Новость:: 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы 45/106 қарары негізінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күні болып жарияланып, сонан бері елімізде жыл сайын атап өтілуде.

Облысымызда ардагерлерге деген ерекше оң көзқарас қалыптасқан. Аймақта бірде-бір саяси, экономикалық, мәдени-көпшілік, әлеуметтік, халықтық, мемлекеттік шаралар ар агерлердің қатысуынсыз өтпейді.

«Ардагерлер ұйымының Қызылорда облысы бойынша қоғамдық бірлестігі» 2008 жылдан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру жобасы бойынша жұмыс жасап келеді.

Облыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау және әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында ардагерлер мен зейнеткерлер арасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар тәрбиесіне мән беруге бағытталған мәдени, шығармашылық және спорттық бағытта көптеген іс-шаралар өткізіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында күндізгі стационар жағдайында 2 мыңнан аса зейнеткер қызмет алады. Аталған орталықтар негізінен зейнеткерлер мен мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсетуге және олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласын бюджет қаражаты есебінен 500 ардагер тамашалап қайтса, биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи жерлермен және «2019 жыл - Өзбекстандағы Қазақстан жылы» болуына орай Өзбекстан Республикасы қалаларының және Маңғыстау облысының тарихи және көрікті жерлерімен танысуға 200-ден астам ардагерлер барды.

Аудан орталықтарында ардагерлер үйі ашылып, жұмыс жасауда. Ардагерлер үйінде қарттардың бас қосып, жиын өткізулеріне, тынығып, шығармашылықпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған.

Облыста бірнеше жылдар бойы «Сыр мейірімі» жобасы жұмыс жасайды. Аптасына бес күн бойы түскі мезгілде бір ас мәзірі бойынша көмекке мұқтаж 220 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған балаларға әлеуметтік көмек ретінде күнделікті ыстық түскі асты беру ұйымдастырылып, қимыл – қозғалысында қиындығы бар азаматтардың үйіне тамақ жеткізіліп берілуде.

1 қазан күні облыс әкімі Қ.Ысқақов тыл, еңбек, ҰОС ардагерлері, көпбалалы аналар. Ұлы Отан соғысына қатысушыларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. «Гранд Плаза» мейрамханасында дайындалған мерекелік дастархан басында қарттарға сыйлықтар табысталды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 01-10-2019 17:52
Жаңартылған күні: 01-10-2019 17:13

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
2 + 7 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика