15083 жұмыссыздар, 16323 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың (56681 адам) 55,4 пайызын құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 19274 адам қамтылды (61 %), оның ішінде:

- 5115 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар (6740 орын) 76 пайызға орындалды (Нурлы жол – 75 адам, ЖҚЖК – 2020 – 143 адам, ҮИИДБ – 96 адам, Агробизнес 2020 -240 адам, БЖК 2020 – 66 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 86  адам, қызмет көрсету саласы бойынша - 17 адам аумақтарды дамыту бағдарламасы – 1542 адам, басқа да бағдарламалар  бойынша – 1640  адам, жеке бастамалар бойынша – 1210  адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 654 адам жолданды, (жоспар 532 адам) жоспардың 122,7 пайызы, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 608 (жоспар – 450 адам),  аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 46 адам (жоспар - 82 адам);

- жастар тәжірибесіне 833 адам немесе жылдық жоспардың  (880 адам) 94,6 пайызы, оның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 766 (жоспар – 822 адам), аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 67 адам (жоспар - 58 адам);

- қоғамдық жұмыстарға 4134 адам немесе жылдық жоспардың (6270 адам) 65,9 пайызы;

- қайта даярлау курстарына 319 адам жолданды немесе жылдық жоспардың (709 адам) 44,9 пайызы, оның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – жоспар 259 адам, аймақтарды дамыту бағдарламасы  аясында – 319 адам жолданды (жоспар - 450 адам);

- 276 адамға шағын несие берілді, жылдық жоспардың (638 адам) 43,2 пайызы;

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 1335 адам, жылдық жоспардың (450 адам) жоспардың 2 есеге орындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 3,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде  бағдарламаның бағыттарына - 3,4 млрд.теңге.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 4566 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -79 % (3597 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары –  21 % (969 адам). Жалпы хабарласқандардың 2582-і жастар (56,5%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4638 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 4578 адам, оның ішінде тұрақты –     3192 (соның ішінде МЗЖ 2336 адам  – 73,2 %).   

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 28 жобаға  – 1265,9  млн.теңге (475 жұмыс орны).

Барлық жобаларда жұмыстар басталып, 132 адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде 72 –сі  бағдарлама қатысушылары.

Оның ішінде 1 жоба 2015 жылдан өтпелі Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 57,9 млн.теңге (үнемделген қаржы- 6,4 млн.теңге,  51,446 тенге). Бүгінгі күнге дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, онда барлығы 17 адам, жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Оның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.

Жыл басынан 276 адам 599,8 млн.теңге несиелендіріліп, 120  адам өз кәсібін ашты, қосымша 74 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде:

2015 жылдың қаржы есебінен 50 адам 100,0 млн. теңгеге несиелендірілді, оның ішінде 31 адам өз кәсібін ашты.

Бекітілген бюджет қаржы есебінен 168 адамға 376,8 млн. теңге несиелендірілді.

Қайтарылған қаржы есебінен 58 адамға 123,0 млн. теңгеге несиелендіріліп, 29 адам өз кәсібін ашты.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 198 мекеме, кәсіпорындарға 654 адам жолданды (алдыңғы жылдан жалғастырушы -35 адам), оның ішінде өңірлерді дамыту бағдарламасы есебінен – 46 адам, жұмыспен қамту 2020 жол картасы есебінен - 608 адам. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 44 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Облыс бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне жергілікті бюджеттен 61842 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 799,4 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 48,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 666 адамға 8,4 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 634 адамға, төленген қаражат көлемі 6,7 млн.теңгеге азайған.

Тұрғын үй көмегі: Бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 348,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7767 отбасына 211,3 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 449 отбасына, төленген қаражат көлемі 34,0 млн.теңгеге көбейген.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 940,1 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 53409 балаға 579,7 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 5693 балаға, төленген қаражат көлемі 82,9 млн.теңгеге көбейген.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қызылорда облысының барлық аудандарында әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсету пилоттық жобасы енгізілді. Жобаны іске асыруға бюджеттен 36,7 млн.теңге, оның 12,0 теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді.

Есепті кезеңге 839 адамға 10,5 млн. теңгеге ШАК тағайындалып, 9,5 млн.теңгесі төленді. Шартты ақшалай көмектің 1 адамға келетін орташа айлық мөлшері 2778,4 теңгені құрайды.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 184 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Жоба аясында аз қамтылған отбасыларынан 98 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 79 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2016 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9241 адамға 570,7 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 60 азаматқа 1,4 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 6374 адамға 406,9 млн.теңгеге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 1055 адамға 67,2 млн.теңгеге;

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 840 мүгедек балаға 26,0 млн.теңгеге;

- мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 825 азаматқа қосымша тамақтануға 64,9 млн.теңгеге;

-лейкоз және анемиямен ауыратын 32 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 2,8 млн. теңгеге;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 1,0 млн.теңгеге; әлеуметтік көмектер төленді.

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 50 адамға 0,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2016 жылдың 1 шілдесіне 28261 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2645, II топтағы - 11201, III топтағы - 9812, 18 жасқа дейінгі - 4603 мүгедек балалар тіркелген.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 858 жалғыз басты қарттар м ен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1375 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2016 жылдың 1 шілдесіне 4721 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 7786 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Кәсіптік оңалту.

2016 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту орталықтары арқылы 365 мүгедек, оның ішінде 174 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды, 28 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды, 23 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілді, 140 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды, 17 мүгедекке шағын несие берілді.

 

 


Талдамалы жазбахат

2016 жылдың 1 сәуіріне

Халықты жұмыспен қамту.

2016 жылы 9342 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 сәуіріне  2015 жаңа жұмыс орындары құрылды (1864 тұрақты орындар).
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 11486 адам хабарласты, соның ішінен 3610 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 31,4 пайызы) жұмысқа орналастырылды.  2270 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Нысаналы топтардаға жататын 150 азаматтың 104-і (69%) жұмыспен қамтылды. 
Облыста 19 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 255 жұмыс беруші 898 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1343- ге жуық жұмыс іздеушілер қатысып, оның 626-на жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.
«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 3,6 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде  бағдарламаның бағыттарына  - 3,4 млрд.теңге.
Бағдарламаға қатысушы ретінде 2483 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -87 % (2155 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 13 % (328 адам). Жалпы хабарласқандардың 1433-і жастар (58%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2553 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 2533 адам, соның ішінде тұрақты –1656 (соның ішінде МЗЖ – 64,8 %).
Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 28 жобаға  – 1265,9  млн.теңге (475 жұмыс орны). 
Соның ішінде 1 жоба 2015 жылдан өтпелі Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 57,9 млн.теңге (үнемделген қаржы- 6,4 млн.теңге, 51,446 тенге).
Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге -– 435 адамға 1761,3 млн.теңге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге.
2015 жылдың қаржы есебінен 50 адам 100,0 млн.теңгеге несиелендірілді, соның ішінде 6 адам өз кәсібін ашты.
қайтарылған қаржы есебінен 13 адамға 25,5 млн.теңгеге несиелендіріліп, 7 адам өз кәсібін ашты. 
Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге. 
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 145 мекеме, кәсіпорындарға 410 адам жолданды (алдыңғы жылдан жалғастырушы -35 адам), соның ішінде 24 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесі – 822 адамға -188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 319 мекеме, кәсіпорындарға 487 жас мамандар (алдыңғы жылдан жұмысты жалғастырушы 4 адам) жолданды, соның ішінде 36 адам  тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына – 2,3 млн.теңге қарастырылған.

Әлеуметтік көмек.

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2016 жылдың 1 сәуірінде 65997 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 438,5 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді. 

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 48,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 529 адамға 4,3 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. 
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 64,3%-ды, жұмыссыздар – 12,5%, жұмыс істейтіндер – 0,6%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 4,1%, зейнеткерлер – 1,1%, мүгедектер – 2,5%, студенттер – 3,2% бала күтіміндегілер – 9,4% және басқа да санаттағылар – 2,3% пайызды құрайды. 
Облыс бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздардың тартылуы нәтижесінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 470 адамға, ал төленген қаражат көлемі 4,2 млн. теңгеге азайды. 
Тұрғын үй көмегі: Бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 348,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7207 отбасына 156,0 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 18 отбасына, төленген қаражат көлемі 18,9 млн.теңгеге көбейген. 
18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 940,1 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 44868 балаға 295,2 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы тағайындалып, оның 278,2 млн.теңгесі төленді.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту.

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2016 жылдың 1 сәуіріне 29517 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 3093, II топтағы - 11861, III топтағы - 9991, 18 жасқа дейінгі - 4572 мүгедек балалар тіркелген. 

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 858 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1374 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
2389 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 5692 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Талдамалы жазбахат

2015 жылдың қорытындысы

 

2015 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, нақты 12035 жаңа жұмыс орындары құрылды (9835 тұрақты орындар, немесе жоспардың 103,5 %).
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 31374 адам хабарласты, соның ішінен 16726 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 53,3 пайызы) жұмысқа орналастырылды.
Соның ішінде, хабарласқан нысаналы топтардағы азаматтардың жұмыспен қамтылғандар үлесі 44,2 %, (мүгедектер - 311, жазасын өтеу орындарынан босап келгендер – 92, оралмандар -3).
Облыста 84 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1183 жұмыс беруші 3422 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 6422 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 2386-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді. 
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  
Бағдарламаға қатысушы ретінде 6534 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар -70,3 % (4595 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 29,7 % (1939 адам). Оның ішінен 2950-і жастар (45,1%). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 9204 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 8695 адам, соның ішінде тұрақты – 8078 (соның ішінде МЗЖ – 78,3 %).
«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2015 жылға 2121,7 млн теңге қаралған, соның ішінде  бағдарламаның бағыттарына  - 1959,4 млн.теңге, соның ішінде 99,9 пайызы немесе 2121,5 млн.теңге қаржы игерілді.
Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 65743 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1345,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2016 жылға нақтыланған бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 27,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюжеттен 7,3 млн.теңге қаражат қаралған. 2016 жылдың 1 қаңтарына 1700 адамға 27,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 1074 адамға, ал төленген қаражат көлемі 11,7 млн. теңгеге азайды. 

Тұрғын үй көмегі: Бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 344,8 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 8675 отбасына 319,5 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 160 отбасына, ал төленген қаражат көлемі 16,7 млн. теңгеге азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2016 жылға нақтыланған бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 998,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 63,0 млн.теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 55368 балаға 998,1 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алатын балалардың саны 149 балаға азайды.

Шартты ақшалай көмек пилоттық жобасы:

Қолданыстағы әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданыында әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек көрсету пилоттық жобасы енгізілді. Жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 5,7 млн.теңге қаражат бөлінді.

Жоба аясында есепті кезеңге әлеуметтік келісім шарт негізінде 168 адамға 5,7 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып төленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 6737,1 теңгені құрайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2016 жылдың 1 қаңтарына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 33089 адамға 999,5 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту.

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарына 27999 мүгедектер, оның ішінде  I топтағы - 2573, II топтағы - 11315, III топтағы - 9667, 18 жасқа дейінгі - 4444 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2015 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 256,4 млн.теңге бөлінді.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 862 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1324 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.


Талдамалы жазбахат

2015 жылдың 1 қазанына

 

Халықты жұмыспен қамту. 2015 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 қазанға 8949 жаңа жұмыс орындары құрылды (7340 тұрақты орындар, немесе жоспардың 91,8 %).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 23078 адам хабарласты, соның ішінен 9828 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 42,6 пайызы) жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 179-і мүгедектер.

Облыста 62 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 736 жұмыс беруші 2359 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 4742 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1492-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Жұмыспен қамту органдары облыстағы мекеме, кәсіпорындардан жұмыскерлердің жұмыс уақытының немесе штат кестесінің қысқаруы жөнінде күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Кешенді жоспар аясында 2015 жылы облыс бойынша 23386 адамды қамту жоспарланып отыр, соның ішінде 13502 жұмыссыздар, 9884 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың  39,2 пайызын құрайды.

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 24386 адам қамтылды (104 %) 

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы. Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 2800 адам хабарласып, соның ішінен 2792 адам бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізілді оның: өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 16,9 % (471 адам), жұмыссыздар -83,1 % (2321 адам). Оның ішінен 1359-і  жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4542 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 4400 адам, соның ішінде тұрақты - 3462.        

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2015 жылдың 1 қазанына 60471 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 985,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек. Бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 35,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюжеттен 7,3 млн.теңге қаражат қаралды. 2015 жылдың 1 қазанына 1487 адамға 21,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 843 адамға, ал төленген қаражат көлемі 8,3 млн. теңгеге азайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 65,4%-ды, жұмыссыздар – 13,2%, жұмыс істейтіндер – 1,8%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 4,4%, зейнеткерлер – 0,3%, мүгедектер – 2,9%, студенттер – 2,8% бала күтіміндегілер – 8,1% және басқа да санаттағылар – 1,1% пайызды құрайды.

Облыс бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздар тартылды. Осыған орай, өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі 28,6 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға азайды.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту.

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 27808 мүгедектер, оның ішіндеI топтағы - 2541, II топтағы - 11288, III топтағы - 9608, 18 жасқа дейінгі - 4371 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2015 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 256,4 млн.теңге бөлінді.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 871  жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1341 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2015 жылдың 1 қазанына 7030 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 10308 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

 


Талдамалы жазбахат

2015 жылдың 1 шілдесіне 

 

Халықты жұмыспен қамту

2015 жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 шілдесіне 5039 жаңа жұмыс орындары құрылды (4413 тұрақты орындар, немесе жоспардың 46,5%).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 14111 адам хабарласты, соның ішінен 5342 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 38 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 124 мүгедектер.

Облыста 42 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 465 жұмыс беруші 1566 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 2322 жұмыс іздеушілер қатысып, оның 1096-на жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Жұмыспен қамту органдары облыстағы мекеме, кәсіпорындардан жұмыскерлердің жұмыс уақытының немесе штат кестесінің қысқаруы жөнінде күнделікті  мониторинг жүргізілуде.

Кешенді жоспар аясында 2015 жылы облыс бойынша 23386 адамды қамту жоспарланып отыр, соның ішінде 13502 жұмыссыздар, 9884 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың  39,2 пайызын құрайды.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына 2015 жылға Қызылорда облысына 2015 жылға 1877,9  млн теңге қаралған, соның ішінде тек  2015 жылы бағдарламаның бағыттарына  - 1099,4 млн.теңге.

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 17 жобаға  – 575, 1  млн.теңге.

Екінші бағыт - Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту– 140 адамға  421,251 млн.теңге бөлінді.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге – 718,3 млн.теңге.

Әлеуметтік көмек

Облыс бойынша 2015 жылдың 1 шілдесіне 56334 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 689,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: Бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 67,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюжеттен 7,3 млн.теңге қаражат қаралды. 2015 жылдың 1 шілдесіне 1300 адамға 15,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 723 адамға, ал төленген қаражат көлемі 3,3 млн. теңгеге азайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 65,2%-ды, жұмыссыздар – 13,6%, жұмыс істейтіндер – 1,7%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 4,1%, зейнеткерлер – 0,3%, мүгедектер – 2,2%, студенттер – 3,0% бала күтіміндегілер – 8,7% және басқа да санаттағылар – 1,2% пайызды құрайды.

Тұрғын үй көмегі: 2015 жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 344,8 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7318 отбасына 177,3 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 592 отбасына, ал төленген қаражат көлемі 2,4 млн. теңгеге азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2015 жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 864,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 63,0 млн.теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 47716 балаға 496,8 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алатын балалардың саны 1595 балаға азайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2015 жылға облыстық бюджеттен 37,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге сапалы тамақтануды қажет ететін 240 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас азаматтарға 9,1 млн.теңгеге 17748 ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2015 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9582 адамға 564,2 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді.

Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту

Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2015 жылдың 1 шілдесіне 27296 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2502, II топтағы - 11107, III топтағы - 9398, 18 жасқа дейінгі - 4289 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2015 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 256,4 млн.теңге бөлінді.

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдар және жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құралдарды қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне таратылды.

Мүгедектерге 2015 жылға санаторий-курорттық емделуге 998 жолдама қарастырылды.

Протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін «Алматы протез-ортопедиялық орталығы» АҚ-мен 90,0 млн.теңгеге келісім шартқа отырып, мүгедектерге протезді-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге кезең-кезеңімен жіберіліп отыр.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 870 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1322 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2015 жылдың 1 шілдесіне 4644 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 5827 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.

Бүгінгі күнге басқармаға қарасты мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемелеріндегі 656 мемлекет қамқорлығындағы стандартқа сәйкес арнаулы қызметтер көрсетілуде. Мүгедектерге арналған оңалту орталығында ағымдағы жыл басынан 666 мүгедектер мен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. 


Талдамалы жазбахат

2015 жылдың 1 сәуіріне

 

2015 жылы 9750 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 сәуіріне  2296 жаңа жұмыс орындары құрылды (2004 тұрақты орындар).

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 8190 адам хабарласты, соның ішінен 2492 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 30,4 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде мүгедектер - 54.

Облыста 20 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 224 жұмыс беруші 654 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 1360- ға жуық жұмыс іздеушілер қатысып, оның 404-не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Жұмыспен қамту органдары облыстағы мекеме, кәсіпорындардан жұмыскерлердің жұмыс уақытының немесе штат кестесінің қысқаруы жөнінде   күнделікті  мониторинг жүргізілуде.

Жыл басынан облыста 153 адам қысқартылып, облыстағы 12 мекеме, кәсіпорындарда 323 адам еңбекақысыз демалыста, 18 кәсіпорыннан 424 адамның қысқартылуы жөнінде мәлімет түсті.

Үстіміздегі жылдың 12 наурызында  облысы бойынша 2015 жылға арналған Халықты жұмыспен қамту кешенді жоспары бекітілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы», «Өрлеу» бағдарламаларын, еңбек, зейнетақы ақы, әлеуметтік төлемдер жөніндегі заңдылықтарды  халыққа түсіндіру мақсатында қала, аудандарда әлеуметтік сала мамандарынан 19 мобильдік топтар құрылып, ауылдарда, елді мекендерде ағымдағы жылдың наурыз айында бағдарлама жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 418 адам хабарласып, соның ішінен 287 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды, оның: өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 38,7 % (111 адам), жұмыссыздар -61,3 % (176 адам). Оның ішінен 204-і  жастар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 459 адам қамтылды, соның ішінде жұмысқа орналасқандары – 348 адам, соның ішінде тұрақты - 282.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы»  бағдарламасына 2015 жылға Қызылорда облысына 2015 жылға 1877,9  млн теңге қаралған, соның ішінде тек  2015 жылы бағдарламаның бағыттарына  - 1099,4 млн.теңге.

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге 17 жобаға  – 575, 1   млн.теңге, соның ішінде:

инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту – 16 жоба, 533, 586 млн.теңге - 199 орын;

Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 41,5 млн.теңге 30 орын.

Екінші бағыт - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құруға – 140 адамға  421,251 млн.теңге бөлінді.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге – 718,3 млн.теңге бөлінді.

оның ішінде:

кәсіптік даярлауды жалғастыруға  (Білім министрлігі есебінен)  - 1047 адам   306,5 млн теңге;

кәсіптік  даярлауды  жалғастыруға (2014 жылдан  ауыстыру)  1000 адам –300, 520 млн теңге;

әлеуметтік жұмыс орындары  (2014 жылдан жалғастыру) - 87 адам – 10,4 млн теңге;

әлеуметтік жұмыс орындары – 262 адам 39,211 млн теңге;

жастар тәжірибесі – 279 адам 59,6 млн теңге.               

қоныс аударуға субсидия (2014 жылдың желтоқсан айында қоныс аударған) 60 адам 14 отбасы - 2,1 млн.теңге;

Сонымен қатар:

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына – 2,148 млн теңге бөлінді.

Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыруға облыс бойынша 67 штаттық  бірлікке – 161,1 млн теңге қаралған.

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2015 жылдың 1 сәуіріне 47604 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 387,0 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді

- 999 адамға 8,4 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

- 7189 отбасына 137,1 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.

- 39416 балаға 241,5 млн.теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2015 жылдың 1 сәуіріне  26946 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2504, II топтағы - 11100, III топтағы - 9162, 18 жасқа дейінгі - 4080 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2015 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 256,4 млн.теңге бөлінді.

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдар және жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құралдарды қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне таратылды.

Мүгедектерге 2015 жылға санаторий-курорттық емделуге 998 жолдама қарастырылып, «Жаңақорған», «Денсаулық», «Taraz Recorst SPA» шипажайларына кестеге сәйкес кезең-кезеңімен 1143 мүгедектер санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.

Протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы 90,0 млн.теңге қарастырылып отыр.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 888 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1337 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2015 жылдың 1 қаңтарына 9256 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 12793 жеке оңалту бағдарламалары орындалды. 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 06-04-2018 16:50

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика