• Дата публикации: 01/10/2019 - 17:27
    Мазмұны:

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы 45/106 қарары негізінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күні болып жарияланып, сонан бері елімізде жыл сайын атап өтілуде.

    Облысымызда ардагерлерге деген ерекше оң көзқарас қалыптасқан. Аймақта бірде-бір саяси, экономикалық, мәдени-көпшілік, әлеуметтік, халықтық, мемлекеттік шаралар ар агерлердің қатысуынсыз өтпейді.

    «Ардагерлер ұйымының Қызылорда облысы бойынша қоғамдық бірлестігі» 2008 жылдан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру жобасы бойынша жұмыс жасап келеді.

    Облыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау және әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында ардагерлер мен зейнеткерлер арасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар тәрбиесіне мән беруге бағытталған мәдени, шығармашылық және спорттық бағытта көптеген іс-шаралар өткізіледі.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында күндізгі стационар жағдайында 2 мыңнан аса зейнеткер қызмет алады. Аталған орталықтар негізінен зейнеткерлер мен мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсетуге және олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған.

    «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласын бюджет қаражаты есебінен 500 ардагер тамашалап қайтса, биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи жерлермен және «2019 жыл - Өзбекстандағы Қазақстан жылы» болуына орай Өзбекстан Республикасы қалаларының және Маңғыстау облысының тарихи және көрікті жерлерімен танысуға 200-ден астам ардагерлер барды.

    Аудан орталықтарында ардагерлер үйі ашылып, жұмыс жасауда. Ардагерлер үйінде қарттардың бас қосып, жиын өткізулеріне, тынығып, шығармашылықпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған.

    Облыста бірнеше жылдар бойы «Сыр мейірімі» жобасы жұмыс жасайды. Аптасына бес күн бойы түскі мезгілде бір ас мәзірі бойынша көмекке мұқтаж 220 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған балаларға әлеуметтік көмек ретінде күнделікті ыстық түскі асты беру ұйымдастырылып, қимыл – қозғалысында қиындығы бар азаматтардың үйіне тамақ жеткізіліп берілуде.

    1 қазан күні облыс әкімі Қ.Ысқақов тыл, еңбек, ҰОС ардагерлері, көпбалалы аналар. Ұлы Отан соғысына қатысушыларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. «Гранд Плаза» мейрамханасында дайындалған мерекелік дастархан басында қарттарға сыйлықтар табысталды.

  • Дата публикации: 27/09/2019 - 16:59
    Мазмұны:

    2019 жылдың 27 қыркүйегінде Н. Бекежанов атындағы драма театрында Еңбек күніне арналған еңбек әулеттерінің VІ форумы болып өтті.

    Форумның мақсаты – жас ұрпаққа еңбек адамдарының қоғамда алар орны мен аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосар үлесінің зор екендігін түсіндіру.

    Форум аясында аймақтың еңбек әулеттерінің шеруі ұйымдастырылды. Еңбек әулеттерінің құрамына 95 жылдан бастап 600 жылға дейін еңбек өтілдері бар 8 отбасы кірді.

    Олардың ішінде теміржолшылар, ұстаздар, дәрігерлер, мәдениет, ауылшаруашылығы, малшаруашылығы, ішкі істер және уран өндіру саласының және өкілдері бар.

    Форумға қатысушылар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

    Денсаулық сақтау саласы бойынша - Қызылорда қаласынан Бодықовтар әулеті. Жалпы еңбек өтілі - 670 жыл. Бүгінгі таңда медицина саласын әр түрлі мамандық бойынша меңгерген әулеттің 28 мүшесі осы салада қызмет атқарып келеді.

    Білім саласы бойынша - Арал ауданынан Қонаровтар әулеті. Жалпы еңбек өтілі - 508 жыл. Әулет бойынша 17 адам осы салада қызмет атқарып, бала тәрбиесіне атсалысуда.

    Мәдениет саласы бойынша - Қармақшы ауданынан Смайыловтар әулеті. Жалпы еңбек өтілі - 75 жыл. Әулеттен 4 адам өңіріміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға сүбелі үлесін қосуда.

    Ішкі істер саласы бойынша - Сырдариялық Бексейтовтер әулеті. Жалпы еңбек өтілі - 40 жыл. Ел тыныштығын күзетіп, темірдей тәртіпке бас иген саланың қыр-сырын меңгерген сарбаздар қатарында осы отбасынан қазіргі таңда 4 адам жемісті қызмет атқарып келеді.

    Темір жол саласы бойынша – Қазалылық Орынбаевтар әулеті. Жалпы еңбек өтілі -145 жыл. Бұл әулеттің 6 адамы - теміржолшы.

    Өндіріс саласы бойынша – Шиелілік Нұрымбетовтер әулеті. Жалпы еңбек өтілі- 96 жыл. Әулеттің 8 адамы өндірістік сала бойынша қызмет атқаруда.

    Егін шаруашылығы саласы бойынша - Жалағаш ауданынан Дүйсенғазиевтер әулеті. Жалпы еңбек өтілі -147 жыл. Әулеттің 5 адамы - диханшы.

    Мал шаруашылығы бойынша - Шиелі ауданынан Байденовтер әулеті. Жалпы еңбек өтілі 50 жылды құрап отыр. Ата-кәсіпті ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру жолында әулеттің 3 адамы еңбек етуде.

    Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ ұйымдары арасында өткен «Еңбек жолы» байқауының «Үздік маман» номинациясымен №6 Қызылорда қалалық емханасының дәрігері Абсатова Гүлжан Төреханқызы, «Еңбек жолы» байқауының «Үздік тәлімгер» номинациясымен Арал қалалық №14 мектеп-лицейінің мұғалімі Қонарова Жанна Құспанғалиқызы марапатталды.

  • Дата публикации: 19/09/2019 - 11:54
    Мазмұны:

    «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында аймақ басшысы жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

    Кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан мүгедектікті, жәрдемақыны тағайындау, тегін дәрі-дәрмектер алу, өзге өңірлерге барып ем қабылдау үшін квота бөлу, жолда жүру жеңілдіктері, сондай-ақ, ғимараттарға, оның ішінде жаңадан салынатын ғимараттар мен тұрғын-үйлерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру секілді мәселелер көтеріліп, сұрақтарына жауаптарын алды.

    Жиында көтерілген өзекті мәселенің бірі - инватакси қызметі. Қазіргі таңда кресло мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін инватакси қызметін алушылар саны жылдан жылға көбейіп отыр. Соның салдарынан бөлінген қаржы көлемі де жетіспейді. Бұл орайда облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Және кездесуге келген азаматтарға өзінің ризашылығын білдіріп, осы жерде айтылған ұсыныс пікірлердің барлығы 2025 жылға дейінгі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жаңа Ұлттық жоспардың аясындағы жол картасында ескерілетіндігін атап өтті.

  • Дата публикации: 11/09/2019 - 15:58
    Мазмұны:

    11 қыркүйек күні Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Қалмақова Гаухар Амангелдіқызы азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.

    Қазақстан Республикасы Президенті өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөнінде уақтылы көмек көрсету бойынша 2019 жылғы 26 маусымда тиісті Жарлығыменшешім қабылдады.

     

    Жарлыққа сәйкес көмек алушылар:

    - көп балалы отбасылар,

    - асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар,

    - мүгедек балалары бар,18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар,

    - атаулы мемлекеттік əлеуметтік көмек алатындар. Бұл ретте айта кету керек, отбасындағы еңбекке жарамды адамдар жұмыспен қамтудың белсенді шараларынан бас тарқан жағдайда аталған көмек берілмейді. 

    - жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.

     

    Азаматтардың өз статусын анықтау үшін:

    - «Egov порталында статусты анықтау бойынша сервис ұйымдастырылды. Адам өзінің ЭЦҚ арқылы кіріп, порталға тіркеледі де, ЖСН-мен;

    - enbek.gov.kz министрілігінің сайты арқылы;

    - халыққа қызмет көрсету орталығында;

    - «111» бірыңғай нөмері арқылы жауап ала алады.

     

    Егер адам өзінің осы санатқа жататынын негіздей алса, онда тізім толықтырылатын болады.

    Ұлттық банкінің ақпаратына сәйкес осы статусқа сәйкес келгенмен мына санаттағы азаматтардың несие борыштары өтелмейді.

    - 2019 жылдың 1 шілдесіне несиесі болмағандар;

    - жалпы қарызы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден асатындар;

    - коллекторлық ұйымдарға аударылған несиелер.

     

  • Дата публикации: 06/09/2019 - 19:36
    Мазмұны:

    Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйегінде Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.

    Есепті кезеңге облыста 8721 жаңа жұмыс орындары құрылды.

    «Еңбек. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысушы ретінде 18722 адам енгізілді.

    Бағдарламаның бағыттары бойынша.

    Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету:

    - техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 1515 адам жолданды.

    -қысқа мерзімді оқуға 1067 адам жолданды. Бұл мақсатқа Ұлттық Қордан қосымша 4400 адамға 1,1 млрд.теңге бөлінді.

    Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

    - «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 825 адам  жолданды, оның 757 –і оқуды аяқтап, 141-і- шағын несие, 309-ы – мемлекеттік грант алды.

    - ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша 598 адамға шағын несие берілді, Қосымша 467 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды.

    - жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін 2662 адамға 1137,2 млн.теңге мемлекеттік грант бөлінді. 757 адамға грант беріліп өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды.

    Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 17295 адам қамтылды.

    Облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі Кешенді жоспар аясында 17429 адам жұмыспен қамтылды.

    1 сәуірден бастап 25658 отбасындағы 125160 адамға 10,4 млрд. теңгеге АӘК төленді.

    5886 отбасына 211,0 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы 8126 адамға 650,5 млн.теңгеге әлеуметтік төлем төленді.

    Жыл басынан 2906 отбасына 127 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді.

    Облыс әкімінің грантымен халықтың осал топтарынан шыққан, өңірге қажет мамандықтар бойынша 636 студент білім алуда.

    Облыста 29900 мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

    Бүгінгі күнге әлеуметтік оңалту шаралары 79,3 пайызға орындалды.

    Брифинг соңында Т.Дүйсебаев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

  • Дата публикации: 06/09/2019 - 19:19
    Мазмұны:

    2019 жылдың 3 қыркүйегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шараға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, қарасты мекемелер мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Департаменттің «Превенция және парасаттылық» басқармасының басшысы Ғалия Алимкулова мен «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов сөз сөйледі.

    Шара барысында облыс бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ашық бюджеттеуін қамтамасыз ету және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасы іске қосылғандығы баяндалды.

  • Дата публикации: 28/08/2019 - 15:14
    Аймағымызда «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру республикалық конкурсы өткізілуде
    Мазмұны:

    Үстіміздегі жылдың 27 тамыз – 15 қыркүйек аралығында әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік тәжірибені тарату мақсатында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру конкурсы өткізіледі.

      Конкурс 2 кезеңнен, тоғыз номинация:

    • «Үздік әлеуметтік қызметкер»
    • «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері»
    •  «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері»
    •  «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері»
    •  «Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы»
    •  «Үздік Медициналық әлеуметтік мекеме»
    •  «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым»
    •  «Медициналық-әлеуметтік экспертизаның үздік қызметкері»
    •  «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» бойынша өтеді.

      Конкурстың номинанттарын іріктеу қызмет салалары бойынша халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс жасап жүрген қызметкерлер арасында өткізіледі.

             Бірінші кезең (іріктеу) ағымдағы жылдың 15-ші тамыз 15- ші қыркүйек аралығындағы мерзімде өтеді.

             Екінші кезең (финал) ағымдағы жылдың 16 қыркүйек 10-шы қазан аралығындағы мерзімде өтеді.

    16 қыркүйек – 10 қазан аралығында 2 кезеңнің қорытындысымен іріктелген номинанттар бойынша Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздар іріктеледі.

    Республикада әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлерін марапаттау Астана қаласында 2019 жылдың қазан айының үшінші онкүндігінде өткізіледі.

             Ақпарат алу үшін байланыс телефоны – 26-20-32

  • Дата публикации: 12/08/2019 - 09:44
    ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
    Мазмұны:

    Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінде, мүгедектерге арналған оңалту орталығында және Талсуат кентіндегі №2 мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Ем алушылардың жағдайын көріп, жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

    Балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2012 жылы пайдалануға берілді. Мекемеде 219 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда 100 стационар, 50 жартылай стационар қарастырылған.

    Ем алушы балалар үшін барлық жағдай жасалған. Олардың арасында республикалық өнер, спорт саласы бойынша түрлі жарыстарға қатысып, топ жарып жүрген бүлдіршіндер бар. Аймақ басшысы балақайлардың толық ем алып, сауығуы үшін мекеме қызметкерлері аянбай еңбек етуі тиіс деп тапсырды.

    Ал, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығы 2012 жылы салынды, мекемеде 150 төсек-орын жартылай стационар және 171 қызметкер жұмыс істейді.

    Орталықта ем алушылар ғимарат ауласында спорт алаңын салу туралы өтініштерін білдірді. Қуанышбек Досмайылұлы спорт алаңын салу үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты. №2 мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2016 жылы жұмысын бастаған болатын. Мұнда 400 орынға арналған 380 стационар және 20 жартылай стационар жұмыс істеп тұр.

    Аймақ басшысы нысандардың жұмысына оң бағасын берді. Алайда, ғимараттардың аулаларын көгалдандыру жұмыстарына көңілі толмайтындығын жеткізді. Уақтылы сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, ағаш отырғызып, көгалдандыру шараларын дұрыстап жүргізу қажет екенін баса айтты.

  • Дата публикации: 30/07/2019 - 19:05
    БОРЫШ ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
    Мазмұны:

    1.Борыш жүктемесін азайтуға кімнің құқығы бар (2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша)?

    • көпбалалы отбасылар;
    • асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлемдер алатын отбасылар;
    • мүгедек балалары бар және 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар;
    • атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
    • жетім балалар;
    • ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, 29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

    Бұл ретте тұтынушылық қарыз шарттары бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс.

    2. Тұтынушылық кредиттерді өтеу механизмі қандай?

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған санаттарға сәйкес келетін азаматтардың тізімін қалыптастырады. Бұл тізім «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ға ұсынылады, ол Екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) және микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) өзара іс-қимыл жасай отырып, борышкерлер тізімін қалыптастырды, берешек соманы есептеп, ақпаратты Проблемалық несиелер қорына береді.

    Қор әрбір ЕДБ-мен және МҚҰ-мен 2019 жылғы 9 тамызға дейін берешекті өтеу туралы келісім жасайды.

    Сондай-ақ, аталған тізім негізінде Проблемалық кредиттер қоры өтінім қалыптастырып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қаржыландыру үшін ұсынады. Министрлік үш жұмыс күні ішінде қаражатты Қорға аударады.

    2019 жылғы 2 қыркүйекке дейін Қор банктер мен микроқаржы ұйымдарының шоттарына ақша аударып, азаматтардың қарыздарын 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін өтейді де, борышкерлерді берешектің өтелгені және берешек қалдығының мөлшері туралы хабардар етеді.

    ЕДБ және МҚҰ 2019 жылғы 9 қыркүйекке дейін қарыздар бойынша төлемдер графигін қайта қарауды жүзеге асырады және Қорға әрбір борышкер бойынша берешектің өтелгені және оның қарызы туралы ақпарат ұсынады.

    Қор 2019 жылғы 13 қыркүйекке дейін ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берешекті өтеудің жүзеге асырылғандығы туралы ақпаратпен қоса адамдардың тізімін ұсынады.

    3. Борыш жүктемесі азайтылған адамдардың санатына жататынымды қалай білуге болады?

    Борышкерлер тізімін қалыптастыру өтініш берушінің қатысуынсыз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатын болады.

    2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін берешекті өтеу жөніндегі ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласу немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады.

    Әлеуметтік статусты «электрондық үкімет» веб-порталындағы тиісті қызметті пайдалана отырып білуге болады. Қызмет 2019 жылғы 22 шілдеден бастап қолжетімді.

    4. Егер отбасының бір мүшесінде бірнеше қарыз болса, тұтынушылық кредитті өтеу шарттары қандай?

    Біріншіден, тұтынушылық қарыздардың барлық шарттары бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс.

    Екіншіден, бір қарыз алушыға қарыздың жалпы сомасының 300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтеледі.

    Мысалы, АӘК алатын отбасында отбасы мүшесінің  біреуіне ресімделген жалпы сомасы 2,5 миллион теңге мөлшерінде екі тұтынушылық кредиті бар. Бұл жағдайда екі кредит бойынша жалпы сомасы 300 мың теңгеге дейінгі берешек өтелетін болады.

    5. Егер отбасының бірнеше мүшесінде тұтынушылық кредиттер болған жағдайда қарыз қалай өтелетін болады?

    Егер отбасының бірнеше мүшесінде кредит болса, яғни қарыз шарттары әрқайсысына бөлек жасалса, онда берешекті өтеу әрбір қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады.

    Мысалы, егер отбасының екі мүшесіне екі кредит ресімделген болса, онда әрбір қарыз шарты бойынша олар 300 мың теңгеге дейін өтеуге құқылы. Яғни, берешекті өтеудің жалпы сомасы отбасының екі мүшесіне 600 мың теңгені құрайды.

    6. Тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеудің басымдықтары қандай?

    Кредиттік бюро негізгі борыш пен сыйақы бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын борышкерлерді және олардың қарыздары мен (немесе) микрокредиттерін айқындайды және мынадай басымдықтарды ескере отырып, төлеуге арналған тізімді қалыптастырады:

    - бірінші кезекте жылдық тиімді сыйақы мөлшері ең көп қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

    - екінші кезекте 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша ең көп берешегі бар қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

     - үшінші кезекте қарыз және (немесе) микрокредит шартын жасау мерзімі анағұрлым ерте қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі.

    7. Борыш жүктемесін азайту мерзімі қандай?

    Тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу процесін 2019 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

    8. Айыппұлдар мен өсімпұлдар кімге және қалай кешірілетін болады?

    ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдарға кешіру кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына жүргізіледі.

    ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес ЕДБ және МҚҰ берешекті кешіруді есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша (өсімпұлдар мен айыппұлдар) 2019 жылғы 30 шілдеге дейінгі мерзімде жүзеге асырады.

     

  • Дата публикации: 24/07/2019 - 12:24
    ОБЛЫС ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
    Мазмұны:

    23 шілде күні Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақов облыс ардагерлерімен кездесті.

    Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Облыс ардагерлері кездесу барысында ұсыныс-пікірлерін білдірді.

    Облыс әкімі ардагерлерге өзінің ризашылығын білдіріп, барлық ұсыныстардың назарда болатындығын жеткізді.

    «Ардагерлер ұйымының Қызылорда облысы бойынша қоғамдық бірлестігі» 2008 жылдан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жұмыс жасап келеді.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында күндізгі стационар жағдайында 2 мыңнан аса зейнеткерлер қызмет алады.

    Өңірден 500 ардагер «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалап қайтса, биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи жерлермен және «2019 жыл - Өзбекстандағы Қазақстан жылы» болуына орай Өзбекстан Республикасы қалаларының тарихи және көрікті жерлерімен танысуға 200-ден астам ардагерлер барады.

    Әр аудан орталықтарында ардагерлер үйі ашылып, жұмыс жасауда.

    Облыста бірнеше жылдар бойы «Сыр мейірімі» жобасы жұмыс жасайды. Жоба аясында 220 жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған балаларға әлеуметтік көмек ретінде күнделікті ыстық түскі асты беру ұйымдастырылып, қимыл - қозғалысында қиындығы бар азаматтардың үйіне тамақ жеткізіліп берілуде.

     

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика